
Білім берудің жаңа форматы туралы мақаламды Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен бастасам: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт». Қазіргі таңда әр мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдаланса, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе жетістікке жететіні сөзсіз. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Бұл оның ұшқыр және ойлы, білікті болуын қажет етеді. Алдымызда отырған балаға саналы да, сапалы білім беруде жаңартылған білім мазмұны аясында әрқайсымыз талмай ізденіс үстінде жүргеніміз аян. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру, критериалды бағалау жүйесі аясында оқушылардың білім сапасын көтеру, сабақ беру ерекшеліктері, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестік құру, көптеген мәселелер бойынша басқа мектептермен тәжірибе алмасудың пайдасы зор. Жаңа форматтағы білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығының бір ерекшелігі – оның сабақты мейлінше түрлендіріп,оқушының жүрегіне жол таба білуі.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды маңызды деп есептеген жөн. Себебі, балалардың әдіс- тәсілдер негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде өздерін анықтауы, жетілдіруі, даралығы дамиды. Өзімнің тәжірибеме тоқталсам осы тәсіл арқылы оқушылардың бір- бірімен тығыз байланыста болуы, бірге әрекет етуі, қарым- қатынас құруы байқалады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен бағалау критерийлерін алдын ала белгілеу керек.Осыған орай әрбір оқушының жеке ерекшелігіне қарай материялдар таңдалып, соған байланысты тапсырмалар ұсынылады. Жаңа форматтағы білім жүйесіне көшкелі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда заманауи әдіс- тәсілдерді жан-жақты қолдануда. Мысалы, сабағымда қолданып жүрген ең тиімді әдіс-тәсілдерге тоқталсам. «Ыстық орындық» әдісі өз аты айтып отырғандай отырған оқушы қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. «Серпілген сауал» әдісі арқылы талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізуге болады. Сабағымда қолданып жүрген ең тиімді тәсілдердің бірі «Авторға хат» әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытамыз. Сабақ соңында оқушылармен кері байланысты үзбеу үшін «Алма ағашы» әдісін қолдануға болады. Осындай кері байланыстардың бірі «Табыс сатысы» әдісі. Сатының үш баспалдағына өзінің білгенін, түсінгенін және жасай алатынын жазады.
Сабақ барысында әдістемлік тәсілдер байланысының ара жігін үзбей, сабақ мазмұнымен сабақтастыра отыру әрбір мұғалімнің шығармашылық шеберлігі деп білемін. Қазіргі заманда жаңашыл мұалім жетістікке жету үшін, жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін жетілдіріп, технологияларды қолдануы керек. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз. Мұғалім өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
К.К.Исагулова
«МЖШО бар Бесқайнар орта мектебі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі