Жаңалықтар

Хабарландыру

Достар, егер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтерді алу үшін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүріңіз
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019

«Нан бағасы өспейді»: Алматы облысының наубайханалары төмендетілген бағадағы ұнмен қамтамасыз етілді

Алматы облысында қалыпты нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 6 мың тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алды. Осыған дейін облыс әкімі Амандық Баталов нан бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын. «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ, аудан әкімдіктері мен наубайханалар арасында ұн жеткізу жөнінде агенттік келісім жасалды. Жақында «Жетісу» ӘКК мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе наубайхана мен дүкендердің басшыларымен кездесіп, бағаны ұстап тұру жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ұн «АзияАгроФуд» АҚ жергілікті кәсіпорнынан сатып алынды. Зауыт Алматы облысында қалыпты нан бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларға үнемі қатысып келеді. «Қазіргі таңда Алматы облысының аудандарының басым бөлігіне 500 тоннадан астам тонна ұн жібердік. Алдағы уақытт...
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019

Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

«Jetisy Media» алаңында «Қысқы кезеңде төтенше жағдайды алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Қысқы кезеңде пешті және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері 1267 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй секторында 791 өрт, шаруашылық объектілерінде 61 өрт шыққан. Өрттен келген шығынның жалпы сомасы 136 млн. 55 мың теңгені құрайды. Өртте 14 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған. Жыл басынан 173 улы газбен улану оқиғасы тіркелген. ТЖ ретінде есепке алынған улы газбен улану фактілері бойынша 55 адам жарақат алып, 19 адам қаза болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда жарақат алу саны 14-ке төменсе, адам өлімі 4-ке артқан. «От жағу маусымындағы орын алатын ыстан улануды азайту мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату...
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.11.2019

Құлақ неге шыңылдайды?

Құлақта шуыл не шыңыл пайда болуы дені сау кез келген адамда кездесуі мүмкін. Денедегі қан айналымының дауысы кейде құлаққа осылай естіледі. Егер құлағыңыз жиі шыңылдайтын болса, дәрігерге көріну қажет, себебі ол әлдебір аурудың белгісі болуы ғажап емес. Өз-өзіңізге диагноз қоймай тұрып, құлақ шыңылдауына себеп болар мына жайларды шолып өтіңіз: – Есту аймағында құлық жиналуы; – Қатты дыбыс шығатын жерде жүру; – Антидепрессант қабылдау; – Құлақтың қабынуы не бұлық; – Мойын ауруы; – Гипертония. Егер дәрігер айтарлықтай ауру белгісін айтпаса, бұл келеңсіздікпен өзіңіз күресе аласыз. – Ақ шуыл (белый шум) қосу, вентилятор не теледидар дауысын қоюға болады немесе интернеттен кез келген түрін тыңдаңыз. – Музыка қосып, өзіңізге терапия жасаңыз. – Ұйқыңызды жақсылап қандырыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 421 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019

Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жол ережесін бұзған жүргізушілер қандай да бір әкімшілік жазаға тартылады. Көлік айдау құқығынан айырылып қалуы да ғажап емес. Абайсызда жол апатына себепші болғандардың жазасы, тіптен, ауыр Жылдамдықты асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы 1-тармағына сәйкес, белгіленген жылдамдықты сағатына 10-нан -20 шақырымға дейін арттырғаны үшін 5 АЕК, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады. сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін – 10 АЕК немесе 25 250 теңге; сағатына 40 шақырымнан астам шамаға арттыру – 20 АЕК немесе 50 500 теңге. Әкімшілік жазадан кейін осы әрекеттер бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда 30 АЕК – 75 750 теңге айыппұл салынады. Қауіпсіздік белдігін тақпау Кодекстің 593-бабына сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпағандар 5 АЕК, яғни 12 625 теңге айыппұл төлейді. Егер бір жыл ішінде дәл осы ережені қайта бұзса, 10 АЕК – 25 250 теңге айыппұл қарастырылған. Бағдаршамның қызыл түсін елемеу...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.11.2019

Данияр Елеусінов 10 нокауты бар боксшымен жұдырықтасады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды, деп хабарладыProsports.kz. Boxrec.com порталының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген. Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген.
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қараша

Бүгін ең танымал мультипликациялық кейіпкер — Микки Маустың туған күні екенін білесіз бе? Ол 90 жасқа толды. Балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Микки Маус 1928 жылы 18 қарашада экранға шықты. Содан бері Микки Маус әлемдегі ең танымал мультипликациялық кейіпкер болып қалып отыр. Ол 120-дан астам мультфильмге түсіп, түрлі кейіпте кішкентай көрермендерін қуантты. Әрі Микки Маустың өзін ойлап тапқан адамға көп марапат әкелгені белгілі. 1932 жылы Уолт Дисней Микки Маус үшін Оскар алды. Бұдан бөлек, бұл мультфильм кейіпкерінің Голливудтегі Даңқ аллеясында 1978 жылы алған өз жұлдызы бар. Ал Ресейде бүгін Аяз ата күні атап өтіледі. Оның туған күні нақты қай уақытта ойлап табылғаны белгісіз. Бұрын 18 қараша күз бен қыс арасындағы өтпелі күн болып есептелген. Аяз атаның туған жері болып ресми түрде Устюг (Ресей қаласы) болып танылған. Сондықтан осы жерде мерекеге дайындық мұқият жүргізіледі. Бұл күні арнайы пошта жәшігі ашылады, оған кез келген адам құттықтау хатын салып, туған күн...
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019

АЛИМЕНТ

Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің бесінші бөлімімен реттеледі. Алимент дегеніміз - ол бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Атап айтқанда қаражат кәмелетке толмаған балаларға, қамқорлықсыз қалған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға, еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға және ерлі-зайыптыларға, жүктілігі кезеңінде және бала туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбына қамтамасыз етілу үшін арналған. Ата-аналардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, алимент сот тәртібімен өндіріп алынады, ол өз кезегінде сот орындаушының мойына түседі. Алиментті өндіру, оның ішінде балаларға арналғаны, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайды және әлеуметтік маңызы бар істердің бірі болып табылады. Статистикалық мәліметіне сүйенсек ағымдағы жылдың 9 айындағы есептік кезеңнің аяғындағы атқару құжаттарының қалдығы 16 мыңнан ас...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019

Хабарландыру

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады. Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі. Облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Ж.Әлімбеков
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019

"Egemen qazaqstan"-100: Дархан Қыдырәліге "Құрметті профессор" атағы берілді

Биыл - Ілияс Жансүгіровке 125 жыл. Сонымен бірге, құлагер ақын қалам сілтеген «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай Талдықорған қаласында «Музейдегі түн» жобасы аясында «Ілияс ізі: "Еңбекші қазақтан" – "Егемен Қазақстанға" дейін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шағын шаңырақтағы үлкен шараның тізгінін облыстық "Жетісу" газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев пен ақын Гүлбақыт Қасен ұстады. Мөлтек жиынға аймақтағы әдебиеті жанашырлары толықтай жиналып, Сарыарқадан сағынып келген Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен дидарласты. Келелі кешке мұрындық болған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев алдымен сөз алып, жиналған қауымға жүрек лебізін жеткізді. – Бұл әдеби кештің Ілияс Жансүгіров музейінде өтуінің өзінді...
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.