АУДАН ТЫНЫСЫ

12 жыл халықпен біргеміз!

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 21.02.2020
Оқылды: 335 Печать страницы
12 жыл халықпен біргеміз!

Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді.
Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор.  Себебі,  бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық  бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық  құжаттарын  бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы  үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүрген жастар.
Жақында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы облысы бойынша филиалының Көксу аудандық «Халыққа қызмет көрсету бөлімі»  ашылғанына 12 жыл толды.
Айтулы мерекеге  орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов үздік мекеме қызметкерлерін   алғыс  хаттармен   марапаттап,  халыққа қызмет көрсету орталығының  жұмысына оң бағасын берді.
Өз кезегінде,  мекеме  мамандары   халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында  қызмет алушылардың арасында «Egov mobile» арқылы өз бетінше қызмет алып, тәтті шоколадқа ие бол» атты конкурс өткізді.  
Шара барысында, конкурсқа қатысушылар  өз смартфонына  «Egov mobile»  қосымшасын жүктеп, электронды анықтамаларды өздігінен алып,  тәттілермен  марапатталды.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.