АУДАН ТЫНЫСЫ

ПРАЙМЕРИЗ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 08.10.2020
Оқылды: 260 Печать страницы
ПРАЙМЕРИЗ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 «Nur Otan» партиясының төрағасы - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бірінші жалпыұлттық праймериз өз мәресіне жетті. Партия мүшелері өткен аптада ішкі іріктеу сайлауына қатысып, өз дауыстарын берді. Тұжырымдап айтсақ, біріншіден, партия праймериздің арқасында өз қатарластары арасынан елдің қолдауы мен сеніміне ие болған үздіктерді іріктеді. Екіншіден, праймериз өткізу барысында партияның ауызбіршілігі артып, ортақ мақсат жолындағы мұраттас жандардың біртұтас күшіне айналды. Яғни, праймериз партияластарды бір-бірімен тығыз байланыстырып, бірлігін бекемдейтін дәнекерлік қызмет атқарды.
Осы аптаның сәрсенбісінде «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алмас Әділ Праймериз сайлауына қатысқан барша үміткерлермен  кездесіп, облыс әкімі Амандық Баталовтың Алғыс хаттарымен марапаттап, жаңа саяси додадағы алғашқы қадамдарына құтты болсын айтты.
Жиында алғаш болып сөз алған аудан басшысы праймеризге қатысқан 39 үміткердің әрқайсысы «Nur Otan» партиясы артқан міндетке жауапкершілікпен қарап, аудан тұрғындарының үміті мен арманын ақтауы тиістігін атап өтті. Алдағы уақытта өтетін сайлауда озып шығатын кандидат ауданымыздың қажеттілігі мен әлеуметтік мәселелерін қамтамасыз етуге күш салуы керектігін жеткізді. Өз сөзінде аудан басшысы «Біз елімізде өткен праймеризде оның шет елдерде қалыптасқан классикалық үлгісіне тән белгілердің барлығы да көрініс тапқанына куә болдық. Қатысушылар арасында пікірсайыс та, тартыс та, тіпті кейде бір-бірін айыптау да ұшырасты. Бірақ бәрі де бекітілген ережеге сай, әдептен аспай өтті. Бұл жерде жеңген мен жеңілген деген жоқ. Бәрі де ұтты. Праймериз ең алдымен еліміз үшін игі іс болды», - деді.
Осы ретте праймеризге қатысып, Алғыс хатпен марапатталған үміткерлер тізіміне шолу жасайық.
«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы Төрағасы Амандық Ғаббасұлының Алғыс хатымен аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Кеңдала» шаруа Қалибек Демегенұлы, Көксу аудандық орталық емханаcының директоры Марат Сәбетайұлы, «Нурдымакун» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Қизат Нұрдымақынұлы, «Сейтнұр» шаруа қожалығының жетекшісі Маслимхан Абдыкаримов, «Жалайыр» шаруа қожалығының жетекшісі Мақсат Абдрахманов, Жылқайдар Егінбаев атындағы орта мектеп директоры Гүлжанат Асылбекова, «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры Дәурен Байбеков, Көксу аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нұрлан Байғабұлов, «Қараш» шаруа қожалығының жетекшісі Ғалым Байжұманов,  «Әсел» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Баймендинов, «Строитель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Николай Бузыкин, Талапты орта мектебінің мұғалімі Ляззат Баисова, «Гусенов» шаруа қожалығының жетекшісі Шахгусен Аббасұлы, Темірғали Исабаев атындағы орта мектебі директорының тәрбиі ісі жөніндегі орынбасары Алик Гусенов, Көксу аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, Қуаныш Серікқазыұлы, «Көксу-жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры Қуат Жүнісов, «Елдос» шаруа қожалығының жетекшісі Елдос Жанатұлы, Мұқаншы орта мектебінің мұғалімі Сәлима Хасанқызы, Биғайша Құндақбаева атындағы орта мектеп директорының орынбасары Инна Терентьевна, №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майра Қазтайқызы, «Еңбекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Қанат Тоқсанбайұлы, зейнеткер Маман Қаманұлы, «Ануар» шаруа қожалығының жетекшісі Орынхан Құсайынұлы, «Нұр-Бер» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Нұрәділұлы, Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары Бағлан Нұрлыбеков, Ақын Қабан Жырау атындағы орта мектебінің директорының орынбасары Қуандык Асқарбекұлы, Көксу политехникалық колледжінің мұғалімі Ақжан Ахылбекұлы, облыстық Казпочта торабының бұрынғы бөлім басшысы Шыңғыс Абайұлы, Ақын Қабан Жырау атындағы орта мектеп директоры Бақтыхан Жұмаханқызы, Жылқайдар Егінбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Арманбек Хасенұлы, Жеңіс орта мектебінің директоры Света Өтепқызы, «облыстық Казпочта» Акционерлік қоғамы директорының орынбасары Манат Төлегенұлы, «Уыз Май Индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ербол Нұрбекұлы, Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рауан Сембайұлы, Көксу политехникалық колледжінің мұғалімі Бахытбай Хасенұлы, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының директоры Секенбай Сейтжанұлы, Алғабас орта мектебінің мұғалімі Ермек Асымұлы, Қызылтоған орта мектебінің мұғалімі Зейнолла Шагатаев.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.