АУДАН ТЫНЫСЫ

Баспана бақыты бұйырды

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 31.01.2020
Оқылды: 315 Печать страницы
Баспана бақыты бұйырды

Қазақ елі – Мәңгілік  Ел  болуды мұрат етіп, ұлы дала елінің асқақ армандарына қол жеткізуде. Тәуелсіз еліміз жыл сайын биік белестерді бағындырып келеді.  Өткен жылы қазақ елі Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтті. Осы уақытты адамзат тарихының қас-қағым сәті ғана десек те, қазақ елі 28 жылдың ішінде елдіктің еңсесін тіктер қарқынды қадамдарды жасап, дербестігін бекемдей түсті, келешегіне кемел жоспар құрды. Халықтың әл-ауқатын арттырар бағдарламалар қабылдады. Сол бағдарламалар арқасында өңірлер дамып келе жатыр.  
Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан  бүгінгі Көксу ауданының келбеті кімнің болса да таңданысын тудырары анық. Қазіргі таңда әсем де көрікті ғимараттары алыстан көз тартады.  Оқтаудай түзу көшелері де жөндеуден өткізіліп, көпшілік игілігін көруде. Аудан орталығында  жаңадан шағын аудандар, сауда орталықтар, демалу орындары ашылып жатқаны белгілі.  Өткен жаздың өзінде «Евразия», «Көк базар»  сауда орталықтарының ашылуы  үлкен оқиға болды. Өткен жыл аралығында автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендерді аббаттандыру, табиғи газбен қамту, ағын- су желілерін жаңғырту, денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарын ағымды жөндеуден өткізу, білім беру нысандарын жаңадан салу жұмыстары жүргізілді. Ауданның сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жүйелі жолға қойылды. Әрине бұл, ел егемендігінің арқасында жүзеге асып жатқандығы сөзсіз. Соның бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі «Нұрлы жер» бағдарламасы. Ауданда жүргізіліп жатқан қарқынды құрылыс жұмыстары осы бағдарламаның нақты жемісі.
Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы  аясында 41 отбасыға баспана бақыты бұйырды, 7 отбасыға жаны жомарт жандар баспана сыйлады, жаңа жыл қарсаңында 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Жыл басы жақсы басталып, аудан басшысы халық алдында өткен жылғы жұмыстарына есеп беріп, ауыл ауылды аралап, халықтың әл-ауқатымен танысып, көкейдегі сұрақтарын біліп, мұң-мұқтажын тыңдап қайтты. Шешуге уәде берді. Аптаның басында аудан орталығында тағы 20 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, аудан басшысы Алмас Әділ қоныс иелеріне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.
– Халыққа барынша жағдай жасап, баспана мәселесінің оңтайлы шешілуін қадағалау - біздің басты міндетіміз. Осыған байланысты Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Өткен айда 50 пәтердің кілті тапсырылса, бүгінде ауданымыздың 20 тұрғыны өз баспанасына ие болды. Жаңа пәтер жарықпен, сумен, жылумен қамтамасыз етілген. Халықтың баспаналы болуы бәріміздің жетістігіміз. Мемлекет қамқорлығын сезініп, пәтерге ие болған баршаңызды қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыздан шаттық, береке кетпесін, – деді аудан басшысы.
Жаңадан пайда болған «Береке»  шағын ауданы ерекше көркімен көпшілік назарын аудартады. Мұндағы жаңадан салынған көп қабатты үйлер алыстан мен мұндалайды.  Шағын аудан тұрғындарына барлық жағдай жасалған.   Орталыққа жақын, мектеп, балабақша да алыс емес. Жарығы, суы қосылған. Пәтер іші жылы, бастысы жайлы.  Тұрғын үй 1034 шаршы метрді құрайды.   Аудан басшыларының сөзіне сүйенсек биыл тағы 20 және 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуге ниетті. Көктем айында бастасақ жыл соңында құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деп сендірді.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.