Жаңалықтар

Жетісулықтар Аслан Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Жетісулықтар лейтенант Аслан Айтбаевпен қоштасты. Марқұмды шығарып салу рәсімі Сарыөзек ауылының орталық алаңында өтті. Жауынгер мен қоштасу рәсіміне Қазақстан РеспубликасыҚорғаныс Министрінің өкілі, Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасарыгенерал майор Койшикулов Тұралы Хамитұлы келді. аудан әкімі М.Бигелдиев, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың атынан марқұмның отбасы мен туған-туыс, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтты. «Елімізде орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Арыстай азаматтарымыз Отан алдындағы қызметтерін атқару барысында қайғылы қазаға ұшырады. Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, марқұмның отбасына және туған-туыстарына көңіл айтамын. Жастай өмірден озған бауырымыздың көрмеген жақсылықтарын ата-анасына, бауырларына, іні қарындастарына көруге жазсын» деп атап өтті министр өкілі....
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2019

Алматы облысының 49 Ұлттық бюро қызметкеріне жаңа баспананың кілті табысталды

Талдықорғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің 49 қызметкеріне Облыс әкімі Амандық Баталов жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі NUR.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Департамент басшылығы, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында, ағымдағы жылы 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобасын іске асырылған. Аталмыш тұрғын үй құрылысын "Сурмак"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қолына алған. 2016 жылдың қараша айында жасалған екі жақты келісім меморандумы арқасында пәтер құны орташа нарықтық бағадан төмен шыққан. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс атқаратын қызметкерлердің 80% - ы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы несие алып, баспаналы болуда. Бүгінгі күні қызметкерлердің...
Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2019

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқы алдында ант берді. Тарихқа алтын әріппен енетін алқалы жиынның төріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айрықша құрметпен шақырылды. Тұңғыш Президент мінберге көтеріліп, өз орнына жайғасқанша халық қалаулылары ұзақ уақыт бойы қол соғып тұрды. Шараға депутаттардан бөлек, Конституциялық Кеңес пен Үкімет мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары қатысты. Толқынысқа толы тарихи сәт отандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді. Ант беру шарасы Мемлекеттік Ту мен ҚР Конституциясының салтанатты түрде кіргізілуімен басталды. Жиын тізгінін ұстаған ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бұдан кейінгі кезекте еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құрметпен шақырды. Ант беру рәсімінде Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәмидің сөзінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңымызға...
Толығырақ... Оқылды: 552 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.03.2019

Астана-Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі

Дәурен Молдағали,Алғабас ауылдық округінің әкімі: Астана-Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі. Астанамыздың абыройы асқақтап, беделі биіктеп, бүкіл әлем көз тігетін, қызыға қарайтын, қазақ­стан­дықтар шат-шадыман сезімге бөленетін шаттық шаһарына айналды. Арқаның ажарына, Азаттықтың айғағына баланды. Тәуелсіздігіміздің тұғырына, тұрақтылық пен татулықтың тірегіне, түрік бауырларымыз жаппай жадырап жазып, айтып жатқандай, Түркі әлемінің жүрегіне ұқсатты. Күллі дүние жүзі мойындап отыр­ғандай, осының бәрі де – Көш­бас­шымыздың көрегендігі мен ке­меңгерлігінің, болашақты бол­­жай білгендігінің, батыл баста­ма­­шы­л­ды­ғы­ның, ізгілігі мен ізде­нім­паз­дығының нәтижелері. Жеңістері мен жемістері. Сол себепті де,еліміздің бас қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертуіне толық негіз бар деп ойлаймын.
Толығырақ... Оқылды: 558 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019

Тарихсыз болашақ болмайды

Қуаныш Дүйсенбаев,аудандық "Жастар ресурстық орталығының" жетекшісі: Күні кеше ғана мемлекетіміздің жаңа президенті сайланып,бас қаламыз Астананы "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынды. Біз,жастар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен толықтай келісеміз. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бұған толықтай лайықты. Еліміздің бас қаласын осындай дәрежеге көтерген Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі деп білеміз. "Тарихсыз болашақ болмайды" демекші, Елбасынсыз Астана болмақ емес.
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019

Еңбегі біз үшін орасан зор

Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Айгуль Новасбаева. Елбасымыз өзінің халқына және әлемдік қауымдастыққа сіңірген тарихи қызметі,еңбегі біз үшін орасан зор Тұңғыш Президентіміздің ұлы есімі мәңгілік жүрегімізде. Қазақстан Республикасының Астанасын елбасымыздын есіміне өзгерткені мен үшін қуанышты жаңалық. Себебі Елбасымыздың халқына сіңірген еңбегі орасан зор бұл халықтың және жастардың бойына тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Астанамыз "Нұрсұлтан" қаласы болғанына қуанышпен қараймын. Еліміз тұғырлы Қазақстанымыз жайнай берсін!
Толығырақ... Оқылды: 520 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019

Еліміздің дамуы Елбасымыздың арқасы

Алматы облысы мәслихатының депутаты, Көксу ауданының "Құрметті азаматы" Секенбай Шеңгелбаев: "Қазақстандық және ел жанашыры ретінде біздің тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет қалыптастырғаны үшін алғыс айтамын. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Біздің мақтан тұтатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстанымыз бар. "Барлығы үшін рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, ал біздің жас елімізге гүлдену мен әл-ауқат тілеймін"
Толығырақ... Оқылды: 501 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019

МАҢДАЙҒА БІТКЕН ШОҚЖҰЛДЫЗ

ҚИСМЕТОВ АЗАМАТ, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы: «Елбасы: «Мен – өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – Тәуелсіз мемлекет құ­рудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңе жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да бір тәуекелге барамын»,- деген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің маңдайымызға біткен шоқжұлдыз сияқты. Елімізді үлкен аренаға шығару – ол тек дара, дана адамның ғана қолынан келетін іс. Елбасының әр жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамалары біздер үшін жол көрсетер бағдаршам іспетті. Елбасына алғысымыз шексіз».
Толығырақ... Оқылды: 629 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019

ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билікте отырған 30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы мұнай мен газға бай ресурсының арқасында жоғары қарқынмен дамуда үлкен үлес қосты. Еліміз үнемі даму үстінде, әрі таңғалдырарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстанның әлі талай асуларды бағындырып, дамуы тиіс биік шыңдардан көрінетініне көзім анық жетеді. Қазақ елі үшін Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше тұлға . Менің ойымша, Қазақстан тек Орта Азияға емес, бүкіл әлемге айтарлықтай ықпалы тиетін елге айналады. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қарасам, болашақта тамаша елде өмір сүретінімізге кәміл сенемін. 20 наурыз еліміз үшін айтулы дата. Себебі, Тұңғыш Президентіміз өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат рет...
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019

Ұлы тұлғаның ұлы істері

Ағымдағы жылдың 19 наурызы күні елімізді 30 жылға жуық басқарған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мерзімінен бұрын отставкаға кетті. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен орын алған саяси жағдай болды. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз.Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы. Тұңғыш Президентіміз өкілеттік мерзімінде өте үлкен, сапалы маңызға толы еңбек атқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Еліміз егемендігін алып, өз...
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.