Жаңалықтар
Ескелді ауданында 400 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жоспарлануда |
Алдағы 2020 жылы Ескелді ауданында жаңа ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оның бірі Бақтыбай ауылдық округінде 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылысы. Бұл туралы "Jetisy` media"КММ алаңында өткен брифингте Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков мәлім етті. Жаңа нысан ауылдық округтің 5 тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етеді, жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгеден астам. Ескелді ауданында 2800-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. "5251 адам 2818 шағын және орта бизнес нысандарында жұмыс істейді. 2019 жылы 14,9 миллиард теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 805 миллион теңгеге артық. Өсу қарқыны 105,7% құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 628 миллион теңге салық түсті, өсу қарқыны 101,6% құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін ШОБ субъектілерінен салық түсімін 680 миллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деді Рауан Рақымбеков. Бұдан басқа, "Ауыл-Е... |
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистер «Самғады» |
«Арқалағаны алтын, жегені жантақ». Бұл тілші қауымға қаратылып айтылатын сөз тіркесінің астарындағы ақиқаты қалам ұстаған қауымның бар ғұмырын айшықтап тұрғандай. Сансыз жылдары жұрттың жоғын түгендеумен өтетін журналистердің еңбегінің еленетін күні сирек. Ал, Алматы облысы аталған олқылықтың орнын толтырды. Ол жылсайын өтетін Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы. Тілшілер додасы «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттауды нысанаға алған. Тұлпардың тұяқтысы ғана шыдайтын аламан бәйгені ұйымдастырушылар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы. Жетісудың жауһарларын тізіп, жетістігін жазып, сара жолын саралайтын сұрмергендер ақпарат таратудан артта қалған емес. Тұшымды ойы, пайымды көзқарасы бар тілші қауымның тіршілігі елдің алдында өтіп жатыр. Халық қалаулыларына айналған сайыпқырандардың «Самғауы» заңдылық. Әдеттегідей, дәстүрден жаңылмай өткен байқауға жоғарыда с... |
Толығырақ... Оқылды: 332 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Сессия отырысы өтті |
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні аудан мәслихатының кезектен тыс 55-ші отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов, мәслихат депутаттары, мекеме бөлім басшылары қатысты. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР заңының 11 – бабына сәйкес, аудан мәслихатының кезектен тыс 55 – ші сессиясының күн тәртібі бойынша алты мәселе қаралды. Күн тәртібінде қаралған төрт мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмағамбетов сөз сөйледі. Бірінші мәселе, аудан мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Екінші мәселе, аудан мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу барысында 2019-202... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Ақсу ауданы: еңбек пен даму жолында |
Өтіп баражатқан жыл ақсулықтар үшін табысты болды. Өңірдің даму көрсеткіштерімен, атқарылған жұмыстың саны мен сапасына аудан әкімі Есім Сейілханұлы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында баяндады. Аудан экономикасының көтерілуіне сеп болатын бірден бір бағыт ол инвестиция тарту. Биылғы жылы Ақсу өңіріне 9 млрд. 295 млн. теңге инвестициялар тартылып, нәтижесінде 2,8 есеге өсу байқалады. Бюджеттік емес инвестициялардың үлесі 6 млрд. теңгені құраған. 2020 жылға 12,6 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Инвестиция тартылса тұрғындарғада шабағаты тиері сөзсіз. Аудан халқының хал-ақуалын назардан тыс қалдырмайтын басшы мырза аудан бойынша жеке меншік есебінен 6400 шаршы метр тұрғын үйлер салынуына ықпал жасап, халықтың көңілін тапқан жайы бар. «Жол азабын жүрген білер» дегендей, биылғы жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 10,4 шақырымы 617 млн. теңгеге орташа жөндеуден өткен. Осы қатарда Жансүгіров, Ойтоған ауылдарындағы күре жолдар жөндеуден өткен. Жалпы көл... |
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.12.2019 |
Ана бақыты-әлем бақыты |
Жамбыл ауданының тәртіп сақшылары, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарысен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту. Іс-шара барысында Ұзынағаш ауылының Абай Құнанбаев мен Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектептерінің 8- сынып оқушыларынан құралған «Полицияның жас көмекшілері» отбасылық құндылықтар туралы арнайы әзірленген көрініс қойып, бақыты балалық шақ, бақытты отбасы ұранымен мерекелік көнцертпен жалғастырылды. Акцияға аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп психологтары мен ата-аналар қатысты. Кездесу соңында Жамбыл АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы полиция капитаны Бота Болатқызы Оспанова, әйелдердің құқығын қорғау бойынша аудан аумағында қабылданып жатқан іс-шараларға тоқталып, зорлық-зомбылық құр... |
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.12.2019 |
Алматы облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11,2 млрд теңге көлемінде жарналар түсті |
