АУДАН ТЫНЫСЫ

Ел еңсесі көтерілді

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 02.04.2020
Оқылды: 296 Печать страницы
Ел еңсесі көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына бір қиын шақта жасаған мәлімдемесі ел еңсесін бір көтеріп тастады.
Батпандап кірген індет барша қазақстандықтарға өте ауыр тиді. Осыған байланысты, көптеген жұмыс орындары тоқтап, кейбір қалалар карантинге жабылды. Бұл еліміз үшін үлкен бір сынақ деп білеміз.
Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы осы ауыр кезеңде халыққа барынша сеп болып, бірнеше келелі істерге келісті тұжырымдама жасады. Атап айтсақ, жұмыссыз қалған жандарға ең төменгі жалақы төлеуді, азық-түлік алу мақсатында қаражат бөлуді,МӘМС жүйесін үш айға ұзартуды тапсырды. Осы мәлімдемедегі бізді ең бір қуантқаны- ауылшаруашылығымен айналысатын жандарға көрсетілетін қолдау. Мемлекет қаражатынан 75 млрд теңге және көктемгі егіс үшін үшін 100 млрд теңге бөлінбек. Оған қоса, жанармай бағасын төмендетуі қарапайым халық үшін қуанышты жаңалық болды. Осы шаралардың барлығы азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін жасалынып жатыр.
Біздің Көксу ауданында ауылшаруашылығы қарқынды дамуда. Өздеріңізге белгілі жыл сайын қант қызылшасының өнімі ұлғайып келеді. Одан өзге де өнімдердің сапасы байқалады. Осы орайда мемлекет басшысының аталған мәлімдемесі ауылшаруашылық мамандарына барынша
қолдау болмақ.
Ғалым БАЙЖҰМАНОВ,
аудан мәслихатының депутаты

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.