
Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған, ынтымақшыл халқымызға қуаныш пен шаттық әкелетін, татулығымыз бен мызғымас бірлігіміздің бастауы, береке мен бірліктің мейрамы 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие. Біздің басты байлығымыз саналатын бірлікті әрдайым көздің қарашығындай сақтап, нығайтуға тиіспіз. Осы орайда, «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен несібесі мол болмақтығын» назарда ұстаған Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірліктің, келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен татулықтың құтты шаңырағы. Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан 1 мамыр мерекесінің басты құндылығы осы.
Қадірменді қауым!
Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін. Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Аудан мәслихатының хатшысы
Ә.Досымбеков