АУДАН ТЫНЫСЫ

Қарттарым – асыл қазынам

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 16.07.2020
Оқылды: 227 Печать страницы
Қарттарым – асыл қазынам

Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ ол шақтың да өзінің сәні мен мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақ  көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Округімізде көптеген еліне, жеріне еңбектерін сіңірген қарт ата-әжелеріміз бар. Осы ретті өткеннен үлгі ала отырып, осындай кезеңде жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшыларының ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым-асыл қазынам» атты акциясы ұйымдастырылып және Мәмбет ауылындағы Нартбай Датқа мешітіне көмектер көрсетілді. Көмек көрсету барысында Мәмбет ауылы Нартбай батыр көшесінің тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жан Ертай Сапарғалиев және жалғыз басты ардагер ұстаз Батес Калиеваға, Баулықов көшесі №21 үйдің тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Жаңылхан Есболова апа-аталарымыздың үйлеріне барып әлеуметтік көмектер көрсетіп, отындарын даярлап, үй шаруашылығына көмектер көрсетті.
 Шара соңында ата-апаларымыз болашаққа нық сеніммен қадам басқан жастарымызды өзара келісім мен татулықта, сабақтастық пен ортақ бағытта өмір сүруге шақырып, ақ баталарын, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Алдағы уақытта округіміздің «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшылары осындай игі бастамаларды жалғастырмақ.


Азамат АЛТЫНБЕКОВ,
Лабасы ауылдық округінің «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жасақшысы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.