Жаңалықтар

Карантин кезіндегі Құрбан айт мерекесін өткізудегі қағида

Жетісулықтар құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере алады.Бұлтуралыақпараттықалаңында«JETISÝMEDIA»ТалдықорғанөңірібойыншаҚМДБ бас имамыАрдақОразбаевхабарлады. Еліміздегіэпидемиологиялықжағдайдыескереотырып,құрбанайтмерекесіқарсаңындаҚазақстанмұсылмандарыдінибасқармасыqurban2020.kz.арнайысайтыніскеқосты Оларқылыәрбірниетбілдірушіқұрбандықшалурәсімінөткізугеөтінішбереалады. "ЕндіАлматыоблысыныңтұрғындарыдаөзборышынүйденшықпай-ақденсаулығынақауіптөндірмейорындауғамүмкіндігібар.Олүшінсізгесайтқакіріп, "құрбандықшалуқызметінетапсырысберу"ұяшығынбасуқажет,әріқарайөңірді,толықатын, телефоннөмірінкөрсетуқажет,соданкейінқұрбандықшалуүшінмалтаңдап,қажеттісоманытөлеугеболады", -дептүсіндірдіАрдақОразбаев. Бас Имамсондай-ақ,азаматтардыңрәсімгежекеқатысаалмайтынынатапөтті.Өйткені,сойып,еттібөлшектеуүшінарнайыбөлінгенорындақасапшыларадамдардыңтапсырыстарынорындайтынболады. Алтапсырысберушіфото -жәнебейнеесепсұрайалады.Олетмұқтаждарарасын...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2020

Үкім

Адамның жаратылыс мақсаты - Алла Тағаланы тереңнен танып, Оған тағзым етіп, құлшылық қылу. Оны тани отырып өзгелерге де таныту, олардың жүрегінде Құдай Тағалаға деген сүйіспеншілікті ояту. Задында, мұсылман үлкен ынта-ықыласпен Ол жайында өзгелерге айтқанда ғана Оны жүрегімен терең сезіне алады. Яғни, бір мұсылман өзге жанға Хақ Тағаланың барлығы мен бірлігін, асқан құдіреттілігін айта келіп, Оған тағзым етіп, сәждеге бас қойса, оның сол сәждесі бұрынғыдан мүлдем басқаға айналып, бойын әлдебір тылсым сезім билеп, ерекше ғажайып күйге бөленгенін байқайды. Ендеше, мұсылман Оны танығысы келсе, өзін ғана емес өзгелердің де бақытын ойлап, Хақтан бейхабар жандардың Онымен табысуына көңіл бөлуі қажет. Бұл да - мұсылманның негізгі міндеті. Кейбір мұсылман жандар «Өзгені қайтесің, Алла Тағалаға құлшылығыңды атқар да өзіңнің Жәннатқа баруыңды ойла! Басқаларға араласудан аулақ бол, олардың жүрегін исе Құдай ғана иманға иеді» деген сықылды өзімшіл пікірлер айтады. Иә, адамның жүрегіне...
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.07.2020

Көксу ауданында карантин және шектеу шаралары қатаңдалды

Көксу ауданының аумағында 25-26 шілде күндері коронавирус инфекциясының алдын-алу, таралуын болдырмау мақсатында аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәншүк Әжиеваның 22 шілдедегі №25 Қаулысы шықты. Қаулы 24 шілде сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді. • Аудан аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалады. • Спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клуб орталықтары жұмыс істемейді. • Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. • Отбасылық мерекелік шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру, тағы сол сияқты адам көп жиналатын өзге де шаралар) өткізуге тыйым салынады. • Аудан аумағында маска кию тәpтiбi сақталады. • Азық-түлік дүкендері, 200 ш/м көлемінен үлкен дүкендердің жұмысы сенбі-жексенбі күндері толықтай тоқтатылады. • Қоғамдық тамақтану обекътілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханал...
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ»

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық нұрына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен, жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? – «Мұны негізінен Қытай...
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3455 медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төледі

Алматы облысы медициналық сақтандыру қорынан COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3 455 медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төледі. Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Алматы облысынын Медициналық сақтандыру қорына 2,89 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 1,74 млрд астам теңге төледі. Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 1447 астам қызметкер алса, маусым айында олардың саны 3 455 адамға дейін өсті. Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстеме ақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 м...
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020

Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы 17,9 мың ПТР-зерттеулерді қаржыландырды

