Жаңалықтар
Табиғатты қорғау саласында 365 заң бұзушылық анықталған |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық нормативтік талаптардың сақталуы қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады. Ел аумағы бойынша экологиялық мәселелер шаш-етектен. Мұндай жағдаяттар Алматы облысында да кездеседі. Мәселен, облыстағы елді мекендеріндегі коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі, жерді қашықтықтан зондтау (Геопортал) жүйесі арқылы анықталған заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары бірінші орында тұр. Бұдан бөлек Панфилов уран кен орнының радиоактивті үйінділерін жою мәселесі де басты назарда. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде және Қапшағай қаласының Заречное ауылында кәріз жүйелері мен тазарту құрылғыларының апатты жағдайы эколог мамандарды алаңдатып отыр. Жоғарыда көрсетілген экологиялық мәселелер бойынша жергілікті атқар... |
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жүгі ауыр |
Саясат сахнасында тәуелсіз ел ретінде төбе көрсеткен Қзақстанда егемендік алған жылдардан бері екі президент елдің көшін бастағаны белгілі. Танымы терең халқымыз тағдыршешті саяси науқанда тарихи таңдауын жасап, жаңа Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлады. Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында ел іргесінде орнаған тыныштықты нығайтып, өркендеу мен өрлеу жолында тыңнан түрен салып, дамыған қоғам құруға бас-тайтынын айтты. Осы ойын жүзеге асыру мақсатында Қысм-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Бұл бастама түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң болады деп мәлімдеген еді. Президент әділдіктің үстемдік құруын талап еткен халықтың мәселелері шындыққа жанасатынын жоққа шығармай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы бағытта жұмыс істейтінін жария еткен болатын.Ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың салтанат құруы бұл –ілгері жылжудың алғышарты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің басты мис... |
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Болашақ өз қолыңда! |
«Party food» қоғамдық тамақтану орталығының ұйымдастыруымен « Өз өзіңді жаса!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға қаламыздағы Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі, Абай атындағы №1 білім ордасымен №9 мектептің 11 сынып оқушылары қатысты. Аталған семинардың басты мақсаты мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға қатысты кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады. Өмірдің жол айрығына келген бозбала мен бойжеткен үшін мамандық таңдау жауапты шаруа. Білігі мен білімін тоғыстыратын белгілі арнаны таппай жүрген қыз-жігіттерге тренингтің берері мол. Семинарды ұйымдастырушы компанияның жанынан құрылған «Бақыт » департаментінің психологтары Талдықорған қаласындағы «Party food» қоғамдық тамақтану орталығының бас ғимаратында жиналған жастармен кәдеге жарар құнды кеңестерімен бөлісті. Түрлі ойындар ойнату арқылы оқушылардың топпен жұмыс, ұйымдастыру қабілеттерін тексерді. Сонымен қатар, ойын ойнату арқылы ел тізгінін ұстар ж... |
Толығырақ... Оқылды: 254 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.02.2020 |
Шетелдік нөмірлермен автокөлікті уақытша тіркеу автокөлік иелерінің барлық мүліктік құқықтары мен мүдделерін ескереді |
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев атап өткендей, ЕАЭО елдерінде сатып алу-сату шарты бойынша жеке меншікке автокөлік сатып алған, бірақ Қазақстанда сенімхат бойынша басқарушылар автокөліктерді ЕАЭО елдерінде есептен алып тастауға және осы бір жолғы акцияны пайдалануға мүмкіндік бар , деп хабарлайды «Jetisy Media» ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған ХҚКО-на келіп, қажетті құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Бұл автомобильдерге арнайы түрдегі (сары түсті) және сериядағы (18 цифрмен) мемлекеттік нөмірлер беріледі, ал техникалық паспортқа аталған автокөлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. Мұндай автокөлікті ҚР ІІМ базасында тіркеу жол қозғалысы ережелерін бұзудан алдын алу, тежеуші фактор болып табылады. Мұндай автокөлік иелерін жедел сәйкестендіру оларға ЖҚЕ жазасыз бұзуға мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде ел жолдарындағы қауіпсіздікті арттырады, сондай-ақ жол-... |
Толығырақ... Оқылды: 249 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2020 |
ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе? |
