
Аптаның бесінші күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді.
Ел дәулетін еселеген ауылшаруашылық саласының үздіктерін ең алдымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, бірқатар жандарды марапаттады. Сондай-ақ, облыс басшысы Жетісу өңірі бойынша ауылшаруашылығында қол жеткізген жетістіктерді тізбектеді. Мәселен, мемлекеттік қолдаулардың арқасында сала көрсеткішінің жоғарылап, халық жағдайының жақсарғаны, өндіріске алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіліп, егістіктерде тамшылатып суарудың кеңінен қолданыла бастағаны, сондай-ақ, егін шаруашылығы бойынша басым дақылдарға арналған алқап көлемінің ұлғайып, бақты интенсивті жолмен өсірудің жанданып келетіндігі айтылды.
Ауданның қамбасын астыққа, қорасын мал-жанға толтырып жүрген еңбек шаруаларын аудан әкімі өз атынан құттықтап, тиісінше марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен Өксікбаев Қажымұқан Тәкішұлы наградталды. Және де ,бірқатар азаматтар Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.