Жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА ТҮСКЕН ЖАРНАНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 214 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Оның 205,5 млрд теңгесі (95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, ал 8,9 млрд теңге (4,1%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Алматы облысы бойынша жарна көлемі 10,2 млрд теңгені құрады. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Жеңілдік берілген азаматтар қатарына төмендегі 15 санат кіреді: 1) балалар; 2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 3) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар; 4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар; 5)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; 6) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысыны...
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.10.2019

Бензиннің 1 литрі 200-220 теңгеге барады деп болжауға болады - сарапшы

Біз солай істеуге мәжбүр боламыз. Бұл - бағаны көрші елдегі бағамен кезең-кезеңімен теңестіру. Экономикалық шолушы Денис Кривошеев Үкіметтің бензин акциздері құнын екі есеге арттыруы нені білдіретін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Бүгін 2019 жылдың 1 желтоқсаннан бастап автомобиль жанармайы акцизінің құны жоғарылайтыны белгілі болды, сәйкесінше бір литр бензин акцизіне салынатын салық 10 теңгеге өседі. "Бензин бағасының төмен болуы компаниялардың мұнайды экспорттап, табыс табуына мүдделі қылып, соған итермелейді. Бизнес әрдайым пайда табуды көздейді, егер пайда жоқ болса, онда бұл процеске кірісудің мағынасы жоқ. Мемлекет жанаржағармай бағасын реттемегенімен, іс жүзінде зауыт қызметтерінің бағасын реттеу немесе экспорт көлемін шектеу арқылы оған белсенді араласып отырады. Бензин шынымен де бізде тым арзан, егер 2018 жылы бензин құны шамамен 185 теңге болады деп жазған болсам, қазір 1 литрі 200-210 теңге деп айтуға болады. Бұл шамамен 55 цент, бұл кез келген ел үшін белгі...
Толығырақ... Оқылды: 281 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019

Жігіт адам бір жеңіліспен жерге кіріп, бір жеңіспен аспанға шықпауы тиіс – Қанат Ислам

Алдағы 26 қазанда кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда бокс кешін өткізбек. Жерлесіміздің қарсыласы – намибиялық Уолтер Каутондоква. Реклама Қанаттың қарсыласы жайлы не білеміз? Уолтер Каутондоква – Намибия елінің азаматы, жасы 34-те. WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 9-орында тұр. Осыған дейін 18 жекпе-жек өткізген. Тек біреуінде жеңілген. Оның өзінде WBO нұсқасы бойынша орта салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулына талас кезінде америкалық Деметриус Андрадеден жеңілген. Бұл екеуінің кездесуі былтырғы жылы 20 қазанда өтті. Айтпақшы, осы екі боксшының андеркардында қазақстандық Данияр Елеусінов пен америкалық Мэтт Догерти жұдырықтасқан еді. Уолтер биылғы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутқа құлатқан. Бұл жекпе-жекте Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International титулы сарапқа салынады. Отандасымыз Қанат Ислам осыған дейін 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бірақ бұрынғы қарсыластарының басым бөлігі Уолт...
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2019

Білім және ғылым министрлігі қайта құрылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқарманың қайта ұйымдастырылатынын айтты. Білім және ғылым министрлігі қайта құрылады Министрдің мәлімдемесі Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Министрлік басшысы жоспарланған өзгерістердің себептері мен мақсаттарын түсіндірді. Оның айтуынша, өзгертулер бөлімнің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ішінара ішкі бизнес-процестерді құру, функциялардың қайталануын болдырмау, әр қызметкердің түсінікті және нақты функционалдығын анықтау, бөлімдердің жұмысына және олардың үйлесімді іс-әрекеттері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және т.б. жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандардың бәрін орындау үшін БҒМ мамандары түзетуді қажет ететін мәселелерді анықтай отырып, функционалды талдау жүргізді. «Мәселен, негізгі бөлімдердің жұмысындағы басты назар білім беру саясаты мен стратегиясын анықтауға емес, ағымдағы операциялық-экономикалық жұмыстарға аударылды. Негізгі мамандандырылған департаменттер: мектепке дейінгі және ор...
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019

