
Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы мен Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы 2020 жылдың 23 қаңтарында Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп берді. Жиынға Көксу аудандық маслихат хатшысы Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы, аудандық мәслихат депутаты Кан Инна Терентьевна, аудандық бөлім басшылары, ауылдық мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды қорытындыласа, Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы округ көлемінде 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады және 2020 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамаларын оқыды. Әсіресе Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» реформасының, «Жұмыспен қамту-2020» мен ауыл-шаруашылық бағдарламаларының жүзеге асырылғаны бойынша көрсеткіштер басты назарға ие болды.
Есептік жыл табысты болып, округте бірқатар келешегі бар жұмыстар атқарылды. Көксу бекетіндегі Орақты батыр көшесінің жолы күрделі жөндеуден, Көксу бекетіндегі Әуезов көшесі мен Жетіжал ауылындағы Тоқсанбаев көшелері ағымды жөндеуден өтті. Көктемгі су тасқыны апатының алдын алу мақсатында, жалпы ұзындығы 1000 м құрайтын Мұқаншы өзенінің арнасын өзгерту, жағасын көтеру (дамбылау), аралдардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның 50 жылдығы ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. «Жалдамалы пәтер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша округтегі көп балалы баспанасыз 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Алдымызда Көксу бекетінің көшелерін орташа жөндеу, Желтоқсан көшесін ағымды жөндеу, арық жүйесіне лотоктар орнату, мини-футбол алаңын салу, Жетіжал ауылындағы «Күншуақ» бала бақшасының суағар жүйесін орнату, орталық көшелерге көше жарығын орнату, Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайын орнату, округтің елді-мекендеріне табиғи газ жүргізу, орталық көшелерге автобустық аялдамалар мен жол белгілерін (жылдамдық бәсеңдеткіштер) орнату, Көксу бекетінде өрт сөндіру бекетін салу жоспарланып отыр.
Тұрғындар әкімдердің атқарған жұмыстарын оң бағалап, еңбектеріне табыс тіледі.