Жаңалықтар

Қазақ күресінің атауы өзгеретін болды

Қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты бірнеше ұсыныс түсті, олардың арасында "балуан күресі", "күрес", белдесу", "тік күрес", "бас күрес", "бәс күрес" деген атаулар бар Жыл соңына дейін қазақ күресінің атауы өзгереді. Осыған орай арнайы ғылыми топ құрылды. Негізгі мақсат – ұлттық спортымызды халықаралық дәрежеге көтеріп, Олимпиада бағдарламасына қосу. Ол үшін қазақ күресінің бейтарап бір атауы болуы қажет. Профессордың ұсынысы Қазақ күресі киімінің авторы, профессор Елемес Әлімханұлы қазақ күресінің халықаралық атауына атүсті қарауға болмайды деп отыр. Оның мағынасына терең үңіліп, ғылыми тұрғыда таңдаған жөн. Әйтпесе, бүгінде негізсіз ұсыныстар жоқ емес. "Енді, кез келген ұсыныстың нақты бір негізі болуы керек деп ойлаймын. Дәлелі де салмақты болған жөн. Мысалы, өткенде біреу "тік күрес" болсын депті. Ал сондай атау бола ма екен? Ондай ұсыныстарға дәлел келтіру керек", - дейді Әлімхан...
Толығырақ... Оқылды: 274 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.02.2020

Президент тағы бір жарлыққа қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған. Қаулының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралыАқорданыңбаспасөз қызметі хабарлады. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан республикасының қарулы күштері, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында қарулы күш...
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2020

Көксу ауданында Президенттің аттасы тұрады

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. Ал көксулық жас отбасы Нұрсұлтан мен Жұлдыз Досымбековтер дүниеге келген тұңғыштарының есімін азан шақырып, Президенттің құрметіне Қасым-Жомарт деп атаған. Отағасы тұңғышынабелгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып, ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктеп өседі дейді. Айтуынша, өзінің Нұрсұлтан деген есімін Елбасы құрметіне атаған екен. "Адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Сондықтан ұлыма есім таңдарда көп ойландым. Кішкентай Қасым-Жомартым биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін, - дейді нәрестенің әкесі. Періште сәби өскенде атына заты сай болсын дейміз.
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2020

«Стоп кражам»: В Коксукском районе все под контролем

В районе с начала года усилена работа по профилактике краж скота. Последние случаи зарегистрированы в Айнабулаке, Коксу и Балпыкском сельском округе. На сегодняшний день поймана группа барымтачей, которые на протяжение многого времени воровали КРС, лошадей и овец местных жителей. Об этом сообщил районный начальник отдела полиции, подполковник Рамиль Гимадиев. - Все мы знаем, что законы ужесточены. В конце 2019 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал закон, направленный на совершенствование уголовного законодательства. Теперь скотокрадство переведено в разряд особо тяжких преступлений в Казахстане. Перевод его в категорию тяжких преступлений исключает примирение. За совершение преступления в составе преступной группы и в особо крупных размерах усиливается наказание до 12 лет лишения свободы, - сказал Рамиль Гимадиев. В целях снижения преступности в районе на постоянной основе проводятся различные разъяснительные работы и профилактические мероприятия, таких как «Кража...
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Көксу ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аудан басшысының қатаң бақылауында. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары аясында 32 шақырым арық, 55 шақырым канал, 2500 мың текше метр қар елді мекендер аумағынан шығарылып, ауыл ішіндегі арық іші қоқыс, топырақтан ашылып, сонымен қатар 32 дана су өткізу құбырлары да тазаланды. Ауданда арнайы 25 техника мен 100-ге жуық адамнан шұғыл әрекет ету жасағы құрылған. Айта кетейік 2018 жылы Мұқыры және Көксу бекеттерінде елді мекен ішіне су кіріп, ауыл тұрғындарына алаңдаушылық туғызған болатын. Алайда өткен жылы облыс тарапынан қаражат бөлініп, өзен және канал арналарының сағасын кеңейту, түбін тереңдету, тазарту жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні өзен бойында тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылдануда. Сала мамандары өңірімізде су басу қауіпі жоқтығын айтып сендіріп отыр. Айгүл ЖЕТПІСБАЙҚЫЗЫ
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020