Ұлттық банк 200 теңгелік тиын шығарады

Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы 200 теңгелік тиын шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қаржы реттегіштің басты мақсаты — қолма-қол ақшаны сапалы ету. "Құны төмен банкноталар 1-1,5 жыл аралығында тозып кетеді. Құны жоғары банкноталар мен тиындардың жарамдылық мерзімі ұзаққа жетеді. Тиындардың қызмет мерзімі — 10-15 жыл", — дейді қолма-қол ақша айналысы департаментінің басшысы Жомарт Қажымұратов. Құны төмен банкноталардың қызмет мерзімін ұзарту үшін 200 теңгелік тиын шығару туралы шешім қабылданды. 200 теңгелік тиындар ақша айналымының 26 пайызын құрайды. Қағаз 200 теңгелер қолданыстан шықпайды. Қажымұратовтың сөзінше, қағаз түріндегі бұл ақша қолданыстан бірте-бірте тозып кетуіне байланысты шығып кетеді.
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:18 қазан

Бүгін эспрессо күні атап өтіледі. Кейбір мамандардың айтуынша, шарап емес, эспрессо италиялықтардың нағыз сусыны болып есептеледі. Дегенмен, қазір бүкіл әлем кофені сүйсіне ішеді. Бұл мереке қалай тойланады? 18 қазанда кофесіз өмір сүре алмайтын елдерде мейрамханалар, дәмханалар, тіпті көшеде эспрессо тегін таратылады. Әрі бұл күні кофе дәнінің қымбат сортынан дәм татуға мүмкіндік бар. АҚШ-та жыл сайын 18 қазанда Аляска күні атап өтіледі. Мереке Ресей империясының құрамында болған бұл аумақтың Америка Құрама Штаттарына қосылуына арналған. Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мейрамы — Тәуелсіздік күні. Бұдан бөлек, 18 қазанда ерекше мереке – Күмән күні атап өтіледі.
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.10.2019

Алматы облысында «Сапалы жол» және «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» жобаларын іске асуда

Бұл туралы «Jetisy Media» коммуналдық мекемесінд өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы 26 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бірегей жобасының таныстырылымы өткен болатын. Қазіргі таңда осы жоба Алматы облысында іске қосылды. Сыбайлас жемқорлықты тек азаматтық қоғам институттарын тарта отырып жеңуге болады, өйткені бұл жеңісте азаматтық қоғамның қызығушылығы аса жоғары. Басқарудың төменгі деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлық тек азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерімен ығыстырылуы мүмкін. Интерактивтік карта - қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билігіне сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасынд...
Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қазан

Бүгін халықаралық кедейлікпен күрес күні. Мерекелердің қатарына қосуға келмейтін күндер бар. Десе де адамзат олар туралы білуі тиіс. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады. Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Оны кез келген адам атап өте алады. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңг...
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.10.2019

«100 жаңа есімге» кім лайық?

«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды. 2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. Жобаға қатысу критерилері: 1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; 2. Нақты бір саладағы жетістіктері болу...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қазан

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ассоциациясының бастамасымен 16 қазан халықаралық нан күні болып белгіленді. Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық наубайшылар ассоциациясы өкілдері ойлап тапқан идея 1979 жылы БҰҰ отырысында мақұлданды. Осылайша нан пісірушілердің өздерінің кәсіби мерекелері пайда болды. Орташа есеппен адам өмірінде 7 тонна нан мен 35 мың тоқаш жейді. Сол себепті "Ас атасы — нан" деген сөз бекер айтылмаса керек. Көптеген мемлекетте бұл күні адамдар киімдерін түрлі-түсті гүлдермен безендіріп, нан туралы жаңылтпаш айтып жарысады. Бұдан өзге 16 қазан күні әлем жұрты халықаралық дұрыс тамақтану күнін атап өтеді. Гиппократ бір кездері "Сіздің асыңыз дәріге, ал дәрі асыңызға айналсын!" деп айтқан-ды.
Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.