Алматы облысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 17,9 мың ПЦР-зерттеу жасалынған, 9 мың тест стационарларда және МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 8,9 мың тест жүргізілді. ПЦР-тестілеу облысымыздың адамдарына қолжетімді болу үшін Қор зертханасы бар 43 мекемемен келісім жасады. Облыста медициналық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы шілде айынан бастап 321 мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады. Мамандардың пікірінше, бұл тұрғындардын қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады. Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану ү...
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020

«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ»

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық шуағына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзіні­кін­дей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ қой деп есеп­теймін. Өйткені ізгі істер қа­шанда ізгілікке үндейді. Сауап­ты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен,жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? &...
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

ҚҰРҒАҚ ШӨПТІҢ ЖАНУЫН ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУ КЕРЕК

Көксу ауданының аумағында ауа-райының жылынуына байланысты, өрт сөндірушілер күн сайын ашық аумақтағы және саяжай қоғамдарындағы құрғақ шөптің жануын сөндіруге 3 рет шығуда, ал демалыс күндері бұл сан екі есеге артуда. Өкінішке орай, осындай жағдайлар жиі кездеседі: ауа-райы құрғақ әрі желді кезде кез келген сөндірілмеген темекі тұқылы табиғи апат көлеміне дейін тарауы мүмкін. Сондай-ақ осы кезеңде саяжай өрттері нағыз қайғыға айналады. Бағбандар мен саяжайлар өз мүліктерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті көңіл бөлмейді, сонымен қатар, көбінесе, бөтен мүлікке, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына, атап айтқанда, көршілеріне зиян келтіруге тәуекел етеді. Құрғақ шөптің жануы – басқарылмайтын процесс. Қатты жанып жатқан өртті тоқтату оңай емес. Көбінесе, шөп өрттерінен үйлер немесе тіпті тұтас қоныстар жанып кетеді. Шөптің өртенуінен өте қатты түтінденеді. Қоқыстың және басқа қалдықтардың жануы кезінде атмосфераға қор...
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.07.2020

Уақыт

Кез-келген адам уақыт өте келе босқа өткізген уақыты үшін өз ұжданы алдында ұялары сөзсіз. Баға жетпес қымбат уақытымызды немқұрайлылықпен жасайтын түкке тұрғысыз дүниелер үшін жұмсап жатқанымызды жақсы түсінеміз. Бірақ, өкінішке орай, ұзақ сонар уақытты «өлтірудің» ақыры бізді бұл дүниеде болсын, мәңгі дүниеде болсын не нәрсеге әкеліп соғатыны жөнінде бас қатырып жатқанымыз шамалы. Уақытты қалай бағалаймыз? Оны үнемдеуді қалай үйренеміз? Уақыттың қадірін қайтсек біле аламыз? Уақыт қайтып келмейді Әрбір шыққан деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Бос өткізіп алған уақытымызды, қайтара алмаймыз. Уақыт – Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметі, оны өз игілігімізге жаратамыз не болмаса зая кетіріп, өзімізге масыл етеміз, сол үшін де Алла алдында жауапқа тартыламыз. Алланың жаратқан пендесінің ең құнды байлығы — оның осы дүниедегі өлшеулі ғұмыры. Алланың кімге қанша уақыт ғұмыр бергенін ешкім де білмейді, дей тұрғанмен, осы өмірдің өзі Алла Тағаланың бізге...
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2020

«Жасыл елдіктер» алғашқы еңбек маусымын аяқтады

Көксу ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары алғашқы еңбек маусымын аяқтады. Маусым айының 1-нен бастап аудан орталығын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарын атқару ісіне жұмылдырылған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамындағы 67 жас бір ай бойына аянбай еңбек етті. Жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, пайдалы іспен айналысуға құлшыныс танытқан ынталы студенттер мен жоғары сынып оқушылары «Жасыл ел» құрамында еңбек етіп, бір жағынан өз туған өлкесінің көркеюіне атсалысса, екінші жағынан жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігіне ие болды. Әр ауылдық округте жігерлі жастар саябақтағы тал-теректерді суарып, ағаштардың түбін қопсытып, арам шөптерден тазартып, санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. - «Жасыл ел» еңбек жасағына келгеніме өте қуаныштымын. Себебі мұнда мен алғашқы рет еңбекке араласып, өзімді сынап көрдім. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, жұмыс істеп, табыс тауып,...
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.