Жаңалықтар
Алматы облысында коронавирус инфекциясы табылған жоқ |
Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл туралы «Jetisy` media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Жер жаһанды жайлаған індетке дүниежүзі бойынша 92 мың адам шалдыққан, оның 3200-і көз жұмған. Аталған ауыру анықталған мемлекеттердің қатарын күндігіне 5-6 ел толықтырып отыр. Соңғы екі айдың ішінде Алматы облысына шет елден 2970 адам келген. Оның 240-ы Қытай мемлекетінен оралса, қалғандары басқада елден келіп тұрақтағандар. Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қажыманұлының айтуынша, Қытай Халық Республикасынан елімізге ат басын бұрған барша азаматтарды коронтинге жабуға міндетті. Бүгінгі таңда Қытай елінен облысымызға тұрақтаған 73 адамды арнайы ауруханаға жатқызса, өзге келушілерде ауру симптомы анықталмағандықтан мендициниа қызметкерлерінің бақылауымен үйлеріне жіберілген. Әлемд... |
Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2020 |
Атымтай жомарт азаматтар көпбалы отбасына үй сыйлады |
Алматы облысы Талғар ауданының Панфилов ауылында бірнеше күн бұрын үйі өртеніп кеткен 7 балалы Шеңгелбаевтар отбасына тұрғын үйдің кілті берілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» BAQ.KZ – ке сілтеме жасап. Жеке меценаттар облыс әкімі Амандық Баталовтың кәсіпкерлерге жасаған үндеуіне үн қосып, өз қаражаттарына қиын жағдайда қалған отбасына Панфилов ауылынан аумағы 91 шаршы м. баспана сатып алып берді. Жалпы өткен жылдан бері Алматы облысында меценаттардың көмегімен 200-ден астам көп балалы отбасы үйлі болған - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі. Көп балалы отбасының жағдайына байланысты "Өркениет констракшн" ЖШС жедел үн қатып, 2 күн ішінде баспана алу мəселесін шешкен. Үйдің кілтін беру салтанатына Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пен серіктестік өкілдері және аудан жұртшылығы қатысты. Баспананың лентасын қию, шашу шашу рәсімдері атқарылған соң аудан əкімі Жолан Омаров сөз алып, кəсіпкерлерге жұртшылықтың атынан ризашылығын білді... |
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2020 |
Алматы облысында 49 379 жеке тұлға салықтық рақымшылыққа ілікті |
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жайлы «ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңының 57-1-бабына сәйкес, бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықтың шарапаты тиді. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде дербес шотта есепте тұрған берешек сомасын төлеген жағдайда ШОБ субъектілері және жеке тұлғалар салықтық рақымшылыққа ілінді. Алматы облысында кіші және орта бизнес бойынша салық рақымшылығына 9608 субьект қатысқан , олардың 2018 жылғы 1 қазандағы берешек сомасы қорытынды бойынша 5176,0 млн теңгені құрайды. Оның тек 532,1 млн. теңге берешегі төленді. Салық төлеушілердің келіп түскен көптеген сұраныстарына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық амнистияға жататын адамдардың шеңберін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген іс –шаралар нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарына салықтар бойынша берешегі 4 178 млн теңгені құраған... |
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2020 |
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері біртұтас ұлтты құрайды |
Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері біртұтас ұлтты құрайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Jetisy Media ақпараттық алаңы stan.kz сайтына сілтеме жасап. Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай қақтығыстарға қатысты пікір білдірді. «Ертең, 1 наурызда мен Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барамын. Кордай ауданында қазақтар мен дүнгендер тұратын ауылдардың тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Әрине, біз этносаралық қатынастар мәселесіне көзқарасымызды өгертуіміз керек», – деді Президент. Оның айтуынша, Қазақстан достық пен келісім ошағы болған және болып қала бермек. «Біздің ұранымыз – әртүрлілік бірлігі. Мұнда тұратын барлық ұлттар этникалық топтар біртұтас ұлт. Шетелде бізді қазақтар деп атайды, өйткені мемлекетіміздің атауында бұл сөз бар. Әрине, Қазақстанда тұратын әр этникалық топтың жеке басына қауіп төндіру болмауы тиіс. Олардың барлығы өз тілдерін о... |
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2020 |
Этнос аралық татулық дамудың негізгі кепілі |
Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады. Қазақстан Республикасы бабалардан қалған және жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтай отырып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкі... |
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2020 |
