Жаңалықтар

Елімізде қай дәрілер қымбаттап жатыр?

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша жазылатын барлық дәріні медсақтандыру аясында тегін бермек. Ал 2022 жылы бүкіл халық тегін дәрмекпен қамтылады Қазақстанда медициналық препараттар бір жылда 8%-ға қымбаттады. Бұндай статистиканыEnergyprom.kzмониторинг агенттігінің сарапшылары жариялады. Зерттеуге сәйкес, халық дәрі-дәрмектің шамамен 80%-ын өз ақшасына сатып алады, препараттардың үштен бірін ғана мемлекет есебінен алады. "Дәрілердің бағасы қымбаттап барады. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, баға 2018 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7% болған. Бағасы ең көп өскен – дәрумендер (бір жылда 11,4%), анальгетиктер (10,6%), корвалол мен антибиотиктер (9,3%)", - делінген ақпаратта. Бұған қоса, биылғы қаңтар-қыркүйекте дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 миллиард теңгеге, басқапрепараттар өндірісі 4,1 миллиард теңгеге жетті. Барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі...
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.11.2019

Ендігі қазақстандықтарға жеке куәлігін өзімен алып жүрмеуге болады

Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасындағы жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді болды. Компания мамандары қосымшадағы қосымша қызметтерді дайындады. Құжат Android және iOS платформаларындағы eGov mobile қолданушыларының барлығына қолжетімді. «Егер жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы өзіңізбен болмаса, оны электронды түрде көрсете аласыз. Ендігі, мысалы, нотариуста құжаттарды рәсімдегенде, eGov mobile қосымшасындағы электронды жеке куәлігіңізді көресетуге болады. Мұнан кейін сізге QR-код арқылы рұқсат беру қызметі ұсынылады. Осылайша, нотариус сіздің құжатыңыздың шынайы екеніне оңай көз жеткізе алады», - деп жазды компания өкілдері Facebook желісінде. Қосымшаны дайындаушылардың сөзінше, eGov mobile жұмыста, салық, елшілік және өзге де ведомстволарда көрсету үшін қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ЭЦҚ болуы және eGov порталындағы жеке кабинетте мобильдік телефон нөмірі тіркелген болуы қаже...
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қараша

Бүгін барша әлем халқы саксофон туған күнін атап өтіп жатыр. Осы күні саксофонды жасап шығарған Адольф Сакс дүниеге келген еді. Көптеген адам саксофонның арнайы джаз музыкасын ойнау үшін жасалғанын айтады. Саксофон— бұл адам дауысына ең жақын аспап. Саксофон үні мен адам дауысынан пайда болатын толқын өзара қатты ұқсайды. Бастапқыда саксофон тек әскери оркестрларда қолданылған. Кейін уақыт өте келе оны опералық және симфониялық оркестрге енгізе бастады. Көптеген танымал сазгер саксофонға арнап музыка жазатын болған. Мысалы, Клод Дебюсси саксофоны бар оркестрге арнап рапсодия жазған. Кейбір музыкашылар саксофонды "джаздың әміршісі" деп те атайды. Сондай-ақ, бүгін адамдар қолынан өлген жануарларды еске алатын күн. Жануарлардың жаппай қырылуының басты себебі— адамдар әрекеті. Адам баласы өзінің мүмкіндіктері мен сана-сезімінің бар екендігіне орай жануарларға қамқор болуы керек. Осыған қарамастан жыл сайын Жер фаунасынан көптеген Қызыл кітапқа енген жануар жойылып...
Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 06.11.2019

"Береке тілеймін": жапон елшісі жетісу өлкесіне келді

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухико Талдықорғандағы Қаратал ықшамауданында орналасқан, 2014 жылы Елдос Баялышбаев негізін қалаған «Асар» спорттық-сауықтыру орталығына келді. Оны облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов күтіп алды. Еңбеккер азамат Елдос Баялышбаевтың жобалары талай жерде мақұлданып, жүзеге асыру үшін арнайы гранттар ұтып алған. Жобаларының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу, олардың қоғамға қалыптасуына септігін тигізу. Еліміз егемендік алғаннан кейін жұмысын бастаған Жапонияның «Кусанонэ» адам қауіпсіздігін сақтауға арналған әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз көмек бағдарламасы талайдың жолын ашты. Бұл тізімде Елдос Баялышбаев та бар. Залдағы Польшадан, Ресейден келген жаттығу құралдарына дәл осы бағдарлама грантын ұтып алу арқылы қол жеткізді. «Кусанонэ» (біздің тілде «Шөп тамыры») бағдарламасы 1997 жылдан бастап 2018 жыл аралығында...
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.11.2019

Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс қашан басталады

2019-2020 оқу жылының екінші тоқсаны 30 желтоқсан күні аяқталады. Үшінші тоқсан 9 қаңтарда басталады Дүйсенбі күні елімізде оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Ол 30 желтоқсан күні аяқталады. Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп демалысының кестесін бекіткен болатын. Оған сәйкес, 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқып, 30 күн демалады. 1-сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олардың оқуы 33 апта болады. 2 және 11-сынып оқушыларының қысқы демалысы 30 желтоқсан мен 8 қаңтарға жоспарланған. Қосымша демалыс қосылғандықтан, 1-сынып оқушылары өзгелермен бірге 30 желтоқсан мен 8 қаңтар қаңтар аралығында демалады. Бұдан соң 3-9 ақпан аралығында тағы да демалыс алады. Көктемгі демалыс қашан басталады Оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурыз - 2 сәуір аралығына бекітіліп отыр. Төртінші тоқсан 3 сәуір басталады. Ең ұзақ, яғни жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады. Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн дем...
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 05.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қараша

Жыл сайын осы күні әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болатын сияқты. Себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіріп жатады. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз. Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді. Десе де, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Суреттерді телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре беруге болады. Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі— Останкино телемұнарасы. 2018 жылы ол өзінің 51-жылдығын атап өтіп жатыр. Осы архитектуралық ескерткіштің туған күні 5 қарашада. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 05.11.2019

Еріктілер – жақсылық жасауға жаралған жандар

2020 жыл – «Еріктілер жылы».Бұл туралы «Jetysu Media» алаңында өткен баспасөз-маслихаты барысында мәлім болды. Қазіргі таңда елімізде 287 әлеуметтік-еріктілер орталығы жұмыс істейді. Олардың ішінде 50 мың белсенді еріктілер қайырымдылықпен айналысуда. «2020 еріктілер жылы» қарсаңында Алматы облысындағы еріктілерді қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Еріктілер бастамасын дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын жолға қоюда. Жобаның мақсаты-бірыңғай еріктілер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру болып табылады. «Дос.кз» әлеуметтік еріктілер орталығының директоры Лариса Леонидовнаның айтуынша, республика бойынша 17 еріктілер орталығы жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер ұйымының жұмысын жадандыру үшін 17 грант бөлініп отыр. Грантты жеңіп алған жа...
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2019

Былғары қолғап шеберлері "Jetisy fit"- ке келді

Жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатын да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда басымдылық берген «ұлт денсаулығын нығайту» бағытында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен бокcтан шеберлік сабақтары өткізілді. «Тәні саудың, жаны сау» деген ұстанымды ұстанған Бүкілқазақстандық универсиаданың 2019 жылғы жүлдегерлері Нұржан Мақашбаев пен Алмас Құрманғалиев журналистер үйінің "Jetisy fit" фитнес залында мекеме қызметкерлерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараны «Jetisy Media» КММ ұйымдастырды. «Игі істің басына жақсы келер қасына» дегендей салауатты өмір салтын насихаттайтын шеберлік сабағынан ешкімде қалыс қалған жоқ. Шараға қатысушылар ой сергітіп, бой жазып, денелерін шынықтырыпта алды. Шеберлік сағатын өткізген спортшылар «сен тұр мен атайын» дейтін тепсе темір үзетін жігіттер. Қатарластарының өздеріндей шымыр болуын қалаған спортшылардың таңдаған жолында жеткен жеті...
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.11.2019

«Әрекет» жобасы аясында Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда

Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша бірден екі жоба басталды: олардың бірі-аутизмі бар балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру залы, екіншісі-есту қабілеті бұзылған студенттер жұмыс істейтін стоматологиялық ортопедия кабинеті, деп хабарлайды «Jetisy Media» КММ. Екі жоба да «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылатын «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында іске қосылды. Солардың бірі облыс орталығында алғаш рет ашылған стоматологиялық ортопедия кабинеті. Бұл жерде Талдықорған қаласының жоғары медициналық колледжінде оқитын есту қабілеті бұзылған студенттер тіс протездерін дайындайтын болады. «Есту қабілеті бұзылған адамдарға жұмысқа орналасу оңай емес, себебі жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдауға асықпайды. Өткен жылы Қазақстанда алғаш рет есту қабілеті бұзылған студенттерге арналған «стоматолог-ортопед» мамандығы ашылды. Осыдан медициналық колледждің түле...
Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2019

Енді мелекеттік қызметтерді алуда ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ

Ермек Құралбекұлы,1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмаса, оның орнын қандай құжат басады? Енді тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет емес пе? Азаматтар қай мекенжайда тіркелгенін қайдан біле алады? - Иә, Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болды. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп немесе медициналық ұйым азаматтардан мекенжай анықтамасын сұрата алмайды. Тіптіхалыққа қызмет көрсету орталығынан да, электронды үкімет порталынан да анықтамаалу мүмкіндігі болмайды. Енді қазақстандықтар мекенжай мәліметінтек egov.kz электронды үкімет порталы және eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.Ал осы анықтамаларды сұратушы мелекеттік органдар мекенжай тіркеуі туралы мәліметтіішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы өздері алатын болады. Жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік...
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.