
Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні.
1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы - Дакар қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі. Веб-бағдарламашылар күні.
Испаниядағы баскілердің ұлттық мейрамы. Баскілер - Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері - васкон, вардул, каристи тайпалары.
Мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні.
2006 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі.
Қытайда Цинмян мерекесі.
Сәуірдің 4-і мен 6-сы аралығындағы бір күні аталып өтіледі. Ертеректе осы күні олар өздерінің ата-бабаларын еске түсірген. «Цинмян» мерекесін сонымен қатар «Тациндзе» деп те атайды. Ол алғашқы көк шыққан кезде қыдыру күні деген мағына береді.