Жаңалықтар
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЗ БІЛМЕГЕН ҚАСИЕТТЕРІ |
Қысқатолқынды пеш– қазіргі уақытта қыздарымыз бен келіндеріміздің таптырмас көмекшісі. Асығыс уақытта жылдам ас жылытуға (әсіресе таңғы асты) жақсы теника.Алайда, бұл пешіміздің басқа да ойламаған қасиеттері бар екенін білеміз бе? Мысалға айта кетсек, қабығы ашылмайтын бадам жаңғағын қайнап тұрған суға салып, пеште 30 секунд жылытысаңыз болды, ал түйе жаңғағын (грецкий орех) ыстық суға салып, микротолқынды пешке 4-5 минутқа қалдырыңыз. Сонда қабығы оңайлықпен ашылады.Қабығы қиындықпен ашылатын апельсин не грейпфрутті да суға салып, 30 секунд жылытып оңай аршуға болады. Цитрус жемістерінің шырыны ұнаса, жемісті бірнеше минут пеште қыздырсаңыз, шырынын оңайлықпен сығып ала аласыз.Тіпті қысқа дайындап көк-шөпті, көкөністерді, жаңғақтарды, нанды да кептірсе болады екен. Бәрі де сіздер үшін. Құлаққағыс болыңыз! |
Толығырақ... Оқылды: 496 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ЕЛ МАҚТАҒАН ЖІГІТТІ – ҚЫЗ ЖАҚТАҒАН |
Бойдақ болсаңыз, бойжеткен аруды қарату үшін төмендегі алты кеңеске үнемі назар аударыңыз. Отбасылық өмірде де оны жадыңыздан шығармаңыз. 1. Ешқашан сырыңызды бүкпесіз айтпаңыз. 2. Көп тыңдаңыз, аз сөйлеңіз. Өзіңізді мақтамаңыз. 3. Әйелге қандай жәрдем бере аласыз? Жауапты тап басып, ұмытылмастай етіп орындауға тырысыңыз. Ренжісіп қалсаңыз: “Мен саған сондай жақсылық жасап едім”, -деп міндетсімеңіз, әйелмен есептеспеңіз. 4. Әйелді таңқалдыруға тырысыңыз. Оның қандай гүлдерді, қандай тәттіні, қандай сәндік бұйымдарды, иіссуды жақсы көретінін біліп алыңыз. Әйел заты сараңдықты ұнатпайтыны жадыңызда болсын. Туған күнімен, мерекелермен құттықтауға айрықша көңіл бөліңіз. 5. Әйелге: “Қандай әдемісің, өзіңмен бірге болу қандай жақсы”, -деген сөздерді жиі айтып, аялауды ұмытпаңыз. Ауырып, жүдеп жүрсе де “Түрің қалай жаман болып кеткен”, деген сөздерді мүлде айтпаңыз, шашына, киіміне, бояуына мін тақпаңыз. Ешқашан өтірік сөйлемеңіз. Егерде сіз сүй... |
Толығырақ... Оқылды: 504 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ШАЙ ІШУ. ШАЙ ІШУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН БА? |
Шай ішу— көп адамдардың шөлін қандырып,бас ауруын да емдейді.Алайда, осы шай ішудің де ағзаға зияны көп.Шай ішкен кезде осы кеңестерге құлақ түрсеңіздер жақсы болар еді. 1.Аш қарынға шай ішкенде ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер зақымдануы мүмкін. 2.Шайды суып қалғанда ішуге болмайды.Суық шайдің кесірінен қақырық көбейеді. 3.Ащы шығарылып ішкен шай денсаулыққа зиян.Егер түнде ащы шай ішсеңіз,ұйқыңыз келмей басыңызды ауыртуы мүмкін. 4.Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шәй ішуші болмаңыз.Ол дәрінің күшін жойып жібереді. 5.Шайді тамақтың алдында немесе тамақтан кейін дереу ішуге болмайды.Тамақ пен шайдің арасы жиырма, отыз минуттай болуы тиіс. 6.Тұрып қалған шайді ішпеген жөн.Өйткені, шай демделіп, жиырма, отыз минуттан кейін құрамындағы заттармен қышқылдануды бастайтындықтан бұл кезде шайдің құрамындағы хош иісті заттар мен пайдалы құрамдас бөліктері жарамсыз болып қалады.Сондықтан қайта қайта демделген шайдің пайдасынан гөрі зияны көп. 7.Шайдің құрамындағы ад... |
Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
КӨЗДІҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ? |
