
Отырыста аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партия филиалының жанындағы жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Ғалым Байжұманов және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дәлелхан Жәніш , аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Айгүл Шаяхметова , аудандық филиал қызметкерлері және жастар қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Таңшолпан Түліпбаева хабарлама жасап, мәселенің жағдайын айтты. Ол өз сөзінде «Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.Өткен жылы кешенді жоспарға сәйкес 1850 адамды бағдарламаға қатыстыру жоспарланған болатын. 3061 адам қамтылды ,оның 947–сі жастар. Осыған орай,еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курсына 462 адам жіберілді, оның 122-сі жастар,олар оқуын аяқтап,тұрақты жұмысқа орналастырылды» деп атап өтті. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бойынша 127 адам мемлекеттік грант алды. Жастардан 5 адам (100 АЕК) , 52 адам (200 АЕК) мөлшерінде өз ісін ашуға грант алды . Атап айтқанда , Балпық би ауылының тұрғыны Альфия Дүйсембинова 200 АЕК мөлшерінде (505 мың тг.) грант алған болатын,сол қаражатқа өз кәсібін ашып, карнавалдық комстюмдер, гүл шоқтарын, қыздарға арналған әртүрлі әшекейлік бұйымдар жасайтын құрал- жабдықтар сатып алды. Жұмыс іздеушілерден тұрақты жұмысқа 2060 адам орналастырылды , оның 639- ы жастар. Ал ағымдағы жылы бағдарламаның бірінші бағыты «Еңбек нарығына қажетті мамандықтар» бойынша қысқа мерзімді оқыту курсына 230 адам жіберу жоспарланды. Сонымен қатар , 2020 жылдың 1қыркүйек айынан кәсіптік оқуға жіберу жоспары 75 адам болып жоспарланды. Осыған орай, бағдарламаға мүмкіндігі шектеулі жеткіншек жастардан 41 адам (қоғамдық жұмысқа- 3 адам, қысқа мерзімді оқуға – 6 адам, жастар практикасына-1 адам , шағын несие-1 адам, тұрақты жұмықа 30 адам) тартылды.
-Әлеуметтік жұмыс орнына , жоспар - 47 адам, нақты 47 адам.
-Жастар практикасы жоспарына – 53 адам , нақты 30 адам. -Қоғамдық жұмысқа жоспар 192 адам , нақты 106 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 53 адам орналастырылды.
Жиын соңында тиісінше Қаулы қабылданды.
Маман ҚАБЛИСАНОВ,
аудандық мәслихат
депутаты