АУДАН ТЫНЫСЫ

Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 қыркүйек білім күнімен құттықтауы!

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 01.09.2020
Оқылды: 614 Печать страницы
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 қыркүйек білім күнімен құттықтауы! Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Биыл еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқитын болды. Әрине бұл өте күрделі шешім. Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр. Қашықтықтан оқу ұстазға да оқушыға да оңай соқпайтыны анық. Дегенмен ұл-қыздарымыз көштен қалмай, бар күш-жігерлерін салып оқиды деген сенімдемін. Қай салада болсын бірлік қажет. Жаңа оқу жылында сол бірлігімізді бекемдеп, ата-аналар мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, мынадай алмағайып, қысылтаяң, сындарлы шақта бірімізді біріміз қолдап, қамқорлық танытып, жәрдем жасап бірлік көрсететіп оқу жылын бастайық. Қадірлі оқушылар ата-аналар, ұстаздар! Жүйелі білім мен тәртіпке, саналы сана мен терең ойға толы азамат бола беріңіздер! Ұлағатты ұстаздың асыл еңбегін, аяулы ата-ананың ақ үмітін ақтай біліңіздер! Әлемді жайлаған індет тезірек ауыздықталып, эпидемиялық ахуал жақсарып, дәстүрлі оқыту форматына көшетін күн алыс емес деп ойлаймын. Отанымыздың шеті бүтін, іші бейбіт, мына сынақтан барлығымыз бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай бірігіп өтейік. шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Биыл еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқитын болды. Әрине бұл өте күрделі шешім. Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр. Қашықтықтан оқу ұстазға да оқушыға да оңай соқпайтыны анық. Дегенмен ұл-қыздарымыз көштен қалмай, бар күш-жігерлерін салып оқиды деген сенімдемін. Қай салада болсын бірлік қажет. Жаңа оқу жылында сол бірлігімізді бекемдеп, ата-аталар мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, мынадай алмағайып, қысылтаяң, сындарлы шақта бірімізді біріміз қолдап, қамқорлық танытып, жәрдем жасап бірлік көрсететіп оқу жылын бастайық. Қадірлі оқушылар ата-аналар, ұстаздар! Жүйелі білім мен тәртіпке, саналы сана мен терең ойға толы азамат бола беріңіздер! Ұлағатты ұстаздың асыл еңбегін, аяулы ата-ананың ақ үмітін ақтай біліңіздер! Әлемді жайлаған індет тезірек ауыздықталып, эпидемиялық ахуал жақсарып, дәстүрлі оқыту форматына көшетін күн алыс емес деп ойлаймын. Отанымыздың шеті бүтін, іші бейбіт, мына сынақтан барлығымыз бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай бірігіп өтейік.
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.