Жаңалықтар

Жігіт адам бір жеңіліспен жерге кіріп, бір жеңіспен аспанға шықпауы тиіс – Қанат Ислам

Алдағы 26 қазанда кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда бокс кешін өткізбек. Жерлесіміздің қарсыласы – намибиялық Уолтер Каутондоква. Реклама Қанаттың қарсыласы жайлы не білеміз? Уолтер Каутондоква – Намибия елінің азаматы, жасы 34-те. WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 9-орында тұр. Осыған дейін 18 жекпе-жек өткізген. Тек біреуінде жеңілген. Оның өзінде WBO нұсқасы бойынша орта салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулына талас кезінде америкалық Деметриус Андрадеден жеңілген. Бұл екеуінің кездесуі былтырғы жылы 20 қазанда өтті. Айтпақшы, осы екі боксшының андеркардында қазақстандық Данияр Елеусінов пен америкалық Мэтт Догерти жұдырықтасқан еді. Уолтер биылғы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутқа құлатқан. Бұл жекпе-жекте Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International титулы сарапқа салынады. Отандасымыз Қанат Ислам осыған дейін 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бірақ бұрынғы қарсыластарының басым бөлігі Уолт...
Толығырақ... Оқылды: 412 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2019

Білім және ғылым министрлігі қайта құрылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқарманың қайта ұйымдастырылатынын айтты. Білім және ғылым министрлігі қайта құрылады Министрдің мәлімдемесі Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Министрлік басшысы жоспарланған өзгерістердің себептері мен мақсаттарын түсіндірді. Оның айтуынша, өзгертулер бөлімнің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ішінара ішкі бизнес-процестерді құру, функциялардың қайталануын болдырмау, әр қызметкердің түсінікті және нақты функционалдығын анықтау, бөлімдердің жұмысына және олардың үйлесімді іс-әрекеттері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және т.б. жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандардың бәрін орындау үшін БҒМ мамандары түзетуді қажет ететін мәселелерді анықтай отырып, функционалды талдау жүргізді. «Мәселен, негізгі бөлімдердің жұмысындағы басты назар білім беру саясаты мен стратегиясын анықтауға емес, ағымдағы операциялық-экономикалық жұмыстарға аударылды. Негізгі мамандандырылған департаменттер: мектепке дейінгі және ор...
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019

Ұлттық банк 200 теңгелік тиын шығарады

Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы 200 теңгелік тиын шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қаржы реттегіштің басты мақсаты — қолма-қол ақшаны сапалы ету. "Құны төмен банкноталар 1-1,5 жыл аралығында тозып кетеді. Құны жоғары банкноталар мен тиындардың жарамдылық мерзімі ұзаққа жетеді. Тиындардың қызмет мерзімі — 10-15 жыл", — дейді қолма-қол ақша айналысы департаментінің басшысы Жомарт Қажымұратов. Құны төмен банкноталардың қызмет мерзімін ұзарту үшін 200 теңгелік тиын шығару туралы шешім қабылданды. 200 теңгелік тиындар ақша айналымының 26 пайызын құрайды. Қағаз 200 теңгелер қолданыстан шықпайды. Қажымұратовтың сөзінше, қағаз түріндегі бұл ақша қолданыстан бірте-бірте тозып кетуіне байланысты шығып кетеді.
Толығырақ... Оқылды: 320 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:18 қазан

Бүгін эспрессо күні атап өтіледі. Кейбір мамандардың айтуынша, шарап емес, эспрессо италиялықтардың нағыз сусыны болып есептеледі. Дегенмен, қазір бүкіл әлем кофені сүйсіне ішеді. Бұл мереке қалай тойланады? 18 қазанда кофесіз өмір сүре алмайтын елдерде мейрамханалар, дәмханалар, тіпті көшеде эспрессо тегін таратылады. Әрі бұл күні кофе дәнінің қымбат сортынан дәм татуға мүмкіндік бар. АҚШ-та жыл сайын 18 қазанда Аляска күні атап өтіледі. Мереке Ресей империясының құрамында болған бұл аумақтың Америка Құрама Штаттарына қосылуына арналған. Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мейрамы — Тәуелсіздік күні. Бұдан бөлек, 18 қазанда ерекше мереке – Күмән күні атап өтіледі.
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.10.2019

Алматы облысында «Сапалы жол» және «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» жобаларын іске асуда

Бұл туралы «Jetisy Media» коммуналдық мекемесінд өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы 26 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бірегей жобасының таныстырылымы өткен болатын. Қазіргі таңда осы жоба Алматы облысында іске қосылды. Сыбайлас жемқорлықты тек азаматтық қоғам институттарын тарта отырып жеңуге болады, өйткені бұл жеңісте азаматтық қоғамның қызығушылығы аса жоғары. Басқарудың төменгі деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлық тек азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерімен ығыстырылуы мүмкін. Интерактивтік карта - қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билігіне сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасынд...
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қазан

Бүгін халықаралық кедейлікпен күрес күні. Мерекелердің қатарына қосуға келмейтін күндер бар. Десе де адамзат олар туралы білуі тиіс. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады. Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Оны кез келген адам атап өте алады. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңг...
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.10.2019

«100 жаңа есімге» кім лайық?