2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 29 қарашасы аралығында Алматы облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлереден түскен аударымдар мен жарналардың жалпы көлемі 11,2 млрд теңгеден аса соманы құрады. Бұл қаражаттың 10,6 млрд-тай теңге (шамасы 94%) көлемі жұмыс берушілердің аударымдары, 0,6 млрд теңге (шамасы 6 %) көлемі – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары. Аймақтар кескінінде түскен жарналардың басым үлесі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан және Қарағанды облысынан түсуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен қаражат, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады, және болашақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған қызметтерге жұмсалады. Алматы облысы бойынша КЕАҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі |
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.12.2019 |
Алимент төле-міндетің |
Алимент төлемдерін өндіріп алу істері әлеуметтік аса маңызы бар істердің бірі болып табылады. Статистиқалық көрсеткіштерге сүйенсек Алматы облысында ағымдағы жылдың 10 айында алимент төлемдерін өндіру туралы 20 мың атқару құжаты орындауда болған, оның 3 мыңы өндіріп алушымен борышкердің арасында келісімге келуіне байланысты өндіріп алушыларға қайтарылған, 16 мыңнан астам алимент өндіру құжаттары орындалуда. Өкінішке орай оның ішінде бір 1 мыңға жуық істер бойынша борышкерлердің қарыздары 800 млн. тенге көлемінде құрайды, себебі айтылған борышкерлер мүлдем төлемейді немес төлем уақытын созады. - «Әділет органдарымен атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ететін орган ретінде, Әкімдікпен жергілікті мемелекеттік басқару орган ретінде және жеке сот орындаушыларының палатасымен жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін ұйымдастыру ұйым ретінде, ағымдағы жылдың 19 қарашасында Алименттерді өндіріп алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық... |
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2019 |
Экономика:Өрлеу. Даму. Өсу. |
Аграрлық секторда алдыңғы қатардағы өңірдің өткенге өкпесі жоқ, келер жылға жоспары көп. Атқарылған істі сараптап, болашақты бағамдаған Марат Мелісұлы «Jetisy media» алаңында қорытынды есеп берді. Әуел баста айтып өткен аграрлық салада 35 млрд. 706 млн. 300 мың теңгенің өнімін өндіру жоспарланса, 10 айда 38 млрд. 253 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі 63 млрд. 330 млн.700 мың теңгені құрап, жан басына шаққанда 1 млн. 764 мың 086 теңгеден айналды. Аудан басшысының сөзіне сәйкес, 2020 жылы ауылшаруашылық бойынша өндірілген өнім көлемі 42 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сөйтіп,аудан келер жылы бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізбек. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген сияқты, астықтың айналасында жүргеннің жағдайы жақсармаса, кері кетпейтіні ақиқат. Бұл тұрғысында да Сарқан ауданы жарап тұр. Бүгінгі күнге дәнді дақылдардың 54 212 гектарынан 137 494 тонна астық жиналып, орташа өнімділігі гек... |
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2019 |
Ауғандық жауынгерлер Қазақстандағы соғыс ардагерлері мәртебесін алады |
Еңбекмині әзірлеген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар талқыланды. Бұл Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкіметке және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленгенін атап өтті. Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді біріктіреді. Заң жобасының аясында: ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатын анықтау; Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жатқызу; басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің санаттарын кеңейту; интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльға қатысушыларын, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылады. Министрдің айтуынша, 5 әлеуметтік қорғалатын санаттағы ардагерлерге: Ұлы Отан соғысын... |
Толығырақ... Оқылды: 481 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Ауылшаруашылық күні аталып өтті |
Ауыл - алтын бесік болса, ауылшаруашылығы саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген мамандар шынымен құрметке лайық. Берекесі мен бірлігі біте қайнасқан еңселі ауылдың бүгінгі тірлігі де жарасымды. Бұл егін, мал шаруашылығын дамытып, туған жердің қамын көксеп жүрген азаматтардың арқасы екені талас тудырмайды. Осы мерекеге орай Көксулықтар сала қызметкерлерінің күнін бір кісідей тойлады. Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиын аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының құттықтау сөзімен ашылды. Шара барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып,үздіктер марапатталды. Олардың қатарында Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Құрмет грамотасымен "Ойшы" шаруа қожалығының басшысы Тимур Ойшынов мадақталды. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында,2018-2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім,мәдениет,өнер,әлеуметтану саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насих... |
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |