
Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізілді. Карантинді енгізу халықтың денсаулығын қорғау және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шара болып табылады. Президент татулық пен тұтастықтың арқасында кез - келген қиындықтан шығуға болатынын айтты. Мұндай шара елімізде тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет қабылданып отыр. Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өкінішке орай, осы жағдай біздің елімізде де тіркелді. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауы үшін атсалысса, жеке гигиенаны сақтап, негізсіз көшеге шықпай, адам шоғырланып жатқан орындарға бармай барынша сабыр сақтап, темірдей тәртіпке бағынса, қауіпті вирустың таралуына жол бермейміз.
Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Осындай ауыр кезеңде мен барлықтарыңызды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын.
Ә.ДОСЫМБЕКОВ,
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы