АУДАН ТЫНЫСЫ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 11.02.2020
Оқылды: 275 Печать страницы
КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Көксу ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аудан басшысының қатаң бақылауында. 

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары аясында 32 шақырым арық, 55 шақырым канал, 2500 мың текше метр қар елді мекендер аумағынан шығарылып, ауыл ішіндегі арық іші қоқыс, топырақтан ашылып, сонымен қатар 32 дана су өткізу құбырлары да тазаланды. Ауданда арнайы 25 техника мен 100-ге жуық адамнан шұғыл әрекет ету жасағы құрылған.  

Айта кетейік 2018 жылы Мұқыры және Көксу бекеттерінде елді мекен ішіне су кіріп, ауыл тұрғындарына алаңдаушылық туғызған болатын. Алайда өткен жылы облыс тарапынан қаражат бөлініп, өзен және канал арналарының сағасын кеңейту, түбін тереңдету, тазарту жұмыстары жүргізілген.

Бүгінгі күні өзен бойында тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылдануда. Сала мамандары өңірімізде су басу қауіпі жоқтығын айтып сендіріп отыр.

 

 Айгүл ЖЕТПІСБАЙҚЫЗЫ

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.