АУДАН ТЫНЫСЫ

мерекелік медальдар табысталды

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 03.09.2020
Оқылды: 166 Печать страницы
мерекелік медальдар табысталды

Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген    8    азаматқа  Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады.
Жиын басында аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков адал еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, зор білікті, еселі еңбегімен аудан халықының әл-ауқатын жақсарту жолында кеңінен танылған аудан басшысы Алмас Қабдулұлының кеудесіне де осы мерекелік медалді табыстап, көпшіліктің атынан құттықтады.
«Осыдан 25 жыл бұрын бірауыздан дауыс беріп, қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалар мен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз», деді аудан әкімі. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен төмендегі азаматтар марапатталды.
Көксу ауданының құрметті азаматы, Еңбек ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Қалдыбек Амангелді Нұрахметұлы; Көксу ауданының мәслихат хатшысы - Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы;  Көксу таза су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ассенизатор автокөлігінің жүргізушісі - Фохт Иван Викторович;  Көксу таза су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ісмері – Пронин Иван Яковлевич;  «Таукен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы – Бияділов Нұрқадыр Бопауұлы; «Қайнар Көксу» жеке шаруа қожалығының механизаторы - Демеубаев Сейдіғалым Абдығалымұлы;   Көксу аудандық ауруханасының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары - Джексенова Злиха Каңлыбақызы; Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және АХАТ бөлімінің басшысы-Дәрібаева Гүлнар Жұмабайқызы.
 Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 03 шілдедегі Жарлығы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл  мерекелік медалімен татар этно-мәдени орталығының жетекшісі Капкова София Ершатовна марапатталды.


«KÓKSÝ - ақпарат».

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.