
Көксу ауданының аумағында 25-26 шілде күндері коронавирус инфекциясының алдын-алу, таралуын болдырмау мақсатында аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәншүк Әжиеваның 22 шілдедегі №25 Қаулысы шықты. Қаулы 24 шілде сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді.
• Аудан аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалады.
• Спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клуб орталықтары жұмыс істемейді.
• Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады.
• Отбасылық мерекелік шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру, тағы сол сияқты адам көп жиналатын өзге де шаралар) өткізуге тыйым салынады.
• Аудан аумағында маска кию тәpтiбi сақталады.
• Азық-түлік дүкендері, 200 ш/м көлемінен үлкен дүкендердің жұмысы сенбі-жексенбі күндері толықтай тоқтатылады.
• Қоғамдық тамақтану обекътілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар) жабылады. Онлайн-тапсырысты қоспағанда.
• Аудан аумағындағы елді-мекен арасындағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктер мен автобустар қызметі тоқтатылады.
Еске сала кетсек, Көксу ауданында карантиндік шектеу шаралары 5-інен 19 шілдеге, кейіннен 2 тамызға дейін ұзартылған еді. Осы аталған шектеу шараларының сақталуын құзырлы органдардың қызметкерлері қадағалайтын болады.