Жаңалықтар
Мемлекеттік қызмет көрсету - басты міндетіміз |
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның і... |
Толығырақ... Оқылды: 1505 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
1 маусым балаларды қорғау күні |
Балаларды қорғау күні, жаздың бірінші күні, ең көне халықаралық мерекелердің бірі, 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі. Оны өткізу туралы шешімді Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы 1949 жылдың қарашасында арнайы сессияда қабылдады. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл, ең алдымен, ересектерге балалардың өмірге, пікір және дін бостандығына, білім алуға, демалуға және бос уақытқа, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғауға, адамгершілік және әділ қоғам қалыптастыру үшін қажетті жағдай ретінде балалар еңбегін қанаудан қорғауға құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы ескерту. 1959 жылы БҰҰ Бала құқықтары декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, үкіметтік емес ұйымдарды балалардың құқықтары мен бостандықтарын тануға және оларды орындауға ұмтылуға шақыратын мақалалар... |
Толығырақ... Оқылды: 1631 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Бала — көңілдің гүлі көздің нұры |
Қоғам болып қолпаштап, ата-ана болып әлпештеп жүрген аяулы балапандар - адамзаттың болашағы, өмірдің жалғасы, елдің ертеңі. Олар – тыныштық пен мейірімнің символы. Сондықтан олардың бақытты болуы үшін аянбау асыл іс. Сондықтанда жыл он екі айдан жанға жайлы жаз маусымының 1 – күнін Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде қарсы аламыз. Бұл күн тарихына қысқаша тоқталып өтетін болсақ, 1949 жылы Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы болып, онда балалар бақыты, әлем тыныштығы жайында талқыланады. Себебі екінші дүние жүзілік соғыстан соң балалар денсаулығы алаңдатарлық мәселелердің бірі болған. Соғыстан соң қараусыз қалған балалардың көз жасы мен зары әлем жұртшылығы назарын еріксіз өзіне аударған болатын. Сөйтіп 1950 жылдан бастап – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. Содан кейі, 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы балалар құқықтары туралы Конвенция қабылданып, Бұл құжатқа бүкіл әлем балаларын қорғау туралы заң мен жобал... |
Толығырақ... Оқылды: 1523 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
ҚАШЫҚТАН СОҒЫЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ |
25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлады. Биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар мен оқу жылы жалғасатын оқушылар үшін соңғы қоңырау жазғы демалыстың басталғанын білдірсе, алтын ұясынан түлеп ұшқан түлектер үшін шын мәнісіндегі «соңғы қоңырау». Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өтетін бұл шара көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайтыны да рас. Өйткені, ақ бантик таққан арулар мен ақ жейделі ұлдар барлық шаһарлар мен өңірлердің сәні мен мәнін келістіретіні сөзсіз. Алайда соңғы екі жылда пандемияға байланысты тарихи салтанатты шара ерекше сән-салтанатымен, яғни кішігірім форматта өтті. Ауданымыздың барлық білім ошағында соңғы қоңырауға тек 9-11 сынып оқушылары қатысса, қалғандары үшін бұл сәт онлайн режимінде өткізілді. Иә, эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы қоңырау қашықтан соғылды. Аталған жағдайға байланысты аудан әкімі Алмас Әділ жас түлектер және барша мектеп оқушылары мен ата-аналарды соңғы қоңырау мер... |
Толығырақ... Оқылды: 1528 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ |
Жалпы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өздерінің әр Жолдауында үнемі бұқаралық спортты дамыту керектігін баса айтып, осы салаға жауапты министрлікке, қала, облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп келеді. Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында елімізде бұқаралық спортты дамытуға байланысты кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізді. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қол-жетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағытты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек»-, деді Мемлекет басшысы Қазақ... |
Толығырақ... Оқылды: 1566 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Алматы облысында медициналық құралдармен, санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ға жетті |
Медициналық қызметтің қолжетімді болуы және 2025 жылға дейін шалғай елді мекендерді де толық қамту үшін 109 нысан салу көзделген, соның 23-і биыл салынады, сол қатарда 20 блокты-модульді медпункттер де бар. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткізген брифингі кезінде айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media. Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласында 2020-2021 жылдары коронавируспен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге бөлінді. Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынды. 3 томограф, 18 рентген-аппарат, 219 ИВЛ, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. «Соның нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 90% көтерілді», - деді А.Баталов. Сондай-ақ баяндамашы қазіргі кезде халыққа вакцина егу жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын, 410 мың доза вакцина алынғанын айтты. Бірінші компоненті 211 мың... |
Толығырақ... Оқылды: 1505 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Алматы облысында биыл 28 мектеп салынады |
Алматы облысында биылғы жылға 28 мектептің құрылысы жоспарланған, соның 19-ы – үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынады. Сонымен қатар жеті мектеп іске қосылды, соның төртеуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media - Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Біз облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға, 12,3 млрд. теңге бөлдік, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді, - деді А. Баталов. Сол сияқты ол өз сөзінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% жеткенін де атап өтті. «Тағы 166 балабақша ашып, қамту деңгейін 2022 жылға қарай 100%-ға жеткіземіз», - деді спикер. |
Толығырақ... Оқылды: 1407 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
А. Баталов: «Биыл тұрғындардың 61%-інің табиғи газға қосылуына мүмкіндік туады» |
Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%-іне, яғни 1,2 млн. адамның газға қосылуына мүмкіндігі туғызылды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media. Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген бес аудан қалды: «Осы аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған - Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады», - деді А. Баталов. Сол сияқты спикер орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады. Ба... |
Толығырақ... Оқылды: 1419 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Жетісуда Мемлекеттік қызмет туралы кітап таныстырылды |
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Талдықорғанда жерлесіміз, қазақстандық саясаткер Серікбай Нұрғисаевтың кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов, мәдениет және зиялы қауым өкілдері қатысты. "30 жыл Тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде" атты шығармасы авторды Мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен таныстырады, елдегі мемлекеттік қызметтің реформалары, Мемлекеттік қызмет саласындағы әлемнің озық елдерінің тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңалықтар туралы әңгімелейді. "Бұл кітап мен жазған екінші кітап. Біріншісі 10 жыл бұрын шыққан. Екеуі де мемлекеттік қызмет туралы болса да, бүгін мен бірінші шығарылымнан ерекшеленетін мүлдем басқа туындыны таныстырамын. 10 жыл ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі өте өзгерді. Қазір жастардың уақыты, өзгеру уақыты. Егер жастар білікті мемлекеттік қызметші болғысы келсе, мансап құрғысы келсе немесе билік органдарының құрылымы туралы көбірек білгісі келсе — бұл кі... |
Толығырақ... Оқылды: 1451 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Биылғы жылы Алматы облысында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі |
Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 млрд. теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы облыс бойынша 60 мың жұмыс орны ашылды. Баяндамада айтылғандай, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көп балалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады. - Алматы облысында құры... |
Толығырақ... Оқылды: 1426 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |