АУДАН ТЫНЫСЫ

Ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 21.02.2020
Оқылды: 324 Печать страницы
Ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі

20 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстары мен 2020 жылға арналған жоспармен бөлісу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбековтың төрағалық етуімен брифинг өтті.

Аталмыш жиынға бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Ұлан Әлдибекұлы жоба бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

  • Қайырлы күн, құрметті жерлестер!

Көксу ауданы бойынша 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  13 жоба мен 180 іс-шара жүзеге асырылды.

Аудан бойынша бағдарлама шеңберінде  2019 жылы 11 мың-ға жуық адамның қатысуымен 13 жоба мен 180 іс-шара ұйымдастырылды.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019 жылы аудан меценаттары мен демеушілерінің қолдауымен 6 жоба іске асырылды.Оның ішінде меценаттардың қолдауымен Балпық би ауылында шағын футбол алаңы салынып, қолданысқа берілді, жоба құны 9 млн теңге.

Алғабас ауылында жастар паркі салынып, ел игілігіне берілді, жоба құны 45 млн теңге. Айнабұлақ ауылында балалар ойын алаңы абаттандырылып, қолданысқа берілді, жоба құны 2 млн теңге.

Кәсіпкерлердің қолдауымен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына 3 тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

Жалпы, бағдарлама аясында 2019 жылы ауқымды жобалар жүзеге асырылды.Атап айтсақ 2019 жылы ауылдық округтерде қазақтың ұлттық ойындары «Көкпар», «Нысана көздеу» «Тиын алу» ойындары өтті. 

Ұмыт қалған салт-дәстүрлерді жастарға дәріптеу мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ескінің көзі»  атты  қолөнер көрмесі, «Атқа міну мәдениеті», «Аң стилі» өнері бойынша шеру, «Қазақстанның киелі жерлері-біздің құндылығымыз» слайт галереясы, «Сен тұратын өлке» атты ойын-саяхат және «Ас ату», «Ат тұлдау», «Аунату», «Байғазы беру», «Босаға майлау», «Енші беру», «Ерулік беру», «Жылу жинау»  атты театрландырылған көріністер ұйымдастырылды.

«Қазан шегелеу», «Қалау айту», «Мойнына бұршақ салу», «Бес жақсы» атты дөңгелек үстелдер, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Асық ату», «Бес тас» ұлттық ойындарының, «ДОМБЫРА ПАТИ» фестивальдері, «Ұрпақтар сабақтастығы-жастарға өнеге» атты жастармен үш буын өкілдерінің кездесуі, «Біз Жетісуда тұрамыз» акциясы, «Ұлы даланың ұландары» атты «Жігіт сұлтаны» байқауы, «Үкілі домбыра» атты күй сайысы, «Отбасын құру: ата-аналар тәжірибесінде» тақырыбы бойынша семинар-тренинг, «Хан дойбы», «Тоғызқұмалақ» ойындарынан Көксу ауданының чемпионаты және тағы да басқа көптеген іс-шаралар өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 300-ге жуық материалдар жарық көрді. Олардың ішінде облыстық телеарналарға шыққан сюжеттер, басылым беттеріне шыққан материалдар, ақпараттық агенттіктердің, ресми парақшаларда шыққан мақалалар, әлеуметтік желіге орналастырылған демотиваторлар бар.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес  16 жоба мен188 іс-шара жоспарланған. Жоспарға сай іс-шаралар өткізілуде.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 2020 жылға 7 ұсыныс жинақталып алынды. Олар Қызылтоған, Жарлыөзек ауылдарында воркаут алаңдарын салу, Қаратал ауылында шағын футбол алаңын, Теректі ауылындағы Н.Қойшыбеков көшесіне түнгі электр жарықтарын орнату, Ақтекше  ауылында  200  орынға  арналған асхана, Зылиха   Тамшыбай   ауылында  ауған соғысы ардагерлеріне арнап ескерткіш тақта орнату, Жамбыл  ауылында  шағын  футбол  алаңын  салу көзделген.

2020 жылы  арнайы жоба аясында ауданның   10 ауылдық округінде жоғарыда аталған жұмыстар жалғасын таппақ, - деп ағымдағы жылы атқарылар істің мән-жайын да төркіндеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп мәлімдегені баршаға аян. Осы бойынша да аудан әкімінің орынбасары сөз етті:

«Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басты назарда және ерекше бақылауда.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы №04 өкімімен Көксу ауданы бойынша волонтерлік қызметті ұйымдастырушы тобы құрылған және аудан бойынша волонтерлік бағдарламаларды іске асыру бойынша 2020 жылға арналған іс-жоспары бекітілген.

Сонымен қатар, ауданымызда 6 еріктілер тобы құрылған. Атап айтсақ, «Саулық» еріктілер тобы – мақсаты: науқастарға күтім жасауға, дәрі-дәрмек жеткізуге көмек көрсету.

«Таза әлем» еріктілер тобы – мақсаты: қоршаған ортаны қорғау мақсатында өзендермен суларды, саябақтарды қоқыстан тазалау, ағаш, гүл шоқтарын отырғызып, абаттандыру жұмыстарына атсалысу.

 «Асыл мұра» еріктілер тобы – мақсаты: тарихи-мәдени мұраларды қорғауға арналған жұмыс тобы.

«Қамқор» еріктілер тобы – мақсаты: ҰОС ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

«Білім» еріктілер тобы – мақсаты: кез-келген жасқа қажет деген тілді үйренуге тегін көмек беру, компьютерлік сауаттылық немесе тегін заңгерлік көмек көрсету.

«Үміт» еріктілер тобы – мақсаты: жоғалған адамдарды іздесуге, дала өрттеріне, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету бағытындағы жұмыстар болып табылады. Еріктілер тобының ұйымдастыруымен жыл басынан бүгінгі күнге дейін 16 іс-шара өткізілді. 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес және жоспардан да тыс іс-шаралар өз жұмыстарының жалғасын таппақ».

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Мемлекетіміз жаңа жаңғыру жолында алға қойған мақсаттарына жетуді көздейді. Негізгі алға қойған мақсат – дамыған отыз мемлекет қатарына кіру. Бұл жолда мемлекетіміз жан-жақты дами отыра, біртұтас ұлт болып қалыптасуды мақсат етеді. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны!

Қазақстанның рухани жаңғыруы үшін халық пен мемлекеттің бір тұтас болып дамуы маңызды. Дамудың негізгі қағидасы – ішкі жаңғыру екенін ұмытпаған жөн.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.