Жаңалықтар

Облыста жұмыссыздықпен күрес қарқынды

Елдегі соңғы жаңалықтарға байланысты 16 наурыздан бастап карантин қабылданған болатын. Алайда, мемлекеттік органдарда жаппай жұмыстан босату орын алып жатқан жоқ. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз -мәслихатында белгілі болды. Алматы облысында жыл басынан 103 азаматты жұмыстан қысқартқан. Бүгінгі таңда 103 адамның 23 і тұрақты жұмысқа орналасқан, қалған 71 адам жұмыссыздар қатарына қосылып, құзырлы мекемеде тіркелген. Бірақ та қызметтен қол үзген жандарға арнайы жәрдемақы тағайындалған. Қысқартуға ұшыраған адамдарға барынша көмек көрсетілуде. Жұмыссыздардың санын арттырмау үшін Алматы облысында жұмыс орындары біртіндеп ашылуда. Ағымдағы жылы жұмыссыз жүрген адамдарға 46 000 тұрақты және уақытша жұмыспен қамту қарастырылуда. «Жұмыссыздардың санын кемітуге бағытталған шараларды іске асыруда әлеуметтік серіктестік жөніндегі аймақтық комиссия, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің қолға алған іс- шара маңызды рөл атқарады. Осы комиссиялрд...
Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2020

"Демеу " психологиялық орталығы сын сағатта сынбауға шақырады

Талдықорган қаласында халықтың психологиялық денсаулығын жақсартуға арналған "Демеу " психологиялық түзету дамыту орталығы ашылған. Орталықта өз өміріне бейжәй қарамайтын әрбір жеке тұлға үшін психологиялық денсаулықты нығайту бойынша консультациялық және психотерапиялық көмек көрсетіледі. Онда жеке және топтық консультация, ата-аналарға консультация, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, тренингтер, семинарлар өткізіледі. Еріктілер жылына орай ауылды жерде тұратын көп балалы аналарға мамыр айында еліміздегі карантин аяқталғанда тегін консультация және диагностика жүргізетін боламыз,-деп атап өтті «Демеу » орталығының басшысы Мөлдір Болатқызы. Бүгінде жеке бастың мәселесіне қатысты психологтардың көмегіне жүгінетіндер жетерлік. Десе де, жаһанды жаулаған індет көпшіліктің көңіл – күйіне әсер етпей қоймайды. Осы орайда кәсіби мамандардың кеңесі керек. Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты психологиялық тұрғыдан айта к...
Толығырақ... Оқылды: 281 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020

Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқартуға кеңес берілді

Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқарту ұсынылды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік инспекторы Ерлан Ысмағұлов айтты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі. "Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында әкімдіктегілер барлық жұмыс берушіге қызметкерлерін үй жағдайында жұмыс істеу тәртібіне көшіруге кеңес береді. Ал қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмайтын жағдайда жұмыс күнін қысқартып немесе жұмыс аптасын қысқартуға кеңес беріледі", - деді Ысмағұлов онлайн-брифингте. Оның айтуынша, бұл жағдайда жалақы атқарылған жұмыс уақытына байланысты төленеді.
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020

ІРІ САУДА НЫСАНДАРЫ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Бірінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлер үшін теңгелік қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру көзделетін болады. Біріншіден, несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге ұлғаятын болады. Қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерг...
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020

ҮКІМЕТ КРЕДИТ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙТЫН БОЛДЫ

Бүгінгі Үкімет отырысында коронавирустың тарауына байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ⠀ Жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. ⠀ "ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады", - дейді Әбілқасымова. ⠀ Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың несие тарихын түзеуге мүмкіндігі болатынын айтты. ⠀ "Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50 пайы...
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020

Алматы облысында коронавирусқа шалдыққандар жоқ

Шеттен келген індеттің құрсауынан құтылуға жауаптылар барын салуда. Осы орайда барлық медициналық ұйымдарда сақтық шаралары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қауіп –қатер айтып келмесі анық. Осындай да састыратыны тағы бар. Жер жүзін жаулаған эпидемия халықтың сабырлығын сынаса, биліктің біліктілігін сын садағына ілетіні бар-ды. Қас-қағым сәтте қасымыздан табылған кеселдің жолын кесу үшін Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы қолдарынан келгенін істеп бағуда. Соған байланысты облыс аумағындағы барлық ауруханалар басшылықтың жіті бақылауында. 13 наурыздағы есепке жүгінсек, бүгінгі таңда облыс бойынша жұқпалы ауруға арналған 550 адамдық төсек-орын бар. Оның ішінде 237 балаларға, 313 ересек адамдарға лайықталған. Медициналық ұйымдарда қосымша жұқпалы ауруға 479, провизорлық 517 және 1161 карантиндік орындар ашылған. Ауру алқымыңнан алғанда ақ халаттылардың көмегі ауадай қажет емес пе? Еліміздің кей аймағында дәрігерлер тапшы болса, мұндай мәселе Ал...
Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2020

маңызды ақпарат

Төтенше жағдайлар кезінде Алматы облысындағы нысандар төмендегідей жұмыс істейтін болады: - ірі сауда, сауда-ойын сауық орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеулі уақыттарда жұмыс істейді (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерден басқалары); - азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары қалыпты режимде күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді; - киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі уақыттарда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді. Барлық сауда нысандарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар тұтақты ұйымдастырылады. Қоғамдық тамақтану орындарында, соның ішінде СОО-лардағы фуд-корттарда дезинфекция жасалатын болады; - азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу мен оның бағасын тұрақтандыру қамтамасыз етіледі; - қоғамдық көлік соңғы аялдамалық пункттерде жә...
Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2020

Алматы облысында «Жетісу идеологтарының» слеті өтті

Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының III слеті өтті. Алқалы отырысты Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық «Талдау және болжау» орталығы ұйымдастырды. Аталған шараға аймақтағы ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы шақырылған. Шақырту алған қонақтардың қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық келісімнің сақталуына атсалысып жүрген азаматтардың басын қосқан слетта Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы модератор қызметін атқарды. Жиын барысында билік басында жұмыс істеп жүрген тұлғалар сөз алды. Баяндамашылардың ішінде А...
Толығырақ... Оқылды: 223 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2020

Коронавирус

Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2020

ҒАСЫРЛАР ӨТСЕ ДЕ, БАБА РУХЫ ӨШПЕЙДІ

Биыл ауданымызға Ескелді би Жылкелдіұлының есімі берілгеніне 20 жыл толды. Кеңестік дәуірдің 1928 жылына дейін Қаратал, Көксу, Қоғалы, (Гавриловка) Қапал ауданының бірер елді мекендері Ескелді болысына біріктірілген болатын. Кейіннен ауданның орталығы Қарабұлақ кенті деп ауыстырылды. Сол тұста ауданымызды басқарған ел ағалары ауданымызға батыр бабамыздың есімін қайта қоюды жөн көреді. Олар Төле бидің қызы Ұланбикеден туылған Ескелді бидің тарихта алған салмақты орнын бағалап, Жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы елі үшін сіңірген еңбегін ескеріп, аудан жұртшылығымен ақылдасып, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа ұсыныс хат жолдап, баба есімінің ауданға қайта берілуін сұраған болатын. Елбасы бұл ұсынысты қолдап, 2000 жылдың 10 наурызында жарлық шығарып, ауданымызға Ескелді бидің есімін қайта берді. 1991 жылы Мәскеудегі ГКЧП-ның меншігімен Кеңес үкіметі ыдырап, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңес идеологиясы ыдырағаннан кейін, ел басқарған қөсем В.Лениннің ескерткіштері құлатылған к...
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.