
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Осы ретте 23 қазан күні аудандық жастар саясатының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбиновтың ұйымдастыруымен аудандық әкімшіліктің ғимаратында "Жастар ел келешегі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Атаулы тақырып төңірегінде жиынға қатысқан жас буын өздерінің ойын ортаға салып, ашық аңгіме жүргізді.