
Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына күндізгі оқу факультетіне түсетін 16 жасқа толған орта және арнаулы орта білімі бар 25 жасқа дейінгі, әскери қызмет пен оқуға денсаулығы жарамды, ұлдардың бойы – 170 см, қыздардың бойы – 165 см азаматтар қабылданады.
ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының күндізгі оқыту факультетінде – «Сотқа дейінгі тергеу, жедел-криминалистикалық қызметі» мамандықтары бойынша қабылдайды, Академияда оқу мерзімі 4 жылды құрайды, білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Курсанттар толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Академиядағы әр курсы шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады. Оқу процесінде курсанттар казармада тұрады, тамақпен киіммен қамтамасыз етіліп, Республикалық бюджет есебінен оларға шәкіртақы төленеді. Оқуды аяқтағаннан соң бітірушілерге «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріліп, оқуға жіберген ІІО бөліністеріне міндетті түрде жұмысқа алынады.
Академияға үміткерлерді қабылдау ҰБТ сертификат балына сәйкес, конкурстық негізде жүргізіледі, сонымен қатар медициналық, дене дайындығы мен психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеледі.
Академияларға түсу конкурсына қатысу үшін ҰБТ – ден 50 балдан кем болмауы керек, соның ішінде профильді пәндерді қосқанда әр пән бойынша 5 балдан төмен болмауы тиіс, профильді пәндер (Тарих, Адам. Қоғам. Құқық).
Академияға оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлерді оқуға рәсімдеу олардың тұрғылықты жерлері бойынша ІІО – мен жүзеге асырылып өтініш (еркін нысанда) қабылданады.
Қосымша толық ақпараттарды Көксу ауданы полиция бөлімінің мына байланыс телефоны арқылы ала аласыздар:
тел: 8/72838/4-23-86, 8771 487 83 26..
Мекен жайымыз: Көксу ауданы Балпық би ауылы Исабаев көшесі №102 А үй.
Оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлердің жеке істеріне қажет құжаттардың ТІЗІМІ
1. Жеке іс-парағы;
2. Өмірбаян (өз қолымен және компьютермен жазылған);
3. Тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторынан анықтама;
4. Ішкі істер органдарының екі қызметкерінен кепілдеме (тұрғылықты жері бойынша);
5. Үш көршіден пікір немесе мінездеме (мінездеме берген адамның жеке куәлігінің көшірмесі);
6. Сауалнама (2-қосымша);
7. Оқу және жұмыс орнынан мінездеме (мектеп, колледж және тағы басқа);
8. Мұғалімдер кеңесі хаттамасының көшірмесі (мектептен);
9. Тұрғылықты жері бойынша анықтама (өзіне және ата-анасына, туғандарына);
10. Жеке куәлік көшірмесі (нотариалды расталған);
11. Туу туралы куәлік көшірмесі (нотариалды расталған);
12. Ата-анасы және туғандарының жеке куәліктерінің көшірмелері;
13. Әскери билет немесе әскери есепке алу куәлігінің көшірмесі (нотариалды расталған);
14. Аттестат және диплом көшірмесі (нотариалды расталған);
15. Фотосурет 10х12 – 1 дана, 3,5х4,5 – 6 дана (костюм, ақ жейде, галстукпен);
16. Скоросшиватель – 1 дана;
17. Соттылығы бар-жоқтығы туралы анықтама (ЦОН);
18. Салық комитетінен анықтама – 2 дана (егер 18 жасқа толған болса).
Көксу ауданы полиция бөлімі