
Ағымдағы жылдың 23-ші қаңтар күні Еңбекші ауылдық округінің әкімі Асқар Алпысбаев пен аудан әкімі Алмас Әділ халықпен кездесіп, есептік кездесулерін өткізді. Кездесуге жиылған жұртшылық Зылиха Тамшыбай ауылының мәдениет үйіне жиналды.
Асқар Ахметқалиұлы 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы өркендеу бағытын қамтыған баяндамасында келтірілген жұмыстар жайын жүйелі жеткізді. Округте 10-дүкен, 1-кафе, 1-тұшпара цехы, 1-диірмен, 2-жылыжай, 1-ЖШС халыққа қызмет көрсетуде. Коммуналдық салаға тоқталатын болсақ - Зылиха Тамшыбай ауылындағы 3 көшеге және Бесқайнар ауылындағы 1 көшеге түңгі жарық шамдар орнатылған, барлығы 113 дана. «Beeline» және «Теле-2» ұялы байланыстарының тарату станциялары орнатылған.
Аудан басшысы да өзінің атқарған істерін барынша түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз аттарынан аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатындығын айтып, «қанағаттанарлық» деген бағаларын да берді.
Келесі кезектегі кездесу Мұқаншы ауылдық округінде жалғасты. Жиын барысында Бақытжан Өмірәлинов округтің 2019 жылғы дамуы жайлы сөз қозғап, әр саланы қамти отырып, өз баяндамасын жасап, 2020 жылда атқарар жұмыстары жайлы да мағлұмат берді.
Есептік кездесу соңында әкімдердің атқарылған жұмыстарына оң баға беріліп, еңбектеріне табыс тіледі.