Көру— адам баласына ең қажетті деген қасиеттердің бірі. Ол сізге мол білім мен жан-жағыңызды танып-білуіңізге көмектеседі, сондықтанда көз жанарын әрқашан күту керек. Бүгінде алыстан және жақыннан көру қабілеті нашар адамдарды көптеп кездестіріп жатамыз. Бірақ көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін бірқатар тәсілдер бар. 1. Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз. 2.20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз. 3.Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз. 4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңызда, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз. 5. Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.... |
Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚЫЗДАР КИІМІ. ШАЛБАРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС? |
Әйел затының киімдерінің бірі ол - шалбар .Оның түр- түрі бар.Алайда, бұл киімді дұрыс таңдамасаңыз, жараспай қалуы да ғажап емес.Шалбарды дұрыс таңдау үшін мына кеңестер артық болмас деген ойдамыз. Шалбардың балақ жағы кеңейтілген екі түрі бар.Тізеден бастап және саннан бастап кең тұрады.Алайда, бұл шалбар иығы кең адамдарға жарасады.Ал, орта жағы кеңейтілгенін яғни, банан шалбарды ұзын бойлы арық қыз келіншектер киіп, ал, толықша келген адамдар кеңейтілгенін шаровар деп аталатын шалбарды кисе болады.Себебі,шаровардың белі мен балағындағы артық енін резеңкемен жинақтап қояды.Ал, мұқият салынған қыры бар түзу ұзын классикалық шабар барлық нәзік жандыларға жарасады.Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.Сыбызғы шалбарлар-дене пішінін қайталайтын ұзын тар шалбарлар.Әйелдер және ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады. Шалбардың тік тігілгені дұрыс және тым қысып тұрмағаны да абзал.Тік сызығы бар классикалық шалбарлар с... |
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
БЕЛБЕУ. ЕСКІ БЕЛДІКТІ ТАСТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ |
Белбеу немесе белдік ер адамның, кейде әйел адамдардың сәндік бұйымына айналып жатады.Егер үйіңізде ескі белдіктердің түр-түрі болса оларды тастауға асықпаңыз.Белдіктерден өз қиялыңыздың шарықтау шегіне қарай түрлі әрі қызықты, сіз ойыңызға келмеген дүниелерді жасауға болады. Егер үйіңізде жуан белдіктер бар болса, одан перде жинағыш жасаңыз.Пердені моншақты әшекеймен жинау бір басқа да, белдікпен бүріп қою да үйіңізге ерекше сән мен үйлесім берері сөзсз. Сондай ақ, дастарханға қоятын майлықты да сәндеп жинап қойсаңыз болады. Кітап қоятын сөрені де белдіктен жасауға болады.Ол үшін кітапты қоятын ыңғайлы жерді таңдап алу керек.Қажетінше ескі белдікті бір біріне жалғап үйлесімін тапсаңыз болғаны. Үйдегі жиһаздардың тұтқасы әдетте ең бірінші істен шығатын бөлшек.Есесіне арнайы сатып алудан бұрын былғары белдіктен бірыңғай сәнді тұтқалар жасауға болады.Былғары белдіктің түсі жиһазыңызбен өте сәйкес келеді. Егер үйіңізде гүл отырғызылған гүлсауытыңыз қарапайым бөтел... |
Толығырақ... Оқылды: 511 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚЫНАМЕНДЕ |
Қазақтың көне дәстүрлерінің бірі қынаменде туралы түрлі мағлұмат бар. Бірінде қынаменде - ұлттық ойын-сауық кеші. Күйеу жігіт қалыңдық отауына немесе қыз жеңгесінің үйіне жолдастарымен алғаш келген күні өтеді, шығыста Қынаменде кеші күйеу қалыңдықпен кездескен күннің ертеңінде де өткізіледі. Қынаменде кешіне қатысушы қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп, тырнақтарын бояйтын болған делінеді. Енді бірінде құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады делінген. Бұл дәстүрдің ең басты мақсаты екі ауылды жақын қылу, достық орнату, дала халқына тән әзіл-оспақ, көрген жұртты күлдіретін театрландырылған юмордың бір түрі сияқты болған екен |
