АУДАН ТЫНЫСЫ

Актив жиыны өтті

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 02.09.2020
Оқылды: 171 Печать страницы

Бүгін аудан әкімі Алмас Әділдің төрағалығымен Президентіміздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауын түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті.

Оған аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, депутаттар, партия өкілдері, құқық қорғау органдары мен бөлім басшылары және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Жиын барысында Жолдауда айтылғандардың бірқатары ауданымызға қатысты жұмыс барысында қолға алынатындығы айтылды.

Актив отырысында аудан басшысы Жолдау аясында туындаған жаңа тапсырмаларға жан-жақты тоқталды. Мәселен, аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ауылшаруашылығы, жолдардың қалпына келтірілуі т.б. Сонымен қатар, осыған байланысты қарамағындағы әртүрлі сала қызметкерлеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеп, тиянақты атқарылуын талап етті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.