Жаңалықтар
Алматы облысында қысқы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр |
«Jetisy Media» алаңында «Қысқы кезеңде төтенше жағдайды алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Қысқы кезеңде пешті және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан бері 1267 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде тұрғын үй секторында 791 өрт, шаруашылық объектілерінде 61 өрт шыққан. Өрттен келген шығынның жалпы сомасы 136 млн. 55 мың теңгені құрайды. Өртте 14 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған. Жыл басынан 173 улы газбен улану оқиғасы тіркелген. ТЖ ретінде есепке алынған улы газбен улану фактілері бойынша 55 адам жарақат алып, 19 адам қаза болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда жарақат алу саны 14-ке төменсе, адам өлімі 4-ке артқан. «От жағу маусымындағы орын алатын ыстан улануды азайту мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату... |
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.11.2019 |
Құлақ неге шыңылдайды? |
Құлақта шуыл не шыңыл пайда болуы дені сау кез келген адамда кездесуі мүмкін. Денедегі қан айналымының дауысы кейде құлаққа осылай естіледі. Егер құлағыңыз жиі шыңылдайтын болса, дәрігерге көріну қажет, себебі ол әлдебір аурудың белгісі болуы ғажап емес. Өз-өзіңізге диагноз қоймай тұрып, құлақ шыңылдауына себеп болар мына жайларды шолып өтіңіз: – Есту аймағында құлық жиналуы; – Қатты дыбыс шығатын жерде жүру; – Антидепрессант қабылдау; – Құлақтың қабынуы не бұлық; – Мойын ауруы; – Гипертония. Егер дәрігер айтарлықтай ауру белгісін айтпаса, бұл келеңсіздікпен өзіңіз күресе аласыз. – Ақ шуыл (белый шум) қосу, вентилятор не теледидар дауысын қоюға болады немесе интернеттен кез келген түрін тыңдаңыз. – Музыка қосып, өзіңізге терапия жасаңыз. – Ұйқыңызды жақсылап қандырыңыз. |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019 |
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс? |
Қазақстан заңнамасына сәйкес, жол ережесін бұзған жүргізушілер қандай да бір әкімшілік жазаға тартылады. Көлік айдау құқығынан айырылып қалуы да ғажап емес. Абайсызда жол апатына себепші болғандардың жазасы, тіптен, ауыр Жылдамдықты асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы 1-тармағына сәйкес, белгіленген жылдамдықты сағатына 10-нан -20 шақырымға дейін арттырғаны үшін 5 АЕК, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады. сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін – 10 АЕК немесе 25 250 теңге; сағатына 40 шақырымнан астам шамаға арттыру – 20 АЕК немесе 50 500 теңге. Әкімшілік жазадан кейін осы әрекеттер бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда 30 АЕК – 75 750 теңге айыппұл салынады. Қауіпсіздік белдігін тақпау Кодекстің 593-бабына сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпағандар 5 АЕК, яғни 12 625 теңге айыппұл төлейді. Егер бір жыл ішінде дәл осы ережені қайта бұзса, 10 АЕК – 25 250 теңге айыппұл қарастырылған. Бағдаршамның қызыл түсін елемеу... |
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.11.2019 |
Данияр Елеусінов 10 нокауты бар боксшымен жұдырықтасады |
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды, деп хабарладыProsports.kz. Boxrec.com порталының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген. Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген. |
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.11.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қараша |
Бүгін ең танымал мультипликациялық кейіпкер — Микки Маустың туған күні екенін білесіз бе? Ол 90 жасқа толды. Балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Микки Маус 1928 жылы 18 қарашада экранға шықты. Содан бері Микки Маус әлемдегі ең танымал мультипликациялық кейіпкер болып қалып отыр. Ол 120-дан астам мультфильмге түсіп, түрлі кейіпте кішкентай көрермендерін қуантты. Әрі Микки Маустың өзін ойлап тапқан адамға көп марапат әкелгені белгілі. 1932 жылы Уолт Дисней Микки Маус үшін Оскар алды. Бұдан бөлек, бұл мультфильм кейіпкерінің Голливудтегі Даңқ аллеясында 1978 жылы алған өз жұлдызы бар. Ал Ресейде бүгін Аяз ата күні атап өтіледі. Оның туған күні нақты қай уақытта ойлап табылғаны белгісіз. Бұрын 18 қараша күз бен қыс арасындағы өтпелі күн болып есептелген. Аяз атаның туған жері болып ресми түрде Устюг (Ресей қаласы) болып танылған. Сондықтан осы жерде мерекеге дайындық мұқият жүргізіледі. Бұл күні арнайы пошта жәшігі ашылады, оған кез келген адам құттықтау хатын салып, туған күн... |
