ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ

ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ТӘРТІП

Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ
Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 550 Печать страницы
ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ТӘРТІП

Ауылдың  тазалығына, көркейіп гүлденуіне атсалысу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындарда этиканы сақтау, жеке тұлғаларды тиіспеу, ортақ пайдалану орындарын, яғни, саябақтарды, скверлерді ластамау және қоғамдық тәртіпті, адамдардың тыныштығын бұзбау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен  Мұқаншы ауылдық округінде «Қоғам талабы- тәртіп» атты «Жалын» студенттік жасағымен  акция өтті.
Шараға «Жастар ресурстық орталығының» маманы Берік Юсупбаев, «Жалын» студенттік жасағы,  Мұқаншы ауылдық округінің әдіскер-нұсқаушысы Абзал Сатаев қатысты. Акция  барысында Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Көксу бекетіндегі қоғамдық орындарды, орталық көшелерді, дүкендерді аралап, ауыл келбетіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті сақтамай, құқық бұзушылықтарға жол бергендерге арнайы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, яғни қоғамдық орындарда этиканы сақтау, тұрғын жайларды қорлау, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да осындай іс-әрекеттер айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатындығы жайлы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық – ауыл айнасы» демекші, біз өзіміз отырған елдімекенімізді, бізді қоршаған ортаны қадірлеуді үлкеніміз бар, кішіміз бар, жаппай үйренуіміз керек. Әрбір отбасында жас сәбилерге, балаларға үйді, ауланы, көшені таза ұстауды, әрдайым тазалықта сақтауды үйрете білуіміз керек. Тазалықты сақтау - қоршаған ортаны аялаудан бастау алады.

Қуаныш ДҮЙСЕНБАЕВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.