Жаңалықтар
"Мобилді азаматтар базасы" (МАБ) дегеніміз не? |
МАБ - барлық қызметтерді eGov.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы және телеграм-боттан бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік беретін клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасы. МАБ-қа тіркелудің бірнеше жолы бар: 1) eGov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-сыз: eGov.kz-ке кіріңіз > төменгі оң жақ бұрышта "виртуалды ассистентке" басыңыз > "қоңырауларды" таңдаңыз > "ХҚО" таңдаңыз > "бейнеқоңырауға" басыңыз > виртуалды ассистентпен қосылғаннан кейін "жеке куәліктерді" көрсетіңіз > телефон нөміріңізді жазыңыз > ассистент жіберген растау кодын айтыңыз > дайын! ЭЦҚ-мен: eGov.kz-ті ашыңыз > "жеке кабинетке" кіріңіз > "телефон" бағанында телефон нөмірін енгізіңіз > ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз. 2) eGov mobile қосымшасы арқылы EGov mobile-да авторланыңыз > "Жеке кабинетке" кіріңіз > "Телефон" бағанында телефон нөмірін көрсетіңіз > растау кодын енгізі... |
Толығырақ... Оқылды: 2015 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды |
Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын. |
Толығырақ... Оқылды: 1979 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Шенеуніктер құны 2 АЕК-ге дейін сыйлық алғаны үшін 1,8 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың нақты құрамы туралы егжей-тегжейлі айта келе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі туралы баяндады. Атап айтқанда, өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе жеңілдіктер беру үшін, егер мұндай әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса көзделген жауапкершілік туралы айтып берді. «Бұл жағдайда жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға 600 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», – деді Ж.Жумабаев. Ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің жоқтығын түсіндіре отырып: «Егер алынған заңсыз сыйақы немесе сы... |
Толығырақ... Оқылды: 1977 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Қазақстандықтар құны 2 АЕК-ке дейінгі сыйлықты бергені үшін 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді |
Қазақстандықтар заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерді баяндау барысында айтты. «Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге», - деді Ж.Жумабаев. Бұл ретте, егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан берілетін болса, онда мұндай әрекет ӘҚБтК-нің 678-бабы бойынша сараланады және мұнда айыппұл 700 АЕК-ке дейін өседі, бұл 2 млн.теңгеден астам. Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда заңды тұлға екі есе – 1500 АЕК немесе 4,5 млн.теңге төлейді. «Қазір заңнамада сыйлықтар беруге және алуға толық т... |
Толығырақ... Оқылды: 1915 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғалар 300 мың теңге айыппұлмен жазаланады |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жумабаев жемқорларға ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар арсеналындағы жалғыз қару бола алмайды және болмауы тиіс деді. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан маңызды саналатын, мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы – аталған лауазымды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде, бұл шамамен 300 мың теңге айыппұл салуға әкеп соғады» - деді Ж.Жумабаев. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда белгіленген бірқатар талаптарды білдіреді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басш... |
Толығырақ... Оқылды: 1722 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеовтің брифингте сөйлеген сөзі бойынша жаңалықтар топтамасы |
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хаттама толтыратын болады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтты. «Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретін бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізілді» – деді О.Бектенов. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгенін атап өтті. Олардың ішінде Кодекстің алты сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты жеті құ... |
Толығырақ... Оқылды: 1731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ЖАҢАРТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ |
Шағын және орта бизнес жұмысшыларының қарызданып, артынша оны жою қажеттігі туындамас үшін, олар туралы деректі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысшылары туралы деректер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізілмесе, бұл қызметкерлер ӘМСҚ-на қарыздар болып, МӘМС арқылы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Айта кетсек, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысып жүрген тұлғалар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерліктер жалдамалы жұмысшылары үшін шегерімдер төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған еді. Бүгінгі күнгі деректерге сүйенсек, «Saqtandy... |
Толығырақ... Оқылды: 1716 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2021 |
«Білім берудің жаңа форматы: шығармашылық, ізденіс және тәжірибе» |
Білім берудің жаңа форматы туралы мақаламды Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен бастасам: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт». Қазіргі таңда әр мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдаланса, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе жетістікке жететіні сөзсіз. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Бұл оның ұшқыр және ойлы, білікті болуын қажет етеді. Алдымызда отырған балаға саналы да, сапалы білім беруде жаңартылған білім мазмұны аясында әрқайсымыз талмай ізденіс үстінде жүргеніміз аян. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру, критериалды бағалау жүйесі аясында оқушылардың білім сапасын көтеру, сабақ беру ерекшеліктері, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестік құру, көптеген мәселелер бойынша басқа мектептермен тәжірибе алмасудың пайдасы зор. Жаңа форматтағы білім беру жүйесінің мақсаты &n... |
Толығырақ... Оқылды: 1693 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2021 |
2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды |
Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұданәрі – Портал) арқылы 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұданәрі – ОТҚ), 6,5 мыңы – ымдаутіліқызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекшінің қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық емдеуді алды және 26,4 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұданәрі – әлеуметтік топтама) алуды ресімдеді. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзбетінше алып кету арқылы алуға болады. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.... |
Толығырақ... Оқылды: 1768 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021 |
«Алаушылар» табысы |
Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың 7-8 сынып оқушылары аралығында әскери - спорттық «Алау» ойыны өтті. Оған облысымыздың 16 ауданы мен қалаларының командалары қатысып өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ережесіне сай командалар сапта тұру - жүру, саптық ән орындау, АК-74 қаруын уақытқа шашып, қайта жинау, командалық эстафеталық жарыс, Ұлы Отан соғысы туралы ән байқауы, ұлдар кермеге тартылу, қыздар денені көтеру, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ғылыми жоба қорғау тәрізді номинациялар бойынша мықтыларын анықтады. Біздің ауданның «Құлагер» командасының намысын Жамбыл ом, Ж.Егінбаев аом, Қ.Жалайыри омг, Қызыларық ом, С.Қырықбаева ом, №12 Айнабұлақ ом оқушылары қорғады. Құрамында 7 ұл бала, 2 қыз бала өнер көрсеткен ауданымыздың «Құлагер» командасы барлық номинацияларда тамаша өнер көрсетіп жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша... |
Толығырақ... Оқылды: 1648 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 02.04.2021 |