Толығырақ... Оқылды: 686 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚАЗАН ШЕГЕЛЕУ ДӘСТҮРІ |
Қазақ халқы ежелден-ақ қонақжайлығымен ерекшеленген. Тарихқа үңілсек, ұлттың бұл қасиеті көптеген ғасыр бойы қалыптасқан. Бұл халқымыздың кеңпейілдігін, адамгершілігін және адамдардың бір-бірімен өзара сыйластығын көрсетеді. Қазақта қонақ күтуге қатысты көне дәстүрлердің бірі қазан шегелеу деп аталады екен. Яғни бір-бірінің үйіне барғанда "осы үйдің қазанын шегелей келдік" деген. Осылайша, қонақжай халық бір-бірін күтіп, келген қонаққа дастарқан жайған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Археология және этнология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Ибадуллаева Зылиха Өмірбекқызының айтуы бойынша: «"Қазан шегелеу дәстүрі - құрбы-құрдастар, тамырлар, абысын-ажын арасында өтетін салт-дәстүрдің бірі. Бұл бір жағынан қазақ қоғамындағы қонақжайлықты білдіретін ұғым. Себебі қазан шегелеу дәстүрінде, яғни құдайы қонақ болып келген кісіге ас, тағам беріп, сый-сыяпатпен шығарып салу дәстүрі жатыр", - дейді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек... |
Толығырақ... Оқылды: 668 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
БАЙҒАЗЫ |
Байғазы – жасөспірім балалар жаңа киім кигенде орындалатын салт. Яғни, балалардың үлкендер тарапынан алатын сыйы. Аяғын басып ауыл үйлерін еркін аралауға жарап қалған бүлдіршіндерді жаңа киім киген күні «байғазыңды алып қайт» деп көрші-көлемнің, бірге отырған туыс-туаған, жақындарының үйіне жүгіртіп жібереді. Алақайлап қуанған бала ол үйлерге барып жаңа киімінің жарастығын көрсетеді. Балалар өздерінің неге келгенін: Киімімді көріңіз, Етегіме төгіңіз. Барар жерім әлі көп, Байғазымды беріңіз! – деген секілді тақпақ арқылы білтіреді. Ондайда үй ішінде үлкендер отырса баланың бас-аяғына түгел қарап шығып «тууу, недеген әйбәт жарасқан!», «күтіп ки», «құп жарасқан екен!» деген сияқты жақсы лебіздер білдіреді. Сонымен бірге баланың жаңа киіміне байғазы ретінде қолда бар теңге, тана, маржандар тағып береді.Ол бір жағынан қолдан тіккен киімге әсемдік берсе, енді бір жағынан кем жерлерін толықтау мақсатында қадалады. Өйткені, көшпел... |
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
Кемпір өлді |
Қазақ халқында бұрынға заманнан қазіргі уақытқа дейін сақталған дәстүрлер өте көп. Сақталған дәстүрлердің ішіне «үйлену той», «беташар», «қыз ұзату» «той», «шілдехана», «көкпар», «тұсаукесер», «сүндет той» және де т.б дәстүрлер кіреді. Және біздің халықта сақталған, бірақ ұмытылып бара жатқан дәстүрлер бар. Ол дәстүрглерге «құрсақ той» және «ат тергеу» дәстүрлерін қосса болады. Өкінішке орай мүлдем сақталмай қалған дәстүрлер де бар. Сақталмай қалған дәстүрлердің ішіне «кемпір өлді» деген дәстүр кіреді. Үйленердің алдында жігіт бір қызды алу үшін, біраз кәделерді орындау керек. Кәде деген міндетті түрді орын алатын ғұрыптық және дәстүрлік жиынтықтар атауы. Үйлену кәделеріне «ат байлар», «төсек салар», «сүт ақы», «балдыз көрімдік», «отау жабар», «қол ұстар» және т.б кәделер кіреді.... |
Толығырақ... Оқылды: 700 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |