АУДАН ТЫНЫСЫ

ЕЛІМІЗ ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІМ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 23.04.2019
Оқылды: 372 Печать страницы
ЕЛІМІЗ ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІМ

2019 жыл 9-шы маусым – еліміздің тағдырын шешетін күн. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президенті анықталмақ. Бұл біздер саяси маңызы зор оқиға болмақ.

Ал, бүгін, 23 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы атынан президенттік сайлауға түсетін үміткердің есімі белгілі болды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты лайықты деп санап, шешім қабылдады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы – 20 наурыздан бастап Қазақстан перзиденті лауазымын иеленген болатын. Осы уақыт аралығында бірқатар келелі мәселелердің шешімін тауып, өзінің ел басқарар басшы бола алатындығын дәлелдеді. Президент ретіндегі алғашқы бұйрығы – Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертуі болды. Ресми сапарымен Ресейге барып, Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді. Атап айтсақ, «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құруға қатысты құжаттарға қол қойды. Оған қоса, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен де кездесті. Еліміздің бірқатар қалаларына да барып, халықпен кездесті.

Менің ойымша, халқын ойлайтын басшы билікті қоғаммен байланыстыруы керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы жанашыр тұлға ретінде ел президенті болуға әбден лайық деп ойлаймын.

Диляра Юсупова

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.