Жаңалықтар
Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты |
2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Мемлекет басшысы бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек. «Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті». (ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңы 43-бабы 4-тармағы жә... |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2020 |
Балық ресурстары басты назарда |
"JETISÝ media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынғаны мәлім болды. Су асты тіршілік иелеріне залал келтірілген жағдайда, балық аулауды әдетке айналдырған тұлғаларға заң тұрғысында бір қатар шаралар қолданылатын болады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабына сәйкес уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін құқық бұзушы жеке тұлғаға10 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне 30 АЕК, орта бизнес өкілдеріне 50 АЕК және ірі бизнес иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. «Егер аталған қылмыс бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар екі есе мөлшерде айыппұл төлесе, бизнес субъектілерінің 10 - нан 50 АЕК-ке дейін қалталары жұқарады» - деп атап өтті Аян Бахиянов. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігіне сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею к... |
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2020 |
«eGov mobile» қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? ... |
Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне күндігіне жүздеген адамдар жүгінеді. Сансыз кезектер, сырғып жатқан сағаттар мұның барлығы бір ғана анықтаманы алуға кеткен уақыт өлшемі. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты. «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы арқылы есепсіз қағаздарды әп сәтте қолға түсіре аласыз. Еріктілер жылы аясында облыстың жастары «eGov mobile» жүйесін насихаттау, оның қолданушыларының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру үстінде. Алматы облысы, жастарға қызмет көрсету орталығы ХҚО қызметкерлерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Дәлірек айтсақ, аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын арнайы мамандармен семинар-тренинг өткізіледі. Халықты ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жастарға қызмет көрсету орталығында «Egov-сынып» ашылған. Мұндағы мақсат - Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Бүгінгі таңда ХҚО-да 634 мемлекеттік қы... |
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2020 |
Біртанов коронавирустан қорғану жолын айтты |
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жоқ екенін қайталап айтып, қарапайым кеңестерімен бөлісті, – деп хабарлайды « Jetisy Media», aikyn.kz –ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, елімізде инфекция диагнозы ешкімге қойылмаған. Бүгін Қазақстанда короновирус жоқ, мен оны тағы да қайталап айтамын. Ондай диагноз қойылған жоқ. Сондықтан, біз, әдеттегі вирустық инфекция сияқты, алдын-алу шараларын ұсынамыз: денсаулығыңызды күтіп, жеке гигиенаны ережелерін мұқият сақтау керек, өйткені инфекция ауа, сонымен қатар қол мен көздің шырышты қабықтары арқылы өтеді. Демек бет пен қолды сабындап жуу – қорғанудың ең тиімді тәсілі. Одан кейін сырқаттанып тұрған, қызуы көтерілген адамнан бойыңызды аулақ ұстаңыз, коронавирус инфекциясы тіркелген елдерге бармасаңыз – бұл сіздің ауырып қалмауыңыздың үлкен мүмкіндігі, – деді министр. Біртанов қазіргі уақытта жаңа инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін еске салды. Сондықтан біз науқас... |
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті |
Кездесу барысында 18 наурызда өтетін партияның Саяси кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды,- деп хабарлайды « Jetisy Media», Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап. Бюро отырысын ашқан Елбасы партия жұмысын жандандыру бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына оң баға берді. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев партияның өңірлердегі жұмысына назар аударды. – Партия басшылығы, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары жергілікті жерлерді аралауға тиіс, соның ішінде, шалғай аудандарға баруы керек. Адамдармен кездесіп, проблемаларды жан-жақты зерделеу, оларды шешу маңызды. Бұл мәселелердің барлығы өңірлік партия бағдарламаларында көрініс табуы қажет, – деді партия Төрағасы. Сонымен қатар, Бюро отырысында осы жылдың 30 наурызы мен 16 мамыры аралығында елдің барлық өңірлерінде жаңа фо... |
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |
Әр Қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны |
Ұлт болып ұйысып, ұлан ғайыр атыраптың иесі болған ел, азулы елдерді аузына қаратып отырған жайы бар. Тәртіпке бағынып еңбекті серік еткен халықтың қапыда қалып қоюына еш негіз жоқ. Алдыңғы қатарлы елдермен иық тірестіріп келе жатқан Қазақстанның бүгінгі жетістігі халқының атқарған есепсіз есіл еңбегінің арқасы. Ұлыларымыздың ұлы сөздеріне құлақ ассақ, «еңбегі аздың өнбегі аз» дейді. Шынын да, көктен тілегенің жерден табылсын десең тынымсыз тер төгу қажет. Онсыз болмас. Осы тұрғысында тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тәртіп пен еңбек сапасы - өте маңызды. Осы қарапайым ережелерсіз табысты әлеуметтік жаңғырту жайында айту қиын. Егер әр қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны болмаса, елдегі бар жақсыны арттыруға үлес қоспаса немесе оны бағаламаса, онда мемлекет қаншалықты халықтың әл-ауқатын арттыруға күш салса да ол өспейді», - деген еді. Мемлекет халқының бар жағдайын жасауға тырсықанымен, елде етек-жеңін жиып, білек сыбана еңбекке кіріспесе әл-а... |
Толығырақ... Оқылды: 241 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |
Этносаралық қатынас тұрақтылық кепілі |
Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады. Қазақстан Республикасы бабалардан қалған және жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтай отырып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкі... |
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |
Зайырлы мемлекеттегі рухани құндылықтарды қалыптастыру |
Жаһандану заманында әлем үшін басты мақсат – бейбіт өмір мен тұрақты дамудың тұғыры – қоғамдық келісім мен төзімділік мәдениеті екені күмәнсіз. Заманауи әлем қазіргі таңда экономикалық дағдарыс, қаржылық тұрақсыздық, әлеуметтік күйзеліс, саяси кеудемсоқтық келіп отыр. Дін және діни құндылықтар әлемдік саясатта мемлекеттер мен өркениеттерді диологқа жетелеуші қайнар көз ретінде қарастырылуда. Зайырлы мемлекетімізде дін қоғам арақатынасын, діни құндылықтардың қоғамдық өмір мен санадағы орнын зерделеу әрқашанда да өзекті болмақ. Дін күрделі қоғамдық сананың формасы және әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихымен бірге жасауда. Себебі дін адам мен азаматтың бостандығымен, құқығымен, дүниетанымымен және ұлттың мәдениетімен, құндылықтық ұстанымымен байланысты. Дін – әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың санасы мен мінез – құлықтарына ықпал етуші объективті фактор. Зайырлы қоғамда дін дүниетанымдық, реттеуші ұйыстырушы, мәдени – шығармашылық, рухани – ад... |
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.03.2020 |
БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ МЕРЕКЕСІ |
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шара өткен ғасырда қазақ жеріне қоныс аударылған жүздеген этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын аша түсуге арналды. Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын айтулы күнмен құттықтаған аудан әкімі Алмас Әділ жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді. - Бүгінгі салтанатты бас қосу өте зор маңызға ие.Ең бастысы Ұлыстың ұлы күні саналатын әз наурыз мейрамының бастауында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен Алғыс айту күні мерекесін мерекелеп отырғанымыз ұлттар достығының жарқын бейнесінің бір көрінісі. Бұл күн - Қазақстан халқы біздер үшін - сонау өткен қиын қыстау замандарда қазақ жеріне зорлықпен қоныс аударылған түрлі ұлт өкілдерінің басына түскен ауыртпашылықты бірге бөлі... |
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.03.2020 |
МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды |
Денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру еліміздің әр азаматына қатысы бар тың реформа болып табылады. Медициналық сақтандырудың аралас моделін таңдаған еліміз халықты медициналық қызметтердің жоғарғы сапасымен және денсаулық сақтау пакетімен қамтамасыз етеді. Осыған орай Алматы облысы бойынша МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 540 млн. теңге аударылған болатын. «Денсаулық сақтау саласына жаңа өзгеріс енгеннен кейін, аталған саланың бюджеті 1,5 есеге артып, 115,9 млрд. теңгені құрады. Ал, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру көлемі 36 млрд. теңгеден асып жығылады». - «2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 73 медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасады, оның ішінде 44 медициналық ұйым мемлекеттік меншік, 29-ы жеке меншікке тиесілі»,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕ... |
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.03.2020 |