АУДАН ТЫНЫСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 12.04.2019
Оқылды: 656 Печать страницы
 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

Көктемнің  керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған-ды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагаринның болғаны әрбір жанның жадына мықтап бекігені рас. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болып, сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылған еді.
Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды. 1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. «Байқоңыр» ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады.
Ал, қазақ даласында орналасқан осы ғарыш айлағынан қазақ азаматын ұшыру туралы сөз болған жоқ. Себебі, КСРО-ның құрамындағы мемлекеттер үшін ұлтқа немесе мемлекетке бөлінушілік болған емес. Дегенмен, адамзат ғарыш кеңістігін бағындырған 1961 жылдан 30 жылдан кейін 1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді.
Қазақ даласында бой көтерген дүниежүзіндегі ең көлемді ғарыш айлағы – Байқоңырдан бүгінге дейін қазақтың үш азаматы ғарыш кеңістігіне сәтті сапар жасап қайтты. Бұл - біздің елдің, біздің халықтың, біздің ұлттың жетістігі.
Осындайда тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Оңғарбайұлының: «Бізге сан емес, сапа керек» дейтіні еріксіз еске түседі. Иә, бізге ғарышкерлердің саны емес, сапасы маңызды!
Бүгінгі мереке құтты болсын!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.