АУДАН ТЫНЫСЫ

Масленица – қысты шығарып салу мейрамы

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 27.02.2020
Оқылды: 357 Печать страницы
Масленица – қысты шығарып салу мейрамы

Масленица – орыс халқының ең сүйікті мейрамдарының бірі, ең көңілдісі, ең сауықшылы. Барлығы асыға күткенмасленица – қысты шығарып салу мейрамы көктемнің қарсаңында, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Мұқаншы ауылдық округінде тойланды.Мейрамның мақсаты –орыс халқының дәстүрлерімен таныстыру, сөздік қорын байыту, қонақжайлыққа үйрету, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу және ойын-сауықпен көңіл көтеру.

Алғашқы құттықтау сөздерін алған Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендербекұлы мен аудандық маслихат депутаты Кан Инна Терентьевна халыққа табысты, тату-тәтті жыл тіледі.

Мейрам орыс халық билерімен, частушкалармен тамаша өтті. «Құймақ-қар бүршігі», «Кім жылдам» атты орыс халық конкурстары мен арқан тартыс, сыпырғышпен хоккей ұлттық ойындарынан жарыс өткізіліп, жеңіскерлер жүлделермен марапатталды. Жиналған жұрт құймақтан, каравай нанынан, басқа ұлттардың тағамдарынан дәм татты. Кішкентай қонақтар ат жегілген шанаға жарыса отырып, мәз-мейрам болды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.