Жаңалықтар
Ұрпақтан айырылып қалмайық |
Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең басты мәселенің бірі ана тіліміздің жағдайы, келешегі, тағдыры екені күмәнсіз. Осы тұрғыдан келгенде өткендегі мынадай бір тарих еріксіз еске түседі. 1986 жылдың күзінде, ол кезде республикалық «Жалын» баспасының директоры едім, Орталық партия комитеті шақырып алып, менің республикалық «Казкнига» кітап саудасы бірлестігіне басшы болып баруым қажет екенін айтты. «Қазақша шығатын кітаптардың тиражы, таралымы мандымай, өспей қойды, соны жолға қою керек» деген тапсырма берілді маған. Келген бойда жағдайды зерттеп қарасам, әсіресе солтүстік облыстардағы кітап саудасы мекемелерін басқаратын адамдардың да, қызметшілерінің де барлығы түгел орыстар, өзге ұлт өкілдері екен. Қайсыбір кітап саудасы мекемелерінде қазақша білетін бір адам да болмай шықты. Баспалардан келесі жылдың тақырыптық жоспарына енген кітаптардың тиражы «Казкнигада» күзде бекітілетін. Оны «тиражирование», «тираждау комиссияс... |
Толығырақ... Оқылды: 1700 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Ұдайы жұмыстар атқарылуда |
Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау – арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жемқорлыққа қа... |
Толығырақ... Оқылды: 1646 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Аңшылық - қазақтың байырғы кәсібі |
Аңшылық-саятшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды – бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы – қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Иә, мұның бәрі жалпы ата-бабамыздың көшпелі өмірінің ажырамас бөлшегіндей дүние. Алайда кейінгі уақытта аңшылықты кәсіп қылғандардың қарасы азайып барады. Бұл да заманның озығы не тозығы шығар? Бүгінде мылтық асынып, ит жүгіртіп, құс салатын аңшылық пен саятшылық кәсіптен гөрі спорттық мағынаға ауысқандай. Әлеуметтік желіден ит жарыстырып, төбелестіріп немесе қыран құсты аңға салудан жарысқан жаңалықтар бірен-саран болса да ұшырасып жатады. Енді бірі дала аңын қызық үшін баудай қырып, онымен бірге суретке түсіп жатады. Табыс үшін ақбөкендерді аяусыз атып жатқандар қаншама? Иә, бұл бөлек әңгіме. Біздің жазбағымыз аңшылықты ата жолымен ұстап келе жатқан азаматтар туралы болма... |
Толығырақ... Оқылды: 1622 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 03.06.2021 |
Тәңір сыйы - Тәуелсіздік! |
Міне биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік– еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Содан бері міне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне 29 жыл. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат , Ол- мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді. Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, а... |
Толығырақ... Оқылды: 1584 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021 |
ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛЕГІ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ |
Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті. Қазіргі карантиндік шектеулер кезеңінде де сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар өзінің тиімділігін көрсетуде. Соның нәтижесінде халықпен кері байланыс орнату денгейі көтереліп, жұмыс сапасы арта түсті. Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайтары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қазағы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттардын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» Форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады. Одан бө... |
Толығырақ... Оқылды: 1514 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
«Электрондық мемлекеттік қызметтер» |
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемле... |
Толығырақ... Оқылды: 1470 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР |
Ауыр қылмыстардың бірі - мал ұрлығы. Мал шаруашылығы қашанда қазақ халқының негізгі тіршілік көзі болып табылған. Еліміздің бірқатар елді-аймақтарында жері шұрайлы, шаруашылық жүргізуге қолайлы жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар құрылып, саны артуда. Қазіргі таңда мемлекет мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл болып отыр, оның бірден-бір көрсеткіші мемлекеттен субсидиялар беру арқылы шаруаларды мал асырауға ынталандырып, мал санын көбейтуде. Әрине, мал шаруашылығымен айналысу оңай кәсіп емес. Малға жазғы жайылымы, су табу, ала жаздай жем-шөбін дайындау, қыс азабын айтпағанда, тұрақты малшы табудың өзі үлкен мәселе және тағы басқа қиындықтарды бастан өткеріп жүрген шаруаға мал ұрлығы тағы қосылады. «Мал ашуы – жан ашуы» деп бекер айтылмаса керек, мал ұрлығының көбеюі шаруалардың жан ашуын тудыратыны хақ. Сондықтан, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен, мал ұрлығын тоқтату мақсатында, мал ұрлығына қатысты жауаптылықты қатаңдату жөнінд... |
Толығырақ... Оқылды: 1462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ |
Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу. Күннің ыстығында бір сергіп, суға шомылған жақсы-ақ! Алайда, суға түсудің соңы қайғылы жағдайға душар ететінін қаперден шығармау керек. Мәселен, биыл өңірде ата-ана бақылауынсыз қалған бір бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Жиырма сегізінші мамыр күні Көксу бекетінде бір үйдің 5 жасар кенжесінің суға кеткені естіген адамды есеңгіретті. Тапа-тал түсте ата-аналарынан ойнауға кеттік деп сұранып шыққан бір үйдің төрт баласы судың жағалауында ойнаған. Осылайша оқыс оқиға орын алып үйдің кенжесі өзенге батып, ажал құшты. Артынан інісін құтқармақ болып он жасар ағасы суға секірген. Алайда, қаршадай бала тілсіз жауға қарсы тұра алмады. Өкініштісі туған інісі көз алдында көз жұмды. Оқиға куәгерлерінің шақыруымен құтқарушылар кешікпей жеткенімен, балдырғанды құтқарып қалу мүмкін болмады. Байқасаңыз, оқиға өзенге жақын орналасқан ауылда болған. Оның үстіне, балалар бақылаусыз жүрген. Орын алған оқиғаларда бала қауіпсіздігі туралы қанша... |
Толығырақ... Оқылды: 1486 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу |
Жастар – бұл егемен еліміздің мызғымас іргетасын қалауда ерекше серпін берер, ел болашағын уыстарында ұстаған толқын. Мемлекеттің қарышты дамуы, жалындап жануы тікелей жастардың дарын-дағдысымен, талап-талпынысымен сабақтасып жатыр. Тәуелсіздік құрдастары болып отырған кейінгі толқын өкілдерінің бүгінгі белсенділігі жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің басым түсуіне түрткі болары да сөзсіз. Осы ретте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта, экономикалық-әлеуметтік дамуына әр сала бойынша елеулі үлес қосып жүрген жастармен кездесу өткізілді. Шараға: Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Қисметов, Көксу аудандық пробация бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Саят Жолдыбаев, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбаев қатысып жастармен ашық сұхбат жүргізді, және шара соңында аудандақ кітапхана «Өркендеп нығая бер Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды. Жалын мен... |
Толығырақ... Оқылды: 1479 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021 |
Қос жеңіске қол жеткіздік |
Қазіргі кездегі пандемияға байланысты көптеген байқаулар, жарыстар онлайн бойынша ұйымдастыруда. Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс оқушылары арасында әскери-спорттық «Сардар» олимпиадасы және «Айбын» сайысы офлайн бойынша өткізілді. Бұл екі байқауда Талдықорған қаласындағы №7 Ушинский атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды. «Сардар» олимпиадасы бойынша аудан намысын Жамбыл, Ж. Егінбаев, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушылары қорғап қайтты. Бұл олимпиада да оқушылар, АӘТД, математика, физика, тарих пәндері бойынша тест тапсырып, келесі күні 100, 3000м жүгіру, кермеге тартылу, қаруды шашып, қайта жинау түрлері бойынша күш сынасты. Барлығы 52 оқушы қатысқан осындай олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл атындағы орта мектеп оқушысы Иемберген Айбек жалпы қорытындыда жүлделі 2 орынды иеленсе, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушысы Құрманов Медеубай қаруды шашып жинау номинациясында 1 орынды жеңіп алды. Әскери... |
Толығырақ... Оқылды: 1378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |