Жаңалықтар

ТЖ кезінде салықтық рақымшылық жарияланды

Елімізде кеселдің кең таралуына байланысты мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізгені белгілі. Осы ретте Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті президент жарлығының аясында бір қатар жеңілдіктер енгізген. Шағын және орта бизнес өкілдері 20 - 31 наурыз аралығында салықтан босатылды. Сонымен қатар, Үкіметтің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысына сәйкес 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында қызмет атқаратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін "0" коэффициенті белгіленген. Және де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшінде жеңілдік қарастырылған. Ал, 27 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату мен әкелу үшін төленетін құн салығын 8% мөлшерлемесімен өтейді. Аталған тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген және 19 атаудан тұрады: Бірінші сортты бидай ұны, Бірінші сортты ұннан жасалған б...
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2020

Әлеуметтік төлем алудың қандай тәсілі бар?

Төтенше жағдай режиміне байланысты табысынан айрылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42500 теңге төленеді деп хабарланған болатын.Осыған байланысты әлеуметтік төлемдерін тағайындау ережелеріне өзгеріс орнады.Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде қызметі шектеліп , табысынан айрылған жағдайда ақысыз демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес жұмысшыларына , карантин кезінде ірі кәсіпкерлік субьетілерінің жалақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлерге, жалдамалы еңбек күшін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге , жеке ісімен айналысатын азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, ақысыз демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкелеріне берілетін болады. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке тағайындалғысы келіп жүрген азаматтар документтеріне мұқият болуын сұраймыз.Өйткені әрбір толтырылған тараулар өте маңызды болып келеді.Егерде қате кеткен жағдайда ақша азаматтардың карталарына түспей қалуы мүмкін-деп атап өтті Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтудыүйлестіру...
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.04.2020

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.
Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.04.2020

Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы баяндады

3 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Елбасы өңірде болып жатқан оң өзгерістерден хабардар екенін айтты. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды сұрап білді. Облыс басшысы дер кезінде қабылданған шаралар вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұнда жұмыстар «Nur Otan» партиясымен бірлесіп атқарылуда. Волонтерлар «Біз біргеміз» акциясының аясында аурудың алдын алуға елеулі үлес қосып келеді. Елбасы көктемгі дала жұмыстарының дайындығына ерекше тоқталды. Бұл ретте Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығы саласында көшбасшы аймақ екенін де еске салды. «Биылғы жылы 1 миллион гектарға жуық егіс алқабы игеріледі. Яғни өткен жылмен салыстырғанда алқап көлемі 5 мың гектарға ұлғайтылды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта к...
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2020

Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді

Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады. Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды. Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін. Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, бас...
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "ANTIKOR ORTALYǴY" АШЫЛДЫ

Талдықорған қаласында 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Open Space форматында жұмыс істейтін "ANTIKOR ORTALYǴY" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығы ашылды. "ANTIKOR ORTALYǴY"-ның ашылуы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың және Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Е. Мақажановтың қатысуымен өткізілді. Антикор орталығы – Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында салынған жаңа форматтағы және де барлық талаптарға сәйкес келетін фронт офис. Ескерту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтарды ашу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, Алматы облысының әк...
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2020

Үлкен қолдау болмақ

Бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесін тыңдап шықтым. Инфляцияның артуына байланысты ел Президенті зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға көбейтіп отыр. Мұндай қолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің қатары аз емес, ал бүгінгі Президент мәлімдемесі көмекке зәру жандарға үлкен қолдау береді. Айгүл Шаяхметова жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020

Ел еңсесі көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына бір қиын шақта жасаған мәлімдемесі ел еңсесін бір көтеріп тастады. Батпандап кірген індет барша қазақстандықтарға өте ауыр тиді. Осыған байланысты, көптеген жұмыс орындары тоқтап, кейбір қалалар карантинге жабылды. Бұл еліміз үшін үлкен бір сынақ деп білеміз. Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы осы ауыр кезеңде халыққа барынша сеп болып, бірнеше келелі істерге келісті тұжырымдама жасады. Атап айтсақ, жұмыссыз қалған жандарға ең төменгі жалақы төлеуді, азық-түлік алу мақсатында қаражат бөлуді,МӘМС жүйесін үш айға ұзартуды тапсырды. Осы мәлімдемедегі бізді ең бір қуантқаны- ауылшаруашылығымен айналысатын жандарға көрсетілетін қолдау. Мемлекет қаражатынан 75 млрд теңге және көктемгі егіс үшін үшін 100 млрд теңге бөлінбек. Оған қоса, жанармай бағасын төмендетуі қарапайым халық үшін қуанышты жаңалық болды. Осы шаралардың барлығы азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін жасалынып жатыр. Біздің Көксу ауданында ауылшаруашылығы қарқынды дамуда. Өз...
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020

Бірлік бар жерде тірлік бар

Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізілді. Карантинді енгізу халықтың денсаулығын қорғау және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шара болып табылады. Президент татулық пен тұтастықтың арқасында кез - келген қиындықтан шығуға болатынын айтты. Мұндай шара елімізде тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет қабылданып отыр. Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өкінішке орай, осы жағдай біздің елімізде де тіркелді. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауы үшін атсалысса, жеке гигиенаны сақтап, негізсіз көшеге шықпай, адам шоғырланып жатқан орындарға бармай барынша сабыр сақтап, темірдей тәртіпке бағынса, қауіпті вирустың таралуына жол бермейміз. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Осындай ауыр кезеңде мен барлықтар...
Толығырақ... Оқылды: 293 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020

Президент Үндеуі сарқандықтарға серпін берді

«Егін ексең-ебін тап, ебін тапсаң – жерін тап» деген қазақы тәмсіл бар. Бұл сөз Сарыарқаның сайын даласында, ащы терлерінің арқасында тәтті жемістерін көрген шаруашылық өкілдеріне қаратып айтылғандай. Жері құнарлы аймақ болса, ол – Алматы облысы. Бүгінде аргарлы аймаққа айналған өлке де агро өнеркәсіптің тасын өрге домалатқандар жетерлік. Оның барлығы мемлекеттің меншік иелеріне деген қолдауының арқасы. Күні кеше екінші мәрте халық алдына үндеумен шыққан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына аса басымдылық бергенін атап өтті. Қазынадан қыруар қаржы бөлгені тек жеке тұлғаның емес, тұтастай аумақтың ахуалын жақсарту үшін жасалған жақсылық деп қабылдау қажет. Мемлекет басышысының мәлімдемесі Жетісу жерінің айшығына айналған, сыры саусақпен санарлық жанға белгілі, шарушылық иелерінің төбесін көкке жеткізді десе артық емес. Оның ішінде фермерлер үшін жанар-жағармай бағасын 165 теңгеге төмендеткені аталған салаға ден қ...
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.