АУДАН ТЫНЫСЫ

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 19.03.2021
Оқылды: 1450 Печать страницы
ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жастар- кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Ел ертеңі – білімді жастар. Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар.  
Осы қағидаларды аға ұрпақ үнемі еске салып, жастарға күш-жігер беріп, оларға сенім артып, демеп отырады. Ол, әрине, солай болады да. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Алайда, әр ұрпақтың тағдырына жазылған заман ағымы, кезең тынысы әртүрлі болады. Біздің бүгінгі ұрпаққа баға жетпес бақыт бұйырып тұр десе болады.
Еліміздің тыныс-тіршілігі үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар қашанда, қай ғасырда, қай заманда болса да өз Отанын өркендетіп, дамыту жолында аянбай тер төгеді. Біздің елдегі жастардың да бүгінгі таңдағы басты міндеттері – туған еліміз, жеріміз үшін аянбай тер төгіп, еңбектенулері маңызды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында «Елбасы Медалі» жобасы әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан да жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Алматы облысы білім басқармасының «Жетісу дарын орталығы» «Елбасы академиясы» корпаративтік қорының қолдауымен «Елбасы медалі» жобасы бойынша жұмыс атқарылды. Алматы облысы бойынша  2020 жылғы «Елбасы медалі» жобасының көрсеткіштері үздік қатарда анықталып, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі «Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен награттау қағидаларын бекіту туралы» №249 қаулысына сәйкес 384 жеңімпаз «Елбасы Медалі» иегері атанды. Бүгінгі таңда Алматы облысы, Көксу ауданы бойынша 19 қатысушы қола медаль иегері  атанып отыр. Аудандағы білім ордаларынан көшті бастап тұрған Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп- гимназиясынан Айдар Ақтоты, Бугубаева Аружан, Калиясова Нұрай, Женисова Нұрай, Тастыбай Аяулым, Сасан Диана, Халелова Үміт Шалканова Томирис, Қызыларық  орта мектебінен Арчин Дидар, Әнуар Бақбол,  Еңбекшіқазақ орта мектебінен Бақыт Бағжан, Бақыт Перизат, Бесқайнар орта мектебінен Болатбекқызы Әсел, Исентай Әмина, Талапты орта мектебінен Өндіріс Гүлдана, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінен Рүстемқызы Фатима, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінен Еліс Балдана атты оқушылар «Елбасы қола медалімен» марапатталды. Елбасы медалін жеңімпаздарға аудан әкімі Алмас Әділ аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ жерлестеріміз И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік колледжінің студенті Мақсұт Аружан мен Талдықорған қаласындағы  «Авиценна» медициналық колледжінің студенті Омарбек Көркем де Елбасының қола медалімен марапатталды.
Еліміздің болашағы білімді жастар. Ал жастарға берілетін білім мен тәрбие ертеңіміздің жарқын кепілі болары анық.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.