«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды. 2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. Жобаға қатысу критерилері: 1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; 2. Нақты бір саладағы жетістіктері болу...
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қазан

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ассоциациясының бастамасымен 16 қазан халықаралық нан күні болып белгіленді. Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық наубайшылар ассоциациясы өкілдері ойлап тапқан идея 1979 жылы БҰҰ отырысында мақұлданды. Осылайша нан пісірушілердің өздерінің кәсіби мерекелері пайда болды. Орташа есеппен адам өмірінде 7 тонна нан мен 35 мың тоқаш жейді. Сол себепті "Ас атасы — нан" деген сөз бекер айтылмаса керек. Көптеген мемлекетте бұл күні адамдар киімдерін түрлі-түсті гүлдермен безендіріп, нан туралы жаңылтпаш айтып жарысады. Бұдан өзге 16 қазан күні әлем жұрты халықаралық дұрыс тамақтану күнін атап өтеді. Гиппократ бір кездері "Сіздің асыңыз дәріге, ал дәрі асыңызға айналсын!" деп айтқан-ды.
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.10.2019

НУМЕРОЛОГИЯ: ТЕЛЕФОН НӨМІРІ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Телефон нөміріңіздің өміріңізге қалай әсер ететінін білгіңіз келе ме? Ендеше нөміріңіздің барлық санын бір біріне қосып шығыңыз. Мысал: 8 (777) 325-03-05. 8 +7 +7 + 7 + 3 + 2 + 5 + 0 + 3 + 0 + 5 = 47. Әрі қарай: 4 + 7 = 11; 1 + 1 = 2. Сонымен соңғы сан не айтады? 1 Бұл сан іскерлік келіссөздерге қолайлы. Көп еңбек ететін жандар ұстағаны абзал. 2 Бұл сан басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Мұндай адамдар дипломат келеді. 3 Бұл сан шығармашыл адамдардың саны. Өнер адамдары мен журналистердің ұстағаны абзал. 4 Бұл сан ашық адамдардың саны. Мұндай адамдар кез келген жағдайда көмекке дайын тұрады. 5 Бұл сан белсенді адамдардың саны. Мұндай адам ойын-сауықтың ортасында жүреді. 6 Бұл сан отбасылық махаббатты білдіреді. Мұндай адамдар отбасында бақытты әрі оны бірінші орынға қояды. 7 Мұндай саны бар адамдар үшін ішкі дүниесі аса маңызды. Олар жалғыздықты жақсы көреді. 8 Бұл сан қаржы және бизнес саласында жұмыс іс...
Толығырақ... Оқылды: 385 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 15.10.2019

Қол жууБүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қазан

Бүгін – Бүкіләлемдік қол жуу күні. Қол жуу-жумау әр адамның жеке шаруасы, оның тазалығы мен тәрбиесіне байланысты екені рас. Десек те, БҰҰ мен Дүнижүзілік денсаулық сақтау сарапшылары атап өткендей, қол жумау проблемасын әлемдік ауқымда қарастыратын болсақ, мұның салдары өте ауыр. Қолдың кірі арқылы тырысқақ, вирусты пневмония, гепатит, тұмау және ЖРВИ секілді қатерлі аурулардың қоздырғыштары адам ағзасына түседі. Азия мен Африкада балалардың басым бөлігі қолды жумай тамақ ішкеннен көз жұмады екен. ЮНИСЕФ ақпаратынша, күн сайын бес мың бала диареядан өледі. Себебі балалар тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейн қолдарын мүлде жумайтын көрінеді. 15 қазан, сондай-ақ, "Ақ таяқ" күні ретінде танымал. Бұл дата адамдарға қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар да өмір сүретінін еске салады. Ақ таяқтың пайда болу тарихы бар. 1921 жылы Бристольдің жас фотографы жазатайым оқиғадан кейін көру мүмкіндігінен айырылады. Алайда ер адам үмітін үзбейді, таяқтың көмегімен өз...
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 15.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.