
Бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесін тыңдап шықтым.
Инфляцияның артуына байланысты ел Президенті зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға көбейтіп отыр. Мұндай қолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің қатары аз емес, ал бүгінгі Президент мәлімдемесі көмекке зәру жандарға үлкен қолдау береді.
Айгүл Шаяхметова
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы