
Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күніне 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамыр Жеңіс күні – әр адамды толқытатын ерекше, аса құрметке ие айтулы күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Отанымыздың тәуелсіздігі жолындағы халқымыздың құрыштай берік бірлігі–бізге әрқашанда үлгі болып рухтандырады. Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Сонымен қатар, алда келіп қалған 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Жеңіс күні тікелей Карулы күштермен байлынысты. Олай болса, қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, құрметті, жерлестер! Осы сәтті пайдалана отырып, қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен және де Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!
Көксу ауданы мәслихатының депутаты Қ. Жунусов