КИЕЛІ ОЙЫН – КӨКПАР

Адамзат тарихында жабайы жылқыны алғаш қолға үйретіп, алыс қашықтыққа мінетін көлік ретінде алғаш рет түркі жұрты жаратыпты. Қазір бұл жөнінде ғалымдар бірауыз пікірде. Ежелгі сақ қорғандары, грек, қытай, армян жазбаларында атқа алғаш мінген жауынгер халық туралы мәлімет көп. Жылқы туралы қазақ халқы «Мінсең көлік, ішсең ас, кисең киім» деп жатады. Жетіге толған қазақтың баласы жабағыға оңай бас білдірген. Қазақ халқы ас бергенде, той-томалақта көптеген ойынмен қатар көкпар тартады. Жалпы, көкпар сөзінің шығуына қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі. Қолөнершілер қайыс пен таспа тілгенде, басқа малдың емес, тап ешкінің ғана терісін жаратқан. Көкпар өнері Алтай мен Атыраудың арасында небір зұлматта да ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен жетіп отырды. Ата-баба аманаты бүгінде қайта түлеп, әлемдік деңгейге жол тартып барады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне де ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы м...
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: СПОРТ Уақыты: 11.02.2020

Қылмыстық топтар құрықталуда

Көксу ауданында мал ұрлығының алдын алу жұмыстары мен барымташылардың жолын кесу жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев хабарлады. Айтуынша жыл басынан Айнабұлақ, Көксу бекеттері мен Балпық ауылдық округінен қолды болған ірі-қара ұрлығы ашылған. Бүгінде бұл топтардың мүшелерін уақытша ұстау изоляторына қамап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. - Қылмыс санын азайту үшін заңдар қатайды. 2019 жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойды. Кей қылмыстарға жаза ауырлады, айыппұлдар өсті. Мал ұрлығына қатысты бөлек бап болады. Осы қылмыста “теріс қылық” пен “орташа ауыр қылмыс” деген анықтама болмайды. Ал жазасы күшейтіліп отыр»,-деді Рамиль Гимадиев. Аудан орталығындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Мал ұрлығы" «Пәтер ұрлығы» сияқты тағы бірнеше профилактикалық шарасының, кешенді полиция күштер...
Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР

« Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» демекші, бір аптаға дерлік уақытқа созылған округтер және аудан әкімінің 2019 жылды қорытындылаған есептік кездесулері өз деңгейінде өтті. Ендігі кезектегі аудан басшысы Әділ Алмас Қабдулұлының қорытынды есептік жиыны қаңтар айының 31-ші жұлдызында аудандық мәдениет үйінде өтті. Аталмыш кездесуге Алматы облысының мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбінов, облыстық мекемелер басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен ардагерлер ұйымы және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Алдыменен мінберге шыққан аудан әкімі өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып, биылғы жылдың жоспарын жеткізді. - Жылдан-жылға экономикасы дамып келе жатқан ауданымыздың негізгі саласы – ауылшаруашылығы. Жалпы, бұл сала бойынша 31710 гектар ауылшаруашылығы дақылдары себіліп, аудандағы басымды дақыл қант қызылшасының көлемі 100 гектарға артып, 2000 гектарды құрады. 2019 жылы мемлекет тарапынан 687 млн. теңге көлемінде субси...
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.02.2020

Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері тұрақты

2020 жылдың қаңтар айының басында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бекіткен Мемлекет басшысының тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және бағалар мен тарифтерді арттыруға және табиғи монополистердің қызметтеріне қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша Жол картасын бекітті. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Коммуналдық қызмет тарифтерінің жағдайы жұртты алаңдатары сөзсіз. Қалтаға салмақ салатын аталған қызмет түрінің құнының өсуі базыналы ел үшін басты мәселе болғалы қашан. Жыл санап өсіп келе жатқан баға бағамы коммуналдық қызметке әсер етеді ма? деген көптің сауалынына сала мамандары жауап берді. Экономиканың монополиялық секторын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімді жұмысы, инвестициялық тартымдылық, энергия үнемдеу, ресурстарды үнемдеу мәселелерін шешу, халықтың мүдделерін қорғау Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қ...
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.02.2020

«Қайырымдылық сөресі» рухани құлдырауға қарсы

«Мейірімділік толқыны» Талдықорған қаласында да жүзеге асты. «Қайырымдылық сөрелері» қаладағы азық-түлік дүкендеріне қойылды. Онда қамқор адамдар мұқтаж жандарға көмектесу үшін астық, нан немесе қант сынды басқада тағам түрлерін әкеліп қойған. Тегін өнімдер - зейнеткерлерге, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға көмектесу үшін беріледі. Бұл туралы «Jetisý media» ақпараттық алаңы «Огни Алатау» аймақтық саяси газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Қайырымдылық акселераторын» ұйымдастырушылар қала кәсіпкерлерімен бірге «Жетісу - адалдық аласы» жобалық кеңсесі. Аз уақыттың ішінде «SMALL» супермаркеттерінде, «Жетісу», «Жастар» және «Қаратал» ықшам аудандарында «қайырымдылық сөрелері» орнатылды. «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марлен Бурашев мұндай «қайырымдылық сөрелері» қазірдің өзінде елімізд...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.