
Ауданымызға қарасты Ақтекше Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, қазақ халық поэзиясының ұлы тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу бағдарламасы аясында, Жамбылдың жыр-термелерінен онлайн байқау өтті. Байқауға жалпы 7 өнерпаз қатысып, қазылар алқасының саралауынан өткен төрт жыршы үздік деп танылып, бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, Ақтекше мәдениет үйінің жыршысы Дінислам Дастан Бас жүлдеге, Бесқайнар ауылдық клубының жыршысы Бейбіт Марат 1-орынға, аудандық мәдениет үйінің жыршысы Аягөз Қыдырбайқызы 2-орынға, Алғабас ауылдық мәдениет үйінің жыршысы Нұрқабыл Құрманғазы 3-орынға ие болды.
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Өз кезінде, ол той - думанның көркі болды. Асауды ауыздықтап, тұлпарларды тақымдап, жылқышылардың жанында жүргенді жаны қалады. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірелер мен қиса - дастандарды жатқа оқып, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін жадына сіңіріп өскен алғыр бала болды.
Жамбыл бала жасынан домбыра ойнауды да үйренді. Тіпті, кейін оны ақын-құрдастарының арасында ерекшелене бастады. Сондықтан да Жамбылды атақты ақын Сүйінбай өзіне шәкірт етті. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын аңдап, ақындық шеберліктің қыр-сырын жүрегіне ұялатты. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын!»,- деп ақ батасын берген.
Жамбыл ауыл-ауылдарды аралап, ақындық шеберлігін көрсете бастаған уақытта жиырма жаста болған. Осылай ақындығын жер-жерге көрсетіп жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың бірінде Бұрым сұлумен танысады. Сөйтіп жас ақын мен бұрымды қыз бір-бірін сүйіп қалады. Бірақ, бойжеткен салт-дәстүр бойынша басқа жігітке айттырылып қойған. Ал салт-дәстүрден аттап кете алмаған Бұрым ата-анасы таңдаған жігітке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Бұл оқиға ақынның жүрегінде терең жарақат болып қалды.
1875 жылы Шапырашты руының ең ықпалды адамының бірі Сарыбайдың жылына орай берілген асқа көп халық жиналады. Ол жерге белгілі ақын Майкөт те келді. Сарыбай Сүйінбай ақынның жақын туысы болған және қазақтың әдет-ғұрпына сәйкес, Жамбыл Сарыбайдың кіші інісі Саржанмен бірге жиналған халықты өздері қарсы алды. Ақын ретінде ол қонақтарды өлеңмен қарсы алуы керек болды. Жамбыл Сарыбайдың жауға қарсы күрестегі батырлық әрекеті жайлы, Қоқан басқыншыларымен шайқаста ерлік көрсеткен Шапырашты руының айтулы батырлары туралы жырлады. Бұл ақынның көпшілік алдында алғаш рет өнер көрсетуі еді. Тыңдаушылар оны атақты Сүйінбайдың талантынан кем емес ақын деп атады. Ал танымал дала ақындары Жамбылды өздерімен теңдей, поэтикалық шеберліктегі дос пен серіктес ретінде көрді.
Жамбылдың шығармашылық өміріне терең із қалдырған өміріндегі маңызды оқиға – Шөже және Шашубай ақынмен кездесуі. Жамбыл олармен ұзақ уақыт бойы айырылыспады. Ол Шашубайдан көптеген Сары-Арқа ақындарының әндерін, XV ғасырдың ақыны және философы Асан Қайғы туралы көптеген аңыздарды естіп, білді. Дәл Асан Қайғы туралы айтылған аңыздар кейінірек Жамбылға «Өтеген батыр» поэмасын шығаруға шабыт берді. Ол оны «Хикая» деп атады. Бұл туынды алғаш рет 1937 жылы жазылған және қазір оның шығармаларының барлық басылымдарына қосылған. Бұл поэмада, жер әлемді айналып, жер іздеп өз халқының бақытты үлесін іздейтін Өтеген батырдың жорықтары сипатталған. Оның өлеңдерінен кеңестік биліктің басында отырған барлық билік өкілдерін кездестіруге болады. Жамбыл оларды эпикалық кейіпкерлер, аңызға айналған батырлар сияқты ерекшелеп, «Калинин ақсақалға», «Ежов батыр туралы ән», «Клим Батыр», «Біздің Киров» секілді тағы да басқа өлеңдер шығарды.
Жамбыл Жабаевтің шығармашылығында «Сұраншы батыр» поэмасы үлкен орын алады. Поэманың негізгі идеясы – Қоқан хандығының құлдығына және тонаушылығына қарсы күрес, Сұраншы батырдың орыстармен достығы. Жамбыл бұл туындысында 19-шы ғасырдың 50-60 жылдарындағы қазақ халқының Қоқан шапқыншылығына қарсы күресін бейнелі және жалпылама түрде көрсетті. Негізінен ақын Қоқан шапқыншылығының бір эпизодына тоқтайды. Және бұл поэмада тарихи деректерге толық сәйкес келетін оқиғалар баяндалады.
Жамбыл шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары шетелде де танымал болды. Оның еңбектері Қытайда, Чехословакияда, Англияда және басқа елдерде жарық көрді. Осылайша, қазақ жырауы әлемдегі барлық ұлттың сүйікті ақыны болды. Оның өлеңдері КСРО-дағы шынайы өмірді дәріптеді және билік тарапынан кеңінен таратылды. Тоқсан жастағы Жамбылдың бейнесі жаңа құрылысты және оның халқын қуана қарсы алған, шығыстың ақсақалы ретінде бейнеленді. Ол Қазақстанның ең беделді ақынына айналды, ал оның әндері қазақ ауылының жаңа өмірінің бір бөлігі болды. Жамбыл 1938 жылдан бастап Қазақ КСР Қарулы Күштерінің депутаты болды. Өлең-жырларымен көптеген елге танылып, артына баға жетпес асыл мұра қалдырып кеткен жыл алыбы Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда, 100 жасқа толуына бірнеше ай ғана қалғанда дүниеден озды.
Биыл елімізде Жамбыл Жабаевтың 175 Жылдық мерейтойын мерекелеу бағдарламасы жолға қойылып, қазіргі пандемия жағдайында іс-шаралар онлайн форматта атқарылып жатқандықтан, бізде ақын тойына өз үлесімізді ізбасар ұрпақ, жыршы-термешілердің ақын жырларын асқақтата шырқауымен құттықтап, Жамбылдай кіл жүйріктерге сәттілік тіледік!
Ақын тойы құтты болсын, қазақ елі!
Өмірбек Қазыбеккұлы,
Ақтекше ауылдық
мәдениет үйінің директоры,
дәстүрлі әнші.