АУДАН ТЫНЫСЫ

«MOVEMENT DANCE BATTLE»

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 21.02.2020
Оқылды: 312 Печать страницы
«MOVEMENT DANCE BATTLE»

 Балпық би ауылы аудандық мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының»  ұйымдастыруымен ерікті жастар арасында «MOVEMENT DANCE BATTLE» заманауи би жарысы өтті. Жастардың заманауи би өнеріне деген қызығушылығын дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға аудан мектептерінен құралған бірнеше топтар қатысып, А  және В тобы болып 2 топқа бөлінді.  
Жарыс 5 балдық бағамен бағаланып, ІІІ кезеңнен тұрды. Ақтық сайысқа 4 топ жолдама алды.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Б. Құндақбаева атындағы орта мектептің «ВИЖУАЛС» тобы, І орынды Бақтыбай ауылы «БРАЗЕРС» тобы, ІІ орынды Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясы иеленсе, ІІІ орынға Құрманов орта мектебі ие болды.
өз тілшіміз

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.