
Балпық ауылдық округі бойынша газ тарту жұмыстарын «BSP GROUP LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Округ бойынша 2020 жылдың басынан бастап тұрғын үйді газға қосылу құны 320 мың теңгеден 250 мың теңгеге түсіп, жеңілдіктер жасалуда. Бұл жеңілдіктер ағымдағы жылдың 1-ші наурыз айына дейін жалғасын табатын болады. Сонымен қатар бұл жеңілдіктің ішінен тағы бес санат бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Олар,
1. Ұлы Отан соғыс ардагерлері және оған теңестірілген адамдар-100 %
2. Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға-20%
3. Ауған соғысының ардагерлері және чернобыльға қатысқандарға-20%
4. 1-топ мүгедектерге-20%
5. 2-топ мүгедектерге-15%
Бұл санаттағы адамдардың тұрып жытқан тұрғын үйлері өз жекеменшігінде болуы шарт.