Дәулет Байделдінов бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы жөнінде: Барлық кемшіліктер жойылады |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы, профессор Дәулет Байделдінов «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Jetisy Media» ҚазАқпарат ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. «Мен спикерлерге айтқым келеді, сіздер қазір қолданып жүрген бір заң арқылы шешкіңіз келетін мәселелерді шешпейтінін жақсы түсінесіздер. Сондай-ақ, мен заң жобасы Парламентке ұсынылған кезде заңгерлер жан-жақты қарастыратынын айтқым келеді. Барлық ескертулер жойылады, өйткені жаңа заң жобасының 7-бабы, 20-бабы және басқа да баптар қолданыстағы заңмен реттелген», - деді Дәулет Байделдінов заң жобасының тұжырымдамасын Алматы тұрғындарымен талқылау кезінде. Сондай-ақ, ол заң жобасында митингілерден бас тарту үшін нормативтік дәлелді күшейту керектігін атап өтті. «Митингілерді өткізетін кезде ашық айту керек: қай жер... |
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2020 |
Халықтың көңілін көтерген - «Алекс» |
Қытымыр қыстың аязынан шаршаған жұртты белгісіз жан бір серпілтті. Талдықорған қаласының орталығында «Арыстан Патша» мультфильмнің басты кейіпкері «Алекс»-тің кейіпіне енген бейтаныс жан Облыс орталығының тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Өзге үшін бейтаныс кейіпте қалған жанның аты-жөні Таир Тойгулов. Ол орталық пен оған жақын көшелерде арнайы Алекстің киімін киіп, билеп көрген елдің назарын өзіне аудартып қоймай, халықты да ерекше әсерге бөледі. Осылайша ол, жаны мен тәні жауыраған жандарға аз да болса жылулық сыйлай алды. Талды қала тұрғындары бұндай мульт топтама кейіпкерлерін күнделікті көрмегендіктен таңданыстарының болғаны жүздерінен байқалды. Креативті идеяны жүзеге асырушы азамат адамдарды бір сәтке отбасылық, тұрмыстық мәселелердің құрсауынан алып шыққым келді дейді. «Мен адамдарды таңғалдыруды ұнатамын. Бұрын соңды болмаған заттарды жасағанды жаным сүйеді. Менің бұл мульт кейіпкеріне енуімнің себебі, соңғы уақытта адамдардың көң... |
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.02.2020 |
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ КЕЗДЕСУ |
Ақпан айының жиырма жетінші жұлдызында аудан орталығына «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Арыстанғали Сансызбаев келіп, аудан ахуалымен танысты. Алдыменен, «Уыз Май Іndustry» заводына атбасын бұрды. Завод басшысы Ербол Тоқтағұлов мұндағы жұмыс қарқынымен таныстырып, бірнеше қойманы аралады. Жымық және тағы да өзге өнімдердің дайындалу қарқынын да тамашалады. Артынша аудандық орталық емханаға барды. Ондағы жаңа бағдар бойынша жасалынып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Кейіннен «Nur Otan» партиясының ғимаратында жиын өткізді. Аталмыш жиынға аудан мәслихатының хатшысы Әлдибек Досымбеков, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясын қайта жаңғыру шеңберінде Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларының орындалу барысын, сондай-ақ, «Сенім.Диалог. Болашаққа нық қадам «N... |
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.02.2020 |
Текелі: Өрлеу жолындағы игі істер |
Жер әсемі Жетісудың қай өңірін алмасақта өзіндік ерекшелігі бар. Көркем табиғаты көздің жауын алатын шаһардың бірі Текелі қаласы. Талдықорған қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бұл қала күннен күнге көркейіп келеді. Ал, осы жеткен жетістікті ары қарай ұлғайту үшін қала басшысы Бахтияр Өнербаев бірқатар міндеттерді алға тартып отыр. Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Бахтияр Әлтайұлы өзі басшылық ететін қаланың тұрғындары мен қонақтарының назарына «Текелі қаласының он міндетін» ұсынды. Текелі қалшығын бес саусақтай білетін әкім мырзаның айтуынша, қала ішінде қоғамдық жерлерде, көшеде, аулада құқық бұзуышылықтар орын алады екен. Осыған орай аталған кемшіліктерд жою үшін он нақты міндетті қадап көрсетіп отыр. Олар мынандай: 1. Текелі – қауіпсіз қала! Мұндағы басты мақсат шаһардағы барлық қылмыс атаулының тамырына балта шабу. Ол үшін жауапты құзырлы органдармен бірлесе отырып кеселдің а... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.02.2020 |
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Жетісу өңіріне келді |
Өнер атаулының ішіндегі ең биігі – театр. Мәдениеттің ошағы саналған алтын орда ел руханиятына қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда бағыттары саналуан театрлар бар. Оның ішіндегі дарасы «Алатау» дәстүрлі өнер театры. 2016 жылы тамыз айының 18-ші жұлдызында Алматы қаласының 1000 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай театр есігін айқара ашты. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғимараты Алатау ауданы, Нұркент ықшам ауданында орналасқан. Театрда 724 орындық концерт залы, қосымша 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залы бар. Озық архитектуралық үлгідегі, заманауи технологиялармен жабдықталған нысан 2014 жылы Алматы қаласының индустриалды-экономикалық даму бағдарламасы негізінде бой көтерген. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Зейнешұлы болса, мәдени орданың бас режиссеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, белгілі актер Ерлан Біләл. Аталған... |
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.02.2020 |