АУДАН ТЫНЫСЫ

Алматылық жастар алмадан чипсы жасамақ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 22.04.2019
Оқылды: 356 Печать страницы
Алматылық жастар алмадан чипсы жасамақ

Алматы облысының жастары алмадан чипсы жасамақ.

Қазір олар осы бағытта Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті ғалымдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Жас ғалымдар өндірістік мақсаттағы жобасын «Стартап болашақ» Менің арманым» атты байқауға ұсынуды жоспарлап отыр. Жетісулықтар өткен жылы инновациялық идеялар сайысына 250-ден астам бизнес жоспар ұсынған болатын. Соның төртеуі финалдық кезеңге өтсе, екеуі инвесторлар тарапынан қаржылай қолдау тапты. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын байқау осымен төртінші рет өткізіледі. Белсенді жастар оған шикізаттан дайын өнім жасау технологиясын апарады. Әлишер Серікболұлы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ оқытушысы: – Шетел өндірісіндегі чипсыларды жейміз. Ол зиян. Ал біздің Алматы облысындағы алмадан чипсы жасайтын болсақ, пайдалы болады. Сол үшін осы байқауға ұсынайын деп отырмыз.
 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.