Толығырақ... Оқылды: 457 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019 |
АЛИМЕНТ |
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің бесінші бөлімімен реттеледі. Алимент дегеніміз - ол бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Атап айтқанда қаражат кәмелетке толмаған балаларға, қамқорлықсыз қалған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға, еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға және ерлі-зайыптыларға, жүктілігі кезеңінде және бала туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбына қамтамасыз етілу үшін арналған. Ата-аналардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, алимент сот тәртібімен өндіріп алынады, ол өз кезегінде сот орындаушының мойына түседі. Алиментті өндіру, оның ішінде балаларға арналғаны, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайды және әлеуметтік маңызы бар істердің бірі болып табылады. Статистикалық мәліметіне сүйенсек ағымдағы жылдың 9 айындағы есептік кезеңнің аяғындағы атқару құжаттарының қалдығы 16 мыңнан ас... |
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019 |
Хабарландыру |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады. Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі. Облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Ж.Әлімбеков |
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2019 |
"Egemen qazaqstan"-100: Дархан Қыдырәліге "Құрметті профессор" атағы берілді |
Биыл - Ілияс Жансүгіровке 125 жыл. Сонымен бірге, құлагер ақын қалам сілтеген «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай Талдықорған қаласында «Музейдегі түн» жобасы аясында «Ілияс ізі: "Еңбекші қазақтан" – "Егемен Қазақстанға" дейін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шағын шаңырақтағы үлкен шараның тізгінін облыстық "Жетісу" газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев пен ақын Гүлбақыт Қасен ұстады. Мөлтек жиынға аймақтағы әдебиеті жанашырлары толықтай жиналып, Сарыарқадан сағынып келген Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен дидарласты. Келелі кешке мұрындық болған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев алдымен сөз алып, жиналған қауымға жүрек лебізін жеткізді. – Бұл әдеби кештің Ілияс Жансүгіров музейінде өтуінің өзінді... |
Толығырақ... Оқылды: 372 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.11.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қараша |
14 қарашада Бүкіләлемдік диабеткке қарсы күрес күні аталып өтеді. Мереке инсулинді алғаш ашқан ғалымдардың бірі Фредерик Бартингтің туған күніне орайластырылған. Бартинг болмағанда, қант диабетіне шалдыққан адамдарға өмір сүру одан да қиынырақ болар ма еді. Өкінішке қарай, профилактикалық шараларға қарамастан дәрігерлердің жұмысы жылданн жылға азаяр емес. Негізі, диабеттің екі түрі кездеседі. Ал инсулин тек ең ауыр түріне ғана қажет. Екінші формасы анағұрлым жеңілірек. Диабеттің екінші түрімен ауыратын науқастарға спецификалық диета тағайындалады. Бұдан бөлек, бүгін Халықаралық логопед, Әлеуметтанушы және Эндокринолог күні. Сондай-ақ, бүгін – Сынған шамдар мерекесі. Мерекенің атауынан шошып қалмаңыз, бұл датаның вандализммен түк те байланысы жоқ. Тереңірек үңіліп қарасақ, бұл романтикалық мереке. Біз сізді көшеге шығып, біреудің мүлкін қират деп үгіттеуден аулақпыз. Ең дұрысы – түн қараңғысында өз ойыңызбен оңаша қалып, жалғыз аяқ жолмен серуендеген кезде жарықтың қан... |
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.11.2019 |
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ |
Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында суда жүзу спортынан жарыс өтті. Додаға 8 команда қатысты. Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс облыстық ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мұрындық болуымен өтті. Өңірімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жарысқа жоғары дайындықпен келген спортшылар жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 100 м қашықтықта 1-орынды Алмаз Нақыпбаев, 2-орынды Рустам Орсаев, 3-орынды Шынтас Нысаимов жеңіп алды. 25 м қашықтықта 1-орынды қалалық кірістер басқармасы, облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызмет... |
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019 |