Қазір ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе? ❗Бұл қызмет egov.kz электронды порталы және телеграм бот EgovKzBot2 арқылы қолжетімді. Ол үшін: ✅Еgov.kz электронды порталына кіріп немесе телеграм бот EgovKzBot2 арқылы «ХҚО-ға кезекті брондау» тетігін басыңыз; ✅өзіңізге ыңғайлы, жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз; ✅ЖСН нөмірін енгізіңіз; ✅«Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз; ✅Соңында кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келуі тиіс. ❗ХҚО-ға келгенде жеке куәлігіңіз бен бронь нөмірі бар талонды ұсыну жеткілікті. #менсияқтыжаса #цифрлыҚазақстан |
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2020 |
Үшінші тұлғаларға анықтамаларды онлайн қалай алуға болады |
Egov.kz порталынан Үшінші тұлғаларға анықтамаларды онлайн қалай алуға болады? ✅Өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мәліметтерді көруге рұқсат беру үшін мәліметтерді сұратушы тарап порталда авторизациядан өтіп немесе тіркеліп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек; ✅Сұрау жасатқан тарап сіздің ЖСН-ініңізді енгізуі қажет; ✅Берілген анықтамалар мен қызметтер ішінен «Мекенжай мәліметтерін сұрату» қызметін таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қоюы керек; |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020 |
Ішкі аудиттағы жаңа өзгерістер қандай? |
Алматы облысы бойынша ішкі Мемлекеттік аудит департаменті заңдағы жаңа өзгерістерге байланысты жиын өткізді. Негізгі өзгерістер 2020 жылдың қаңтар айының басынан 1-ақпан аралығында енгізілген. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жаңа ережелерге сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату 3-1 тарауға қатысты қосылды.Көтерілген мәселелердің бірі өтінімді қамтамасыз ету болды.Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бірнеше лот бойынша Мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа өтінімді қамтамасыз етуді жеке ұсынады. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамада бірқатар өзгерістер орын алды. Мәселен, Электронды дүкен. Бұдан былай ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бір ғана жерден тауарды алу тәсілі арқылы құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды тікелей сатып алу жолымен интернет-дүкендердің тауарларын санаттайтын және агрегаттайтын тауарлардың электрондық каталогы (электрондық... |
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020 |
Дін - қоғам айнасы |
Дін - ерекше қозғаушы фактор. Сол себепті де мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың барлық мәселелерінің оң шешім табуы өте маңызды. Аталған саладағы барлық түйіткілдер үш негізгі қағидатты: тепе-теңдікті, бейтараптықты және төзімділікті сақтай отырып шешіледі. Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлының айтуынша, бүгінгі күні облыста діни ахуал тұрақты. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 637 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 466 ҚМДБ ислам мешіттері, 52 православиелік ДПШ, 11 Рим-Католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы тіркелген. Қазіргі таңда еліміз бойынша 18 діни конфессия бар, соның 12-сі Алматы облысында өз жұмысын арттыруда. Сонымен қатар, облыста тіркелген 466 ислам мешіттерінде барлығы 573 имамқызмет атқарады. Оның ішінде: 282 бас имам, 96 наиб имам, 22 ұстаз, 11 азаншы, 162 молда бар... |
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020 |
ЕШ СЕБЕП ЖОҚ |
2020 жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ақпанның 20 бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Содан соң, тағы 10 күн тұрғылықты мекен-жайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болмақ. Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеде оқшауланады. Қазір біздің елдің шекара маңындағы саудагерлері, жүк көлік жүргізушілері, қайықшылар Қазақстанға оралуға ниетті. Олар елге қайтып оралғанда, қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуіміз тиіс. Сондықтан, құрметті тұрғындар! Қытай аумағына өтпес бұрын, елге оралғанда денсаулық жағдайыңызға қарамастан, 14 күн ауруханаға жатқызылып, медициналық бақылауда болатыңызды ұмытпаңыз. Ал, көліктер міндетті түрде залалсыздандырылады. Айта кету керек, Алматы облысында індетке қарсы күрес шаралары мықтап қолға алынған. Қытай аумағына жақын Алакөл, Ұйғыр, Панфилов ау... |
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020 |
«Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасы |
Толығырақ... Оқылды: 277 